Сабақтың басы
5-мин
Тыңдалымалды тапсырма:
Тыңдалым кезіндегі жұмыс:
Кері байланыс:
| СЖ.
Сабақтың мақсатын түсіндіру, бағалау критерийлерімен таныстыру.
Бейнебаян көру арқылы сұрақтарға жауап беру. 1.Өлең не туралы?
2.Өз ойларыңмен дәлелде? Абайдың «Алланың өзі де рас, сөзі де рас» өлеңі тыңдатылады.
Алланың өзі де рас, сөзі де рас.
Рас сөз еш уақытта жалған болмас,- деп, Абай мәселені діни сана ауқымында қарастырып, бірақ Алланың растығын айрықша көңіл бөлген. Ақын «Рас» деген түсінікпен нені айтқалы отыр. Бұл – бір мәселе. сонымен бірге, Алланың өзі ғана рас емес, сөзі де рас дегенде нені меңзеп отыр. «Рас» деген қандай болмасын заттың, құбылыстың мәнін, әрі сапалық мөлшерін білдіре алатын өлшем, заттың рас болуы да, болмауы да мүмкін, демек, растың бір-ақ мәні бар, ол оның шындығы.
Абай өз замандастарын да, кейінгі ұрпақ, біздерді де Алла туралы жеңіл әңгімеден аулақ болуға шақырған. Абай ұғымында ол ақылға сыймас шындық, сондықтан ол Алла мен Адам арасындағы жалғастырушы күш -махаббат деген тоқтамға келген.
Дененің барша қуаты,
Өнерге салар бар күшін.
Жүректің ақыл суаты,
Махаббат қылса тәңірі үшін.
дейтін қатарлаарынан айқын сезіліп тұрғандай, Алланың растығын Абай махаббат арқылы дәлелдемек болған, оның «махаббатсыз дүние бос» дейтіні де сондықтан.
|
Бейнебаян көру арқылы сұрақтарға жауап береді Блум таксаномиясы арқылы құрылған сұрақтар арқылы оқушылардың түсініктері сараланады
Өлеңнің мазмұны бойынша постер құрастырады Оқушылар бірін-бірі бағалайды. Жапондық бағалау
Ақынның өлеңдерінен мысалдар келтіріп, оларды талдау.
|
Оқулық, ғаламтор
https://bilim-all.kz/olen/63-Allanyn-ozi-de-ras-sozi-de-ras
АКТ
|