Главная страница

6-сыныптарға арналған _Информатика_ сабақ жоспары. Сыныбы 6б Масаты


Скачать 198.31 Kb.
НазваниеСыныбы 6б Масаты
Дата29.03.2023
Размер198.31 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файла6-сыныптарға арналған _Информатика_ сабақ жоспары.docx
ТипПрограмма
#1024363

Сабақтың тақырыбы: IDE ортасымен танысу

Сыныбы: 6б

Мақсаты:

  • сызықтық алгоритм үшін блок-схеманы қалай жасауды;

  • қарапайым арифметикалық мысалдарды қалай шешуді;

  • Python программалық қабықшасы қандай компоненттерден тұратынын.

  • Әр түрлі мәселелерді шешу үшін алгоритм құру қажет. Сен бастауыш мектептен бастап алгоритм ұғымымен таныссың, алгоритм – бұл мақсатқа жетуге әкелетін нұсқаулар тізбегі. Алгоритмді мәтін, әртүрлі схемалар, диаграммалар түрінде және әлемнің әртүрлі тілдерінде ұсынуға болады. Көбінесе әртүрлі ұлттардың нұсқауларын түсінуі үшін олар суреттер тізбегі түрінде жасалады, мысалы, электр қондырғысын немесе жиһазды жинау, ботқаны қайнату немесе торт пісіру.

  • 1-сурет

  • 1/3

  • Информатикада алгоритмді көрсету үшін схема, псевдокод немесе программалық код қолданылады, бірақ компьютер немесе кез келген техникалық құрылғы, мысалы, робот, микротолқынды пеш немесе кіржуғыш машина, ұялы телефон тек программалық кодты түсінеді.

  • Блок-схема



  • Псевдокод

  • Басы

  • Бүтін айнымалыларды жариялау a, b и S

  • енгізу a, b

  • S=a+b

  • Шығару S

  • Соңы

  • Паскальдағы программа коды

  • PascalABC:

  • var

  • a,b:integer;

  • begin

  • readln(a,b);

  • writeln(a+b);

  • writeln(a*b);

  • End.

  • Блок-схеманың негізгі блоктары:



  • Басы және соңы



  • Әрекет



  • Шарт немесе шартты цикл



  • Цикл

  • Бұрын Basic, ABC Pascal, C++, C# сияқты программалау тілдері ең танымал болған, бірақ бүгінгі таңда Python олардың көпшілігін ығыстырады, өйткені оны веб-әзірлеуде, ойындар жасауда, роботтар мен әртүрлі өнеркәсіптік машиналарды программалауда қолдануға болады.

  • Бірнеше программалау тілдерінде шығару операторын жазудың мысалын келтіреміз:

  • ABC Pascal

  • Write(“Hello!”);

  • С++

  • Cout<<”Hello!”;

  • Python

  • Print(“Hello!”)

  • Әрбір программалау тілінде өзінің программалау ортасы бар, оны программаларды құрудың біріктірілген ортасы ағылшынша - Integrated development environment (IDE), Python тілінде де дәл солай. Бұл программалық жасақтаманы ресми сайттан жүктеуге боладыhttps://www.python.org/, бірақ компьютерге орнату уақыты мен жадын үнемдеу үшін онлайн нұсқасын қолданған дұрыс https://www.tutorialspoint.com/execute_python_online.php, онда дәл сондай әрекеттерді орындауға болады.



  • 4-сурет

  • Терезенің сол жағында программа кодын теріп, «Execute» батырмасын таңдағаннан кейін терезенің оң жағындағы программаның нәтижесін көруге болады.

  • «Share» қойындысын пайдаланып өзің жазған программалық кодтың сілтемесімен мұғаліммен бөлісе аласың, онда мұғалім сенің жұмысыңды онлайн режимінде тексеріп, қатесін жөндеуге көмектесе алады.



  • 5-сурет

  • «Execute» батырмасын басқаннан кейін терезенің оң жағында $python main.py жазуы пайда болады, содан кейін егер «print» операторын қолданған болсаң, жауапты көре аласың. Жұмыс аймағы «main.py» қосымшасын басқан кезде пайда болады, бұнда «main.py» (main) – файл атауы, (py) – типі Python болатын файлдың кеңейтімі. Файл атауы өзгеруі мүмкін екеніне назар аудар, ол кезде жазу да өзгереді: $python main.py.

  • «STDIN» қосымшасын тәжірибелі пайдаланушылар пайдаланады және ол файлдармен жұмыс істеу үшін қажет.

  • Терезенің жоғарғы оң жағында мәзір бар, онда: «Share» бөлісу командасымен бірдей «Fork» және «Project», «Edit», «Setting» пункттері бар.



  • 6-сурет



  • 7-сурет



  • 8-сурет

  • Қарапайым арифметикалық амалдарды «print» шығару операторымен бірге қарастырамыз:

  • Print(2+3)

  • Жауап: 5

  • Екі санның қосындысы

  • Print(25//3)

  • Жауап: 8

  • Сандағы үштіктер саны 25, сонда 3*8=24, 1 - қалдық

  • Print(2-3)

  • Жауап: -1

  • Екі санның айырмасы

  • Print(25%3)

  • Жауап: 1

  • 25-ті 3ке бөлгендегі қалдық

  • Print(2*3)

  • Жауап: 6

  • Екі санның көбейтіндісі

  • Print(3/2)

  • Жауап: 1

  • Бүтін бөлу

  • Print(2**3)

  • Жауап: 8

  • Дәрежесін шығару

  • Print(3.0/2.0)

  • Жауап: 1.5

  • Бөлшек бөлу

Үйге тапсырма: IDE ортасымен танысу



написать администратору сайта