Главная страница
Навигация по странице:

  • Сыныбы:4 Аты-жөні:___________________________________ «Қазақ тілі» пәнінен 2-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары

  • 1) Дәрігерлерге неліктен қателесуге болмайды

  • 2) Мәтін бойынша сөйлемдерді толықтыр.

  • 3) Мәтіннің мазмұнына сәйкес сөйлемді анықта.

  • 1) Сұлтан кедейге неліктен таңғалды

  • Жазылым 4- тапсырма Көп нүктенің орнына тиісті қосымшаларды қойып , көшіріп жаз .

  • ТЖБ. 4сынып ТЖБ-2тоқсан. Сыныбы 4 Атыжні аза тілі


    Скачать 395.31 Kb.
    НазваниеСыныбы 4 Атыжні аза тілі
    Дата26.12.2022
    Размер395.31 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла4сынып ТЖБ-2тоқсан.docx
    ТипДокументы
    #864378







    Сыныбы:4 Аты-жөні:___________________________________

    «Қазақ тілі» пәнінен 2-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары
    Тыңдалым 1-тапсырма Мәтінді тыңда. Тапсырмаларды орында.

    Әлемде мамандықтың түрі көп. Менің достарым ғарышкер, ұшқыш немесе биші

    болуды армандайды. Ал менің арманым – дәрігер болу. Дәрігер мамандығы – қиын, жауапкершілігі мол мамандық. Дәрігерлер мейірімді болуы керек, өйткені ол науқас адамдарды емдейді. Сонымен қатар дәрігерлер өте шыдамды болады. Олар күндіз де, түнде де көмекке келеді. Дәрігерлерге қателесуге болмайды, өйткені оның жұмысы адамның өмірімен байланысты.

    Дәрігер болу үшін көп оқу керек. Сондықтан нағыз дәрігер болу үшін мен қазірден бастап өз оқуыма көңіл бөлемін.
    1) Дәрігерлерге неліктен қателесуге болмайды?

    А) өйткені оның жұмысы адам өмірімен байланысты

    В) өйткені оның жұмысы көп уақытты қажет етеді

    С) өйткені оның жұмысы дәрілермен байланысты

    D) өйткені оның жұмысы көп оқуды қажет етеді [1]
    2) Мәтін бойынша сөйлемдерді толықтыр.

    • Дәрігерлер адамдарға кез келген жағдайда көмектеседі, сондықтан олар

    ______________________________________________________ болуы керек. [1]

    • Дәрігерлер науқас адамдарды емдейді, сондықтан олар

    ______________________________________________________ болуы керек.[1]
    3) Мәтіннің мазмұнына сәйкес сөйлемді анықта.
    А) Оның достары әнші, өрт сөндіруші болды армандайды.

    В) Оның ойынша, дәрігерлердің қатесін түзетуге болады.

    С) Оның ойынша, дәрігер болу үшін жақсы оқу керек.

    D) Оның алға қойған мақсаты – ғарышкер болу. [ 1]



    2-тапсырма Айтылым

    Берілген жоспар мен тірек сөздерді пайдаланып, «Мамандықтың бәрі жақсы»

    немесе «Менің сүйікті мамандығым» деген тақырыптардың біреуі бойынша сөйле.
    Тірек сөздер: мамандық түрі, болашақта, таңдау жасау, әр адамның қалауы, мамандықты сүю, пайдалы, қажетті.

    Жоспар: [4]

    1) Мамандықтың түрі көп

    2) Менің қиялымдағы мамандық

    3) Мамандығыммен мақтанамын



    Оқылым 3-тапсырма

    Ертеде елдің сұлтаны ел аралап келе жатып, жер өңдеп жүрген егіншіні кездестіреді. Тырбанып еңбектеніп жатқан қарапайым адам патшаның көңілінен шығып, онымен сөйлесуге ықыласы ауады. Бірнеше сауалдан кейін патша бұл егістіктің бұл адамдыкі емес екенін, оның 15 динар үшін жалданып еңбек ететінін түсінеді. Сұлтан егіншінің жалақысының аздығына қайран қалады. Мұны байқаған шаруа:

    -Қанағатшыл адамға бұл ақша көп те болады. Мен ақшамды үшке бөлемін. Бір бөлігімен өмір сүрем, бір бөлігіне қарызымды өтеймін, бір бөлігін біріктіріп қор жинаймын, - дейді.

    Сұлтан бұл жұмбаққа ұқсаған сөздерден ешнәрсе түсінбейді. Сонда шаруа:

    -Қарызым дегенім, ата-анама беремін. Қор жинаймын дегенім, бала-шағама саламын, оларды оқытамын. Қалғанын өмір сүруге жұмсаймын, - деді.

    1) Сұлтан кедейге неліктен таңғалды?

    А) жұмбақтап айтқан жауабына

    В) жалданып еңбек ететіндігіне

    С) еңбек ақысының тым аздығына [1]

    2) Мәтіннің негізгі ойына сәйкес болатын мәтелді анықта.

    A) Не ексең соны орасың.

    B) Қанағат қарын тойғызар.

    C) Еңбегі көптің өнбегі көп. [1]
    3) Мәтінге ат қой. __________________________________________________________[1]
    4) 1-абзацтағы «динар» деген сөз қандай мағынаны білдіреді? _____________________[1]
    5) Егінші ақшасының бір бөлігін ата- анасына беретінін қалай жұмбақтап айтты?
    ______________________________________________________________________[1]

    Балл қою кестесі


    Сөйлеу әрекеті

    жауап

    балл

    Қосымша ақпарат




    С

    1







    В

    1




    Оқылым

    Оқушылардың жауабы қабылданады

    1




    теңге

    1




    қарызымды өтеймін

    1




    Барлығы

    5




    Жазылым 4-тапсырма Көп нүктенің орнына тиісті қосымшаларды қойып, көшіріп жаз.

    Отырар – көне қала. Ол бұрын Фараб қала... деп аталған. Қазір қала... орны ғана бар. Қаланы архелог... зерттеп жатыр. Одан көптеген металл бұйым... мен әшекей зат... табылды



    написать администратору сайта