Главная страница
Навигация по странице:

  • Математикалық сауаттылықтан тест тапсырмалары

  • Тест 10. Сыныбы 5 А Кні 23. 01. 2023ж


    Скачать 34.66 Kb.
    НазваниеСыныбы 5 А Кні 23. 01. 2023ж
    Дата16.02.2023
    Размер34.66 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаТест 10.docx
    ТипДокументы
    #939501

    Сыныбы: 5 «А»

    Күні: 23.01.2023ж

    Сабақтың тақырыбы: «Буллинг/кибербуллингтің алдын алу

    Сабақтың мақсаты: Кибербуллингтің алдын алу туралы білімдерін өмірде қолдану туралы хабарлау
    Сабақтың барысы:

    Бүгінде қай-қайсымыз болсын «айшылық алыс жерлерден көзіңді ашып-жұмғанша жылдам хабар алғызған» (Ы.Алтынсарин) осы жаһандық «тордың» тұтқынымыз. Мұндайда ес білетін ересектерден бұрын оңы мен солын танып үлгермеген балалар мен жасөспірімдер үшін алаңдайтын болдық. Оған себеп – баланы өз-өзіне қол жұмсауға дейін жеткізетін буллинг пен кибербуллингтің кесірі. Бүгінде еліміздегі 11-15 жастағы жасөспірімдердің 12%-ға жуығы – осы кибербуллингтен жапа шеккендердің қатарында.

    Бұл мәселені Президент Қасым-Жомарт Тоқаев та назардан тыс қал­дырған жоқ. Мемлекет басшысы биылғы «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қи­мыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жол­дауында «Балаларды кибербуллингтен қор­ғау жөніндегі заңнамалық шараларды қабылдайтын кез келді. Балалар құқын қорғау жөніндегі басқа да шараларды күшейту керек», деген еді. Ел Президентінің осы тапсырмасын тиісті органдар қаперге алады деп сенеміз. Себебі, ертеңгі ұрпақты кибершабуылдан қорғауды заң жүзінде қолға алатын күн әлдеқашан туған болатын. Бұл жұмыс жедел қолға алынбаса алдағы күні сан соғып қалуымыз әбден мүмкін. Тіпті, осы бастама Мемлекет басшысының қолға алуын күтіп отырмай, Қазақстан интернет желісіне алғаш қосылғаннан-ақ басталуы тиіс еді. Себебі, бүгінде жат ағымның жетегінде кеткен жастардың басым көпшілігін де осы кибершабуылдың құрбаны деп қарауға болады.

    Буллинг пен кибербуллинг мәселесін қозғамас бұрын осы сөздердің шығу тарихына, мән-мағынасына үңілген жөн болар еді. Буллинг (bullying) сөзі ағылшын тілінен аударғанда қорлау, қудалау, мазалау, кемсіту, қорқыту дегенді білдіреді екен. Бүгінде осы буллинг ұғымы интернет желісі дамығалы бері әсіресе әлеуметтік желілерде жиі көрініс тауып, оны кибербуллинг деп айдарлап алдық. Яғни кибербуллинг – адамды интернетте, мәселен, әлеуметтік желілерде қорлау немесе қудалау дегенді білдіреді. Жасыратын несі бар, осы күні балалар заман ағымынан, көштен қалмасын деп гаджеттер мен телефонға үйірсек етіп алдық. Сарапшылардың ай­туынша, еліміздегі ата-аналар балаларына смартфонды алғаш 3 жасында ұстататын көрінеді. Ал 4-6 жастағы балалардың 54%-да өзінің жеке телефоны немесе планшеті болатын болса, бала 14 жасқа келгенде бұл көрсеткіш 97%-ға жетеді екен.

    Хат-хабар алысып, жүріс-тұрысын қадағалап тұрған жақсы әрине. Бірақ, таяқтың екі ұшы болмай қоймайды ғой. Өкініштісі сол, бүгінде заманауи технологиялардың пайдасынан гө­рі зия­ны көбейіп барады. Әсіресе, әлем­ді әбігерге салған пандемия кезінде бала­ның білім алуы да онлайн жүйеге көшіп, оқушы компьютер мен телефоннан бас алмайтын болды. Мұндайда бала сабағын оқып қана қойса жақсы ғой. Ата-анасы біле бермейтін түрлі қосымшаларды жүктеп, интернет кеңістігін шарлай бастайтыны көңілге күдік ұялатады. Әлеуметтік желілерді ақтарып, бұрын-соңды түрін көріп-білмеген, жасынан да, жынысынан да бейхабар «достар» табатынын қайтерсіз. Ондай онлайн достың да досы бар. Бірі ермек үшін әңгіме-дүкен құрса, енді бірі арам оймен баланың сеніміне кіруге тырысады. Біз қозғап отырған бүгінгі мәселе де осы ойында жымысқысы бар жүзіқаралар туралы болмақ. Олар алдымен түрлі ойындар арқылы баланы қызықтырады. Одан соң бала туралы мәліметті жинап алып, бірте-бірте қорқыту, бопсалау, сендіруге көшеді. Ақыр соңында аңқау бала жалған аккаунт иесінің айтқанына көніп, айдағанына жүретін деңгейге жетеді. Осындай «достықтың» соңы бала­ның өз-өзіне қол жұмсауымен аяқ­тал­ған қайғылы оқиғалар да аз болмай отыр. Біз мойындай бермейтін бүгінгі шындық – осы!

    Осы мәселені қоғам белсенділері де жиі көтеріп келеді. Ондай белсенділердің қатарында халықаралық «Expo&Women» ұйымының басқарма төрағасы Ләззат Асқарова да бар.

    – Көп жыл мектепте жұмыс істедім. Балалармен тығыз қарым-қатынаста болдым. Алайда буллинг сөзі бұрын-соңды қолданысымызда болған жоқ еді. Әрине, балалар арасында түрлі кикіл­жің, түсінбестік болып жатады ғой. Ұстаз әрі сынып жетекшісі ретінде бұл мәсе­лелерді барынша шешуге, бала­ларға қолұшын созуға тырысып жүрдім. Кейінгі жылдары бұл мәселе тым күрделеніп кетті. Бұған ең алдымен адамдардың «маған барлығы рұқсат етілген» деген түсінік-танымы себеп болып отыр. Екіншіден, біз құқық түсінігін де бұрмалап алған тәріздіміз. Аузыңа келгенді айтуға, өзіңнен жасы кішіні қорлауға, сенен жақсы оқитынды келеке қылуға, телефоны қымбатырақ болса көре алмауға етіміз үйреніп барады. Бұл да адами құндылықтардың құрдымға кетіп бара жатқандығының бір көрінісі. Осы мәселе мені балалардың анасы, неме­релерімнің әжесі, қоғам белсендісі ретінде алаңдатады.

    Буллингпен қатар, кибербуллинг мәселесі де аса маңызды. Бірнеше жыл бұрын кибербуллингтің салдары тұрмақ, бұл сөз туралы да естімеген болатынбыз. Технологияның дамуы мен интернет желісінің қолжетімділігі адамдардың «маған барлығы рұқсат етілген» деген пайымын одан сайын нықтай түсті. Қолданушылар белгісіз аккаунт ашып, бейтаныс адамның суретін қоя алады. Мұның қауіптілігі сол, жүзі­қаралар осы интернет желісі, жалған аккаунт арқылы балалармен танысып, олар­дың сеніміне кіретінді шығарды. Сеніміне кіріп алған соң қорқыту, бопсалау, оғаш қылық жасауға итермелеу сынды заң бұзушылықтарға баратын болыпты.

    Деректер елімізде ай сайын әр бесінші бала осы кибербуллингтің қатысушысы немесе зиян шегушісі екенін айғақтап отыр. Бір қызығы, зерттеушілер кибербуллингке бел буғанның да, одан жапа шеккеннің де болашақта психикалық ауытқушылыққа шалдығатынын анық­тап­ты. Өкініштісі сол, бұл жат әдет ин­тер­неттегі қазақ тілді аудитория арасына да дендеп барады. Мәселен, Арыс қала­сының азаматы Telegram әлеуметтік желі­сінде арнайы топ ашып, балалар мен жасөспірімдерді өз-өзіне қол салуға итер­мелеген көрінеді. Алайда құ­қық қорғау органдары қылмыскерді уақытылы анықтап, бала өліміне жол берген жоқ.

    – Несін жасырайын, менің үлкен қызым планшетті қолына небәрі 2 жасында ұстады. Тіпті, сол кездің өзінде бір­те-бірте мультфильм көре бастады. Өкініштісі сол, ата-аналар балаға смартфон мен планшетті үйренсін, айналасын танысын деп емес, өзіне көбірек уақыт қалсын, мазалай бермесін деп береді. Үй тұрмақ, көлікте отырсақ та, мей­рамханаға барсақ та балаға гаджет ұс­татамыз. Ол – дұрыс емес. Оның соңы жақсылыққа апармайды. Біз осыдан арылуды үйренуіміз керек, – деп отыр ТМД және Балтық елдеріндегі Касперский зертханасының басқарушы директоры Евгений Питолин.

    Осы күні ғаламторда баланың өз-өзіне, жақындарына, туыстарына қол жұмсауына итермелейтін ойындар да аз емес. Бұдан бірнеше жыл бұрын кибербуллингтердің жемісі саналатын «Көк кит», «Тыныш үй», «Мені сағат 04:20-да оят», «Қызыл жапалақ», «Киттер мұхиты», «Құс жолы», «NaN», «F57» сынды ойындар дүние жүзін дүрліктіргені белгілі. Енді алаңдап отыр­ғанымыз, осындай қауіпті ойындар қазақ тілінде де пайда бола бастапты. Мысал ретінде «Жұмаққа бастар 5 қадам» ойынын айтуға болар еді.

    Мұндай ойындардың жолы жабылып, аккаунт иелері әшкереленіп жат­қанымен, біржола келмеске кетті деп айтуға тағы болмайды. Мәселен, біз атаған «Көк кит» ойыны түрленіп «Жаңа жол» деген атаумен тарағанын естідік. Сонымен қатар #тынышорман, #жапалақешқашанұйықтамайды, #F15, #L13 және #YG4 хештегтері де елді алаңдатып отыр. Арыстағы азамат Telegram-ды пайдаланған болса, қалған ойындардың басым көпшілігі «ВКонтакте» әлеуметтік желісінде орналастырылғанын айтқымыз келеді.

    P.S. Бала тәрбиесін ата-әжеге емес, әлеуметтік желіге, интернетке табыстаудың зардабын ең алдымен ата-ана тартады. Заманауи технологияның мүмкіндігі күн санап түрленіп жатқан ХХІ ғасырда осы мәселеге мән беретін кез келген сыңайлы. Бауыр етіміз бассыздыққа бармасын, ала жіптен аттамасын десек алдымен өзіміз үлгі болуымыз қажет. Заң күшеюін күшейеді ғой, бұдан бұрын балаға барынша көп көңіл бөлу де артық етпейді. Ол енді – өз қолымызда!   

    Сыныбы:5А

    Күні:26.12.2022ж

    Тақырыбы: «Адамға қуаныш сыйла»
    Сабақтың мақсаты: Жан дүниесі ізгі, рухани бай тұлға қалыптастыру. Танымдық қабілеттерді, белсенділікті дамытуға жағдай жасау, ой- өрісті кеңейту, ойлануды, ұжымдық, бірлік икемділіктерін қалыптастыру.

    Сынып сағатының жүру барысы:

    I. Кіріспе: “Таным шаттығы”
    Мұғалім сөзі:
    Жан-жағына нұр шашып,
    Арайлап жарқын таң атса,
    Жер бетінде жайқалып,
    Көгеріп өссе, көк майса.
    Жүрегім жыли бастайды
    Кездескенде достарым
    Құшағын маған кең ашса,
    Жүрегім жыли бастайды.
    «Мейірбандық – жүректен, қайырымдылық біліктен» дейді халық. Адам өзін және өзгелерді жақсы көру арқылы өмірін қуаныш пен шаттыққа, махаббат пен бақытқа бөлейді.

    II. “Ойлы бала озар”
    - Балалар, бүгін мейірімділік жолы бізді жүректер жылуын сезіндіретін әлемге алып келді. Бүгін бізге күн шапағын шашу үшін күн көкжиектен көтеріліп келе жатыр.
    - Күн нұры жүрегімізге ұяласын десек жылы жүректі адам қандай болады? Соған жауап табайықшы.
    (Балалардың пікірі)
    - Рахмет балалар, күн шуағын сезіне бастадық, ендеше күн шапағына назар аударайық. («Жүрек жылуы» шығады)

    III. “Қуаныш — жан шуағы”
    “Кел балалар, күлейік,
    Көңілденіп жүрейік”
    Күлімде күн, күлімде,
    Күлсін барлық бала шат!
    Берекелі бүгіндей
    Бейбіт болсын болашақ!

    Жүрек жылуы:
    - Саламатсыздар ма, балалар!
    Жарық пенен жылуды
    Бақыт пенен мейірімді
    Өзім ғана беретін
    Мен жүректің жылуы.
    - Мен де осындай мейірімді достарымды көргеніме қуаныштымын. Сендермен бірге болғаныма тек мен ғана емес, қараңдаршы шуақты күн де күліп тұрғандай.

    IV. “Аялай біл, сен деп соққан жүректі”
    - Қане, бәріміз қолымызды жүрегіміздің тұсына қойып, оның қалай соғып тұрғанын сезінейікші.
    - Біздің жүрегімізде кішкентай адам өмірі сүреді. Ол әрқайсымызға «Мен осындамын, мен сенімен біргемін» — деп дыбыстап тұр және әрқашанда бізбен бірге болады. Ол жүрегіміздің жылуы, бізге жақсы сөздерді айтатын болады.
    - Сендер өз жүрек жылуларыңды сезіндіңдер ме?
    Балалар:
    - Ол одан бетер қатты соғып кетті!
    - Иә, бізді естігенін білдіріп жатыр.
    Мұғалім: — Ендеше балалар, өмірдегі барлық жылу — адам жүрегінен болса, табиғаттағы барлық жылу — күннен екен. Біз күнді мейірбан, жан шуағын төгетін құдіретті ананың біріне теңейміз.
    Жүрек жылуы:
    - Балалар, қараңдаршы, біздің күніміз көлегейленіп тұр. Біз оның жүрегіндегі көлеңке сезімін сейілтейікші. Ол үшін бетіндегі түнерген бұлттарды ашуға көмектесесіңдер ме?
    Балалар: — Әрине көмектесеміз.

    V. “Жақсы сөз- жанға қуат”

    Жүрек жылуы: — Қане, бірінші бұлт сенің шешуің не? Сен неге түнере қалдың?

    Мұғалім:
    - Ал балалар, өзімізге жақын деген адамдарға қандай жылы лебіздер тілер едіңдер? (Балалар ойларын тыңдау)
    - Осындай жағымды ойларың сендердің жүректеріңе қайырымдылық, бойларыңа өмірге деген құштарлық әкеледі.
    Жүрек жылуы:
    - Өте жақсы достар, сендер жылы сөздеріңмен күннің көлеңке бетіндегі
    сезімін аз да болса сейілттіңдер,

    VI. “Жақсылық жасай білейік”
    - Ал, екінші бұлт сен неге түнере қалдың?

    Көрініс: «Жан сұлулығы»

    Мұғалім:
    Жамандық көрсең біреуден
    «Мен қандаймын» деп ойла
    Өзіңді өзің қолыңа ал
    Өзіңсің – ақыл айнасы.
    - Балалар, бұл көріністен не байқадыңдар? Бұл бейне көрініс туралы не айтар едіңдер? (Оқушы ойын тыңдау)
    - Әр адамның өзіндік сұлулығы бар. Бірақ, ол сырт келбеті ғана емес, жан сұлулығына байланысты екен.
    Жүрек жылуы:
    - Жарайсыңдар, достар! Ойларыңды ашық айту арқылы күн көзін тағы бір бұлтқа сейілттіңдер.

    VII. “Қуанышқа бөленген әр күніміз
    Бақыттымыз, балалар барлығымыз”.

    - Енді 3 бұлтқа да таядық.
    Мұғалім:
    - Ендеше, осы тақырыптарға сай үлгі аларлықтай өлең шумақтарын білеміз бе? («Бала тілегі»әні орындалып, тақпақтар айту)
    Жүрек жылуы:
    - Шынында да айтқан өлең шумақтарың жүректі жылытарлықтай екен.
    Бізге ашық күн керек,
    Аспан керек, мөп-мөлдір, -дегендей, қане бәріміз күн көзін одан әрі жарқырата түсейікші.

    VIII. “Шығармашылық- шаттық бастауы”
    “Таза болса табиғат,
    аман болар адамзат”.

    Мұғалім:
    - Жүрегім сен-тіршілік, тұнып тұрған
    Сен – күнсің, көтерілген күліп қырдан.
    Сен — көлсің,
    Сен – ормансың,
    Сен – бұлбұлсың,
    Адамға сұлулықты шын ұқтырған,-дегендей әрбір жүрек
    қалауымызбен бояу сырына үңіліп, ,әріміз бірге жүрек қалауымызбен көңілденіп сурет салайық.
    - Ой жүйрік, тіл шебер
    Танытса шындықты.
    Мәнді ойды бояумен бер,
    Сөз тауып айт ұқыпты.

    IX. “Жылылық шуағы сөнбесін”
    - Міне, балалар, күннің бетіндегі бұлттардың бәрін сейілттік.
    - Қараңдаршы, күн көзі қалай күлімдеп шыға келді.
    Тыныштықты жыр ғып шерткен
    Балалықтың тәтті үні
    Алтыннан да қымбат неткен
    Бұл күндердің шаттығы.
    - Кішкене достар, сендердің жүректерің қайырымға, мейірімге, махаббатқа толды. Адам бойындағы бар жылу мен мейірім жүректен шығады. Жүректен жүрекке жеткен жылулық, ешқашан суымайды. (Мейірім жылуы. Жүректерді тарату)
    - Қолдарыңдағы жүрекшелерге бір-бірімізге жылу лебіз жазайық.
    Бір- бірімізге жүрекке жылы тиетін лебіздерді жиі айтып жүрейік
    (Бала лебіздерін тыңдау)
    X. Қорытынды: “Жүрек жылуы.”
    Жақсы адам көңілі – күн,
    Жанға сәуле түсірген.
    Нашар адам көңілі – түн,
    Кеудеден отты өшірген.
    Талпын жақсы болуға,
    Күндей сәуле шашатын.
    - Бүгінгі әсем, күн, жүрек жылуы сендердің мәңгі естеріңде қалады деп ойлаймын

    Математикалық сауаттылықтан тест тапсырмалары
    1.Сұрақ белгісінің орнына қандай сан жазылуы керек?

    1(27)2; 2(64)2; 2(?)3.

    A) 135 B) 195 C) 125 D) 188 Е)225

    2.1;3;7;15; ... тізбегіндегі жетінші мүшесін табыңыз.

    А) 255 В) 127 С) 113 D) 63 E) 32

    3. Кестеде Ақкөл аулындағы барлық (№ 1, № 2, № 3) мектептердің төрт жылдағы мектеп бітіруші оқушылардың саны көрсетілген. Кестені пайдаланып, Ақкөл ауылында әр жылғы мектеп бітіруші оқушылардың санының өзгеріс ауқымының ең үлкенін табыңыз.

    Мектеп немірлері

    № 1

    №2

    №3

    2014 жылы

    45

    35

    33

    2015 жылы

    56

    34

    25

    2016 жылы

    61

    43

    39

    2017 жылы

    21

    13

    10


    А) 31 В)42 С) 22 D) 11 Е) 36

    4. Сәуленің ағалары сіңілілерінен 2 есе көп. Сәуленің ағасы Мұраттың қарындастары қанша болса, інілері сонша. Осы отбасында неше бала бар?

    А) 6 В) 4 С) 7 D) 5 Е) 8

    5.Сәуір айында 5 сенбі және 5 жексенбі бар екені белгілі болса, 1 сәуір аптаның қай күніне сәйкес келеді?

    A) Сейсенбі B) Сәрсенбі C) Бейсенбі D) Сенбі Е) Жұма

    6. Қара, жара, жоба, қора, қожа сөздеріндегі әріптер белгілі бір цифрлармен белгіленген. Жоба сөзінің сандық белгісін табыңыз.

    A) 5143 B) 4373 C) 4163 D) 5373 Е) 5173

    7. Дорбадағы 10 түске боялған асықты қанша тәсілмен 2-ден алуға болады?

    A) 43 B) 44 C) 46 D) 44 Е) 45

    8.Егер 7 ☼ 3 = 30, 8 ☼ 7 = 45 және 5 ☼ 9 = 42 болса, онда 7 ☼ 4 өрнегінің мәні нешеге тең?

    A) 30 B) 28 C) 33 D) 35 Е) 24

    9.Жәшікте 10 ақ шар және 3 қызыл шар бар. Жәшіктен кездейсоқ алынған шардың қызыл болу ықтималдығын табыңыз.

    А) В) С) D) Е)

    10. Қалтада 7 ақ және 3 қызыл түсті асықтар бар. Калтадан кездейсоқ алынған асықтың ақ түсті болу ықтималдығын табыңыз.

    А) В) С) D) Е)


    написать администратору сайта