|
Сынып 1 атысушылар саны 16
Бөлім
| Буын және тасымал
| Педагогтің аты - жөні
|
| Күні
|
| Сынып:1
| Қатысушылар саны:16
| Қатыспағандар саны:3
| Пәні
| Ана тілі
| Сабақтың тақырыбы
| Отаным.Буын
| Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары
| 1.1.3.1 тақырыбы мен иллюстрациясы* бойынша мәтіннің мазмұнын болжау;
1.4.1.1 айтылуы мен жазылуы бірдей сөздерді есту,есте сақтау арқылы жазу;
1.2.9.1 дауысты дыбыстардың буын құрайтынын білу,буын санын анықтау
| Сабақтыңмақсаты
| Тақырып бойынша мәтіннің мазмұнын болжайды;
Айтылуы мен жазылуы бірдей сөздерді естиді,есте сақтайды,есте сақтау арқылы жазады;
Дауысты дыбыстардың буын құрайтынын біледі,буын санын анықтайды;
| Сабақтың барысы
| Са
бақ
тың кезеңі /уақыты
| Педагогтің
Әрекеті
| Оқушының
әрекеті
| Бағалау
| Ре
сурс
тар
| Сабақ
тың басы
5мин
2мин
2мин
5мин
| Ширату. «Сақина салмақ» ойыны
-Балалар, біз сақина салмақ ойынын ойнаймыз. Бұл ойынның ерекшелігі – кімнің қолында сақина қалса, менің сұрағыма жауап береді.
1) Қанша дауысты дыбыс бар?
2) Дыбыс дегеніміз не?
3) Дыбыстың қандай түрлері бар?
4) Дауысты және дауыссыз дыбыс дегеніміз не?
5) Жуан және жіңішке дыбыстарды қандай деп ойлайсың?
6) Не себепті .....деп аталады?
7) Әріптер бізге не үшін қажет?
8) Дауысты дыбыстар мен дауыссыз дыбыстарды қалай ажыратамыз?
Мадақтау.Топтарға бөлу.
От, Су, Күн, Ай суреттері арқылы топқа бөлу.
От. Қай кезде де қандай жағдайда да от болып жанып өз білімдерін насихаттай білетін жандар.
Су. Жандары жақсылықты сүйетін, көңілдері судай таза, жаңалықтарға жаны құмар оқушылар.
Күн. Жанындағыларға жылу сыйлап жарқырап жүретін, сәуле шашып белсенділікпен жұмыс жасайтын топ.
Ай. Ойшыл да арманшыл, қиындықтарға мойымайтын ержүрек, батыл жандар.
«Теңге жинау» ойыны. Сабаққа белсенділікпен қатысып,сұрақтарға жауап беріп өз тобына үлес қосу.
Сабақтың тақырыбын болжау мақсатында «Отан» бейнеролигін оқушыларға көрсету.
«Миға шабуыл» әдісі
-бейнероликте не туралы айтылды?
-Отан сөзін тағы қалай айтуға болады. Балалардың ойын тыңдау. Толықтыру (туған ел,туған өлке,туған жер,атамекен,атажұрт,Қазақстан)
-Қазақстан қандай мемлекет?Қазақстан туралы не білесіңдер?
| Психологиялық ахуалға берілген тапсырманы бірге орындайды.Жақсы көңіл күй қалыптастырады.
Өткенді еске түсіріп, сұрақтарға жауап береді.
Оқушылар суреттерді таңдай отырып топқа бөлінеді.
Оқушылар бейнероликті қарай отырып сабақ тақырыбын болжайды.
Сұрақтарға жауап береді.
| ҚБ. «Бас бармақ» арқылы бағалайды.
| 1б
От,
су,
күн,ай суретте
рі бар қима қағаздар Теңге қима қағаздар1б
Бейнеролик
1б
| Сабақ
тың орта
сы
8мин
3мин
2мин
4мин
3мин
2мин 4мин
3мин
| Оқулықпен жұмыс
1-жаттығу. Отаным.
Өлеңді мұғалім мәнерлеп оқиды.Мазмұнына байланысты жүргізілетін жұмыстар:
А)Сөздік жұмысы жүргізіледі
Ә)жеке оқушыларға оқытады
Б)мазмұнына байланысты сұрақтар қояды
В)топқа өлең шумақтарын бөліп беріп, мәнерлеп оқыту
Дескриптор:
-мазмұнына байланысты сұрақтарға жауап береді;
-өлең шумақтарын мәнерлеп оқиды;
-алғашқы екі жолын көшіріп жазады; Дәптермен жұмыс
Сергіту сәті. «Бес саусақ» әдісі
Сары - жұдырық түйістіреді
Қызыл - құшақтасады
Көк - қол шапалақтау
2-жаттығу Жұптық жұмыс Дескриптор:
-буындардан сөз құрап оқиды;
-сөздерден жұмбақ құрап жазады;
«Мен қазақпын!» Қ.Рақымның әнінен үзінді тыңдату.Бұл ән кім туралы?Қазақ халқы қандай халық?
«Мен қазақпын!» деп өз бойыңдағы қандай қасиеттерге байланысты айта аласыңдар?Яғни нағыз қазақ азаматына тән қандай қасиеттерді атар едіңдер?
Сергіту сәті. «Мен Қазақпын» Топтық жұмыс.
Кубизм әдісі бойынша белгілі бір әріптен сөз құрау,дауысты дыбыстарды атау,қанша буын барын табу,сөзден сөйлем құрау.
Дескриптор:
-әріптен сөз құрайды;
-дауысты дыбыстарды атайды;
-буын санын анықтайды;
-сөзден сөйлем құрастырады; 3-жаттығу. Шығармашылық тапсырма ретінде орындалады.Алатау сөзіндегі әріптерден бірнеше сөз жасап жазады.
Дескриптор:
-Алатау сөзіндегі әріптерден бірнеше сөз жасап жазады;
| 1-жаттығу
Өлеңді тыңдайды.
Сөздік жұмысы жүргізіледі.
Шапақ – Күн сәулесі
Жекелеген оқушылар дауыстап оқиды. Мазмұнына байланысты сұрақтарға жауап береді.
Алғашқы екі жолын көшіріп жазады.
Көркем жазу
П П П П П П П
п п п п п п п п п
Сергіту сәтін орындайды
Жұптық жұмысты орындайды.
Буындардан сөз құрап оқиды.
Сөздерден жұмбақ құрап жазады.
Көк жүзінде көп жолақ.
Шешуі:кемпірқосақ
-Нағыз қазақ азаматы бауырмал,батыр ,ақылды,білімді,дос,қонақжай,
ана тілінде таза сөйлейді,еліне адал қызмет етеді,туған жерін сүйеді,салт-дәстүрін біледі,ар-намысты биік қояды,ұлтжанды,Отан қорғауға әзір,рухы мықты.
әуенге билеу,қимылдар жасау
Топтың бір мүшесі әріптер жазылған текшені лақтырып,түскен әріптен сөз құрайды.2-ші мүшесі дауысты дыбыстарды атайды,3-ші мүшесі буын санын,4-шісі сөйлем құрайды. Алатау сөзіндегі әріптерден бірнеше сөз жасап жазады.
| Қ.Б.
Қолшапа
лақтау!
Қ.Б: Отшашу!
Қ.Б. Жарай
сың!
Керемет!
Жақсы!
Мадақтау!Мақтау!
| Оқу
лық
1б
Тақтадағы жазу үлгісі 1б
Қат
ты қағаздан жа
сал
ған қы
зыл,
көк,
сары бес сау
сақ 1б
Үн
таспа
2б
Бей
не
баян.
Әріп
тер жа
зыл
ған тек
ше
1б
1б
| Сабақ
тың соңы
Кері байланыс
2мин
| Кері байланыс.«Білім шыңы» әдісі
Таудың шыңына,етегіне және су бөліктеріне стикер жапсыру.
Шыңы – өте жақсы түсіндім.
Етегі – орташа.
Су бөліктері – тақырып бойынша әлі де ізденуім керек.
| Оқушылар стикерлерін түсіне қарап таудың шыңына,етегіне және су бөліктеріне жапсырады.
|
| Тау суре
ті, сти
кер
| |
|
|