Главная страница
Навигация по странице:

  • Тәрбие сағаты

  • Көрнекілігі

  • Балалар

  • Тақтадағы жұмбақтарды шешу: Жұмбақтар

  • Алиша

  • Сахналық көрініс: «Маймақ аюдың достары» Нұрай

  • Алиша: Апа, қараңыз мына сұмдықты ,Маймақты кім қыңжылтты Нұрай

  • Нұрай

  • Сақтандыру , ескерту белгісі : Нұрайлым

  • Тыйым салу белгісі : Аянат

  • Міндеттеу белгісі : Алиша

  • Ңұсқау белгісі Аяулым

  • Мұғалім

  • сынып. «Жол – көлік апаттарын алдын алу». Сыныбы 6 сынып Сынып жетекшісі


    Скачать 20.95 Kb.
    НазваниеСыныбы 6 сынып Сынып жетекшісі
    Анкорсынып
    Дата24.05.2023
    Размер20.95 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла«Жол – көлік апаттарын алдын алу».docx
    ТипДокументы
    #1157780

    Абай атындағы негізгі жалпы білім беру мектебі

    ТӘРБИЕ САҒАТЫ

    Тақырыбы: «Жол – көлік апаттарын алдын алу»

    Сыныбы: 6 сынып

    Сынып жетекшісі: Бесембай Жансұлу Рымбекқызы

    2021-2022 оқу жылы

    Тәрбие сағаты: «Жол – көлік апаттарын алдын алу»\

    Сабақтың тақырыбы: ««Жол – көлік апаттарын алдын алу»»

    Сабақтың мақсаты: 1.Оқушыларды жолда жүру ережесімен таныстыру .

    2. Жол қауіпсіздігін есте сақтауға, білуге жол ережесінің

    белгілерімен таныстыру

    3.Оқушыларды көшеде дұрыс жүріп, жол ережесін сақтауға тәрбиелеу.

     Көрнекілігі: Бағдаршам , жол белгілері салынған суреттер , интерактивті тақта, жол ережесіне арналған кітаптар.

    Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі :

    Кіріспе : «Жол травматизмінің алдын алу» атты тәрбие сағатын бастағалы отырмыз.

    Жол заңы дұрыс жүріп , абай  болуды  талап етеді. Жол тәртібін  бұзба , ол  қатер  тудырады. Жолдың қалыпты қозғалысы көбінесе балалардың жол бойында қалай болса солай жүріп, доп  қуалайтыны , шаңғы  тебетіні , жүріп  бара жатқан машинаға  жабысатыны ,қалтарыстан жолға  шығып  келетін салдарынан бұзылады. Жол тәртібін бұзғандықтан  кейбіреулер машина  дөңгелегіне ілініп қаза тауып , кейбіреулері  жарақат алады . Ал кейбіреулері өмірлік  мүгедек болып қалады.

    Сондықтан әрбір оқушы мектепте оқылатын » Жолда жүру ережесі » тақырыбындағы сабақты мұқият тыңдап, әр сабақтан қорытынды жасап отыруға міндетті .Үлгілі , тәртіпті оқушы көшеде, жолда  жүру ережесін ,заңын бұзбайды.

    Сонымен қандай бала  жол ережесін бұзбайды ?

    Балалар : Үлгілі , тәртіпті бала .

    Мұғалім : Ал енді  «Жолда жүру ережесін сақтаймыз! » атты тәрбие сағатымызды  ашық деп  жариялаймын .

     ІІ. Негізгі бөлім:

    Тақтадағы жұмбақтарды шешу:

    Жұмбақтар

    1.                 Ала таяқ ұстаған,                                                       2.   Көше бойлап аяңдайды,

    Жол тәртібін нұсқаған.                                                                         Адам тасып аялайды.

    Өміріңді  күзеткен, (Автобус)                                                     Ысқырықпен түзеткен.  (Милиционер)

     3.     Көліктің  қаншасын үстінен өткізген ,

     Іргеден басталып , алысқа жеткізген. (Жол)

     4.     Жоқ өзінде бас та , ауызда  да  , құлақ та ,

     Бақырайған  үш көзі  бар бірақ та.              (Бағдаршам)

     5.     Арқаным бар тым ұзын,

    Ала-алмайсың бір үзім.

    Табыңдаршы, балалар,

     Бұл жұмбақтың шешуін.  (Жол)

     6.     Өзі сөйлей білмейді,

     Бірақ «Тоқта, жүр !» дейді. «Бағдаршам»

     Мұғалім : Бағдаршам  өмірімізді жазымнан сақтандыратын көмекшіміз . Оның сырын  біліп , тіліп алу  баршамызға  керек.

    1.     Неге ?

    Біздің қаламызда , сол сияқты  біздің  еліміздің  қала , ауылдарына  бәріне  ортақ көше  қатынас ережесі енгізілген. Бұл  ережені оқушылар да , үлкендер де , яғни  барлық  жүргізушілер , көлік  жүргізетін  жүргізушілер де  бұлжытпай  орындауы керек.

    2.     Балалар, сендер көшеде жүру ережесін  білесіңдер ме екен  , көрейік . Мынадай сұрақтарға  жауап беріңдерші.

    3.     Жиек жол деген не ? Адамдар  жаяу  жүретін көше жиегіндегі тар жол .

    4.     Жаяу адамға қай жермен  жүруге болмайды ? Көлік жүретін  көшенің  ортасымен  жүруге  рұқсат етілмейді.

    Тақтада

    Қызыл – Тоқта !

    Сары  – Сақтан !

    Жасыл – Жол ашық!

    Алиша :  Қызыл көзін ашқанда ,

    Сынық сүйем  баспа  алға !

    Аянат :      Сары  көзін ашқанда ,

    Қарап қалма  аспанға !

    Аяулым:   Жасыл көзін ашқанда ,

    Өте  бергін , жасқанба !

    Оқушылар  бағдаршам сигналдарын қолдарына  ұстап , кезегі келгенде көрсетіп  тұрады.

      Ән: Бағдаршам

    Сахналық көрініс: «Маймақ аюдың достары»

     Нұрай:

    Медбике апамыз бәрімізді емдейді ,

    Ауырса адамды, аңды да  емдейді .

    Отырған мынау Медбике апаға

    Айтыңдаршы , кане кімдер келмейді ?

    (Осы кезде басын ақ  шүберекпен таңған , сыртынан қан шып – шып шыққан аю өкіріп келе жатады)

     Алиша:

    Апа, қараңыз мына  сұмдықты ,

    Маймақты кім  қыңжылтты ?

     Нұрай:

    Маймағым, не  болған өзіңе,

    Көкпеңбек ісінген бас – көзіңде ?

    Нұрай:

    Айтайын мен жасырмай  шынымды – ай,

    Сақтап қал , апа  жанымды шыбындай.

    Жармасып бал тасыр машина үстіне

    Домалап түсіп шыңғырдым құлындай.

    Алиша:

    Бір асар тәтті бал үшін,

    Тәртіпті  бұздың қарынның қамы  үшін.

    Міне, енді  еңіреп тұрғаның ұят – ақ,

    Тәртіп керек , біліп ал , жан үшін !

    Нұрай:Медбике апа, инспектор жолдас , енді тәртіпті  бұзбаймын.Кешіріңіздер мені!

    Мұғалім : – Бағдаршам жоқ  көшелерден  қалай  өтеміз ?

    Егер өтетін  жерде  бағдаршам  болмаса  көшеден  өте бере  әуелі  сол жаққа қараймыз. Көшенің орта  тұсына жеткенде , оң жағымызға көз  саламыз. Егер ол  жақтан  машина  келе  жатса , өтіп  кеткенше , сол орында күте  тұрамыз. Ендеше, мына жолдармен бағдаршамсыз, бағдаршам барда қалай жүретінімізді көрейік.\

    Оқушы қалай өтетінін көр сетеді.

     Аянат:

    Көреген, дәу қырағы.

    Көшемізде тұрады.

    Оның аты – бағдаршам,

    Жол сілтейді әрқашан.

    Ол бергенде команда,

    Бағынамыз әмәнда.

     Бағдаршам

    Тұрамын көшенің қиылысын тұрақтап,

    Қашпаймын  мүдіріп , ешқандай сұрақтан.

    Белгісі жолдардың төрт  топтан тұрады,

    Жарқырап көрінер түнде де жырақтан.

     Бағдаршам

    Ашса кезек үш көзін,

    Айтты деп ұқ үш сөзін.

    «Тоқта, сақтан, жол ашық!»

    Жүрме жолға таласып.

     Аянат:

    Төрт топтан құралған,

    Белгілер туыстай.

    Жол сілтеп тұрады.

    У-шусыз ұрыспай.

    Сақтандыру , ескерту белгісі :Нұрайлым

    Қып – қызыл  үшбұрыш,

    Қауіптен сақ бол деп сәт – сапар  жолдаған.

    Аман – сау жүреді  жаяу да , көлік те ,

    Мен берген белгіні  сақтаған , қолдаған.

    Тыйым салу  белгісі :Аянат

    Қызылмен боялған , шеңбермін аумақты,

    Тыйымшыл белгімін , қаталмын  салмақты .

    Мен тұрған жерлерде  хақың жоқ жүруге,

    Қауіп  бар , бағдарла  көз салып  жан – жақты.

     Міндеттеу белгісі :Алиша

    Белгімін  көрсетер  жылдамдық бағытты,

    Міндетті  бұрылыс , әйтпесе  қауіпті.

    Барлығын анықтап тұрамын жолыңда,

    Абай бол , шартыңды міндетті  орында !

      Ңұсқау белгісі Аяулым:

    Баратын жеріңнің бағытын , тұрағын,

    Үн – түнсіз жол  сілтеп , жол  нұсқап  тұрамын.

    Күндіз де  , түнде  де от болып жанады,

    Көк  түске боялған төрт бұрыш шырағым.

     Мұғалім: Балалар, біз әр белгінің не мақсатта қолданылатынын білдік.

      Қорытындылау :Мұғалім : Балалар, бүгінгі сабақты қорыта келе «Жас дәуірдің балалары» әнін айтайық. Деніміз сау, еліміз тыныш, жол тәртібін сақтап, аман – есен жүрелік.

     


    написать администратору сайта