Главная страница
Навигация по странице:

  • Қарағанды – 2022 ж Мазмұны: 1.

  • Зерттеу жұмысының тақырыбы

  • Жобаның өзектілігі

  • Ғылыми жобаның мазмұны: I. Кіріспе. а). Бас киімнің шығу тарихы туралы алғы сөз.II. Негізгі бөлім.

  • III. Қорытынды. а). Өз қолыңмен жасаған бұйымның ерекшелігі.Зерттеу әдістемесі

  • Зерттеу жаңалығы: Сыныптас достарыммен, замандас құрбыларыммен бас киім жасау тәсілдерімен, ерекшелігімен бөліспекпін.Жұмыстың нәтижесі мен қорытындысы

  • II. Негізгі бөлім. а).

  • Бөрік Қарқара

  • Керекті құрал – жабдықтар: • фетр • тігін машинасы • ине-жіп •қайшы • лента •ою • әшекей тастар Экологиялық негізі.

  • Пайдаланған әдебиеттер тізімі

  • жоба диадема Кашкимбаева Д. Сыныбы 5 а Жоба жетекшісі


    Скачать 0.69 Mb.
    НазваниеСыныбы 5 а Жоба жетекшісі
    Дата20.04.2022
    Размер0.69 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлажоба диадема Кашкимбаева Д.docx
    ТипДокументы
    #486064

    «№22 мектеп-интернаты» КММ

    Жобаның тақырыбы:

    «Оюлы диадема (бас киім) жасау»

    Бағыты: сәндік-қолданбалы

    Орындаушы: Кашкимбаева Диляра

    Сыныбы: 5 «а»

    Жоба жетекшісі:

    Магазова Гульжанат Нурмуханбетовна

    Көркем еңбек пәні мұғалімі


    Қарағанды – 2022 ж

    Мазмұны:

    1. Бет парағы.

    2. Аннотация 1-бет

    3. Жоба мазмұны. 2- бет

    4. Кіріспе. 3-бет

    5. Негізгі бөлім. 3-4 бет

    а). Баскиімнің шығу тарихы, түрлері. 3-5 бет

    ә). Баскиімнің адам өміріндегі алар орны, ырым-тиымдар. 5-бет

    б). Жұмыстың жасалуы (технологиясы). 5-6 бет

    6. Қорытынды. 6-бет

    7. Әдебиеттер тізімі. 7-бет

    Аннотация

    Қазақ халқының қол өнері көне заман тарихымен бірге дамып, бірге қайнасып келе жатқан бай қазына. Қазақ халқының қол өнерінің бір саласы - киім тігу,соның ішінде бас киім тігу. Ерте заманнан күні бүгінге дейін өзінің қадір-қасиетін жоймай, қол өнерінің озық үлгісі ретінді ғана емес, әрі әсем, әрі ыңғайлылығымен де пайдаланудан қалмай келе жатқан қазақтың ұлттық бас киімдері әлі де аз емес.

    Бұл жоба барысында сәндік қолданбалы өнердің түрімен танысу арқылы білімге деген қызығушылығым артып, ізденімпаздық қасиетім оянды. Дайын, аяқталған бұйымның талапқа сай әдемі болуына күш салып, менің жасаған жұмысым басқаларға да ұнаса екен деп тырыстым.

    «Егер мал таппақ болсаң қолөнерді үйренбек керек, мал жұтайды, өнер жұтамайды» дейді Абай атамыз.

    Зерттеу жұмысының тақырыбы: «Оюлы диадема (бас киім) жасау»

    Зерттеу мақсаты:

    Фетрмен жұмыс жасай отырып, көркем өнерге, әсемдікке, шығармашылыққа құлшынысын ояту, сәндік -қолданбалы өнердің мәні – өз қолымен жасалған бұйым екендігін ұғындыру, әдемілікке, ұқыптылыққа, сабырлылыққа дағдылану.

    Зерттеу болжамы: 

    Жасаған бұйымыма сыныптастарымның қызығушылығын тудыру арқылы жаңа бұйым немесе зат жасауға құлшынысын арттыру, өзің жасаған нәрсенің пайдалылығын, ерекшелілігін ұғыну.

    Жобаның өзектілігі

    Тарих қойнауына сіңіп жоғалып бара жатқан бас киім үлгілерін қайта жаңғырту арқылы оларды сақтап қалуға ат салысу өзекті мәселе болып табылады.

    1

    Ғылыми жобаның мазмұны:

    I. Кіріспе.

    а). Бас киімнің шығу тарихы туралы алғы сөз.

    II. Негізгі бөлім.

    а). Бас киімнің шығу тарихы, түрлері.

    ә). Бас киімнің адам өміріндегі алар орны, ырым-тиымдар.

    б). Жұмыстың жасалуы (технологиясы).

    III. Қорытынды.

    а). Өз қолыңмен жасаған бұйымның ерекшелігі.

    Зерттеу әдістемесі:

    Бас киімнің шығу тарихы, түрлері туралы баспасөз беттеріндегі ақпараттармен танысу, энциклопедия, интернет материалдарымен танысу, зерттеу, ізденіс, мұғалімнің көмегіне жүгіндім.

    Зерттеу жаңалығы:

    Сыныптас достарыммен, замандас құрбыларыммен бас киім жасау тәсілдерімен, ерекшелігімен бөліспекпін.
    Жұмыстың нәтижесі мен қорытындысы: 

    Жұмыс барысында оюлы диадеманы жасауды үйрене отырып, ұқыпты болуға (қию кезінде, жапсырмалап тігуде, машинамен жұмыс кезінде), ең басты қасиет -төзімділік пен сабырлылыққа дағдыландым.

    2

    I. Кіріспе.

    Қазақтың ұлттық киім үлгілерінің ішінен өте жоғарысы — бас киім. Қазақ ғұрпында бас киім көріктілік пен сәнділікті, баршылықты білдіретін қасиетті киім саналған.Қазақ әйелдерінің бас киімдері өзіндік ерекшеліктерімен өзгешеленеді және жасалуының өзіндік ғұрыптық, салттық негізі бар. Сондықтан да мен бас киімнің халық өміріндегі орны туралы зерттеп білуді ұйғардым.

    II. Негізгі бөлім.

    а). Бас киімнің шығу тарихы, түрлері.

    Қазақ әйелдерінің бас киімдері олардың жасы мен отбасыдағы жағдайына байланысты ерекшеленеді. Жаздыгүні қыздар түрлі-түсті жібек, барқыт, мақпалдан тігілген, төбесі жайпақ дөңгелек тақыя (тебетей) кисе, қыс маусымында ауқаттылар камшат бөрік киген. Бойжеткендер мен қыздар зере, тақия, төбетай, қарқара бөріктерінің төбесіне үкі таққан, себебі қазақ наным-сенімінде үкі құсы киелі саналады. Қыздардың тақиясы қызыл, күлгін, жасыл, т.б. бір түсті шұға, барқыт, мауыты сияқты кездемелерден, өңді маталардан қабатталып сырылып тігіледі. Ал әйелдердің бас киімдері: бергек, бөрік, жаулық, желек, жырға, кимешек, күндік, орамал, қарқара, сәукеле, тақия, шәлі (жібек, шілтер, оюлы түрі бар) қасаба, бүркеніш, шылауыш және т.б.

    Тақия

    Бұрынғы кезде тақияны қымбат матадан тіккен. Себебі — ерлер тақиясынан ерекшеленудің әдісінің бірі болған. Қыздардың тақиясы міндетті түрде үстіндегі қамзолға, бешпентке сәйкес келуге тиісті. Етегі, жоғары бөлігі алтын немесе күміс паршамен оюланып, сәнді жіптермен тақияға зер төгіледі. Қазақтың «үкідей үлбіреген», «тотыдай таранған» деп қыздарды әспеттеуі содан шыққан.

    Қыздар кепеші

    3



    Қабырғасы биік, төбесі дөңгелек, ою-өрнектермен, моншақ, асыл тастармен безендірілген сәнді бас киім.

    Сораба

    Бұл бас киімнің ерекшелігі — тақия тәріздес, артында салпыншағы бар. Қыздар тіл-көзден аман болсын деп оларға ырымдап кигізеді.

    Бөрік



    Қарқара

    4

    Биік төбелі, милығына айнала құндыз тұтады. Оған құтанға, тырнаға ұқсас сұңғақ, сымбатты құс – қарқараның қауырсыны қадалады. Бұл қыз баланы пәле-жаладан сақтап жүрсін деген ырым бойынша жасалады.

    ә). Бас киімнің адам өміріндегі алар орны, ырым-тиымдар.

     Тымақ – қасиетті бас киім. Оны айырбастауға болмайды, аяқ тигізбейді.  Жақсы кісілердің тымағы атадан балаға  мұра есебінде  қалып отырған.

    Бас киім үйдің құты мен берекесі,  басқа қонған бақтың тұрағы деп есептеледі. Сондықтан да бас киімге қатысты ырым-тыйымдар кешені сол құт пен берекені сақтауға , баянды етуге бағытталады. Айталық, олардың қатарына бас киімді тарту етпеу, ауыстырып кимеу, қабаттамау сияқтыларды атауға болады.

    Бас киімді кез келген жерге тастай салуға болмайды, биікке іліп қою керек. Әсіресе астыға басып отыруға болмайды. «Себебі бастан бақ таяды, бас ауруына тап болады. Бас айналып, тіл байланып, иман қашады» деген наным бар. Адамның басынан қадірлі, ақылынан қасиетті ештеңе жоқ. Сонымен бірге бас киімді тебуге, лақтыруға, теріс киюге болмайды. Жақсылықтың барлығы адамның мандайына жазылады, сондықтан бас киімнің орны ерекше. Ер адам әйел адамның киімін кимейді, жаулығын салмайды. Себебі еректігі сөнеді, рухы жасиды.
    б). Жұмыстың жасалуы (технологиясы).

    Конфуцийдің «Естігенімді – ұмытамын, көргенімді- есте сақтаймын, өзім істегенімді -меңгеремін дегені» – бұл менің негізгі ұстанымым.

    Кез келген жұмысқа кіріспес бұрын алдымен үлгі жасап қарау керек, ол түстердің дұрыс таңдалғанына, бояуының қанық орналасқанына т.б. ерекше мән береді. Сондай-ақ сурет бойынша жүріп, оюдың өз орнымен орналасу тәртібін ескеру керек Алдын ала диадеманың шаблоны дайындалды, шаблон арқылы фетр матасына оюды бастырып, дайын үлгіні фетрға түсіріп, қиып аламын, оюды жіне лентаны көктеп, машинада жалғастырамын, ең соңында тастармен әшекейлеймін.

    Жобаны дайындаудың технологиялық картасын құрастырдым, құрал –жабдықтар (фетр,ою, тігін машинасы, ине-жіп, қайшы, лента, әшекей тастар)
    5

    материалдар іріктеліп алынды.

    Қауіпсіздік ережесін жұмыс барысында сақтап отырамын.

     Керекті құрал – жабдықтар:

    • фетр • тігін машинасы • ине-жіп •қайшы • лента •ою • әшекей тастар

    Экологиялық негізі.

    Менің жұмысым көп мөлшердегі ресурстарды, энергия шығынын, күрделі құрал-саймандар, қымбат материалдар, құрылғыларды қажет етпейді. Мысалы: фетр және ою, лента керек. Бұл жұмысты бітіргенде қоршаған ортаға, айналаға ешқандай зиян тигізген жоқпын деп есептеймін.



    III. Қорытынды.

    Сәндік қолөнер- біздің мәдениетіміздің құрамды бір бөлігі. Мен сияқты жас буын мұра болып келе жатқан ұлттық қолөнерімізді зерттеп, зерделейміз. «Адамды адам ететін еңбек» - дегендей, адам күнделікті еңбек ету арқылы ой-өрісі дамып, бір-бірін түсініп, рухани жағынан дамиды. Осы сәндік затты жасау барысында оның неден жасалатынымен таныстым, іздендім, ақпараттар жинадым. Бұл менің алға қойған мақсатымның орындалуында өз шешімін тапты. Жұмыс барысында төзімділікке, ұқыптылыққа, шыдамдылыққа үйрендім.

    Сөз соңында айтарым- аталарымыз аяқтарын тигізбеген, аналарымыз аялай қастерлеген қазақтың қасиетті бас киім түрлерін сақтай отырып, мәдени мұра ретінде болашақ ұрпаққа қаймағын бұзбай жеткізу - барлығымыздың парызымыз.

    6
    Пайдаланған әдебиеттер тізімі:


    1. Арғынбаев Х. А. Қазақ халқының қол өнерi. - Алматы, 1987.
    2. Басенов Т.К. Орнамент Казахстана в архитектуре, Алматы. 1957.
    3. Жәнiбеков Ө. Уақыт керуенi. -Алматы: Жазушы, 1992. 
    4. Захарова И.В., Ходжаева Р.Д. Қазақстан сәндік өнері. – Алматы, 2002.
    5. Қазақ халқының ұлттық киімдері / Құрастырған Б. Хинаят., А. Сужикова. – Алматы, Алматыкітап, 2011.

    7


    написать администратору сайта