әсер. Әсерлерді қолдану. Сынып 11 Б кні 01. 02. 2017 Сабаты таырыбы коллаж, серлерді пайдалану
Скачать 14.56 Kb.
|
Сынып: 11 «Б» күні: 01.02.2017 Сабақтың тақырыбы: коллаж, әсерлерді пайдалану. Сабақтың мақсаты: Фотомонтаж ұғымынна анықтама беру, фотосуреттерді өңдеуді және баспаға даярлауды, коллаж, әсерлерлерді пайдалануды үйрету. Оқушылардың осыған дейін алған білімдерін дамыту. Ұқыптылыққа, жан- жақты болуға тәрбиелеу. Сабақтың түрі: жаңа сабақ Сабақтың өту барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: ІІ. Үй жұмысы: Кескіннің ерекшеленген аймағымен қандай іс- әрекет істеуге болады Кескіннің бір түсті пиксельдерін ерекшеленген аймаққа бөлетін құралды атаңдар? Сиқырлы таяқша және Түс бойынша ерекшелеу құралдарының айырмашылығы неде? Қай жағдайда Алдыңғы планды ерекшелеуді қолданған жөн? ІІІ. Жаңа сабақ Фотомонтаж дегеніміз- түрлі фотосуреттердің бөліктерінен құралған кескінді жасау үдерісі мен нәтижесі. Егер сендер фотомонтажды механикалық әдіспен орындасаңдар, онда фотосуреттен жеке бөліктерін қиып алып, бір- біріне үйлестіріп, оны жаңа бетке желімдейтін едіңдер. Мұндай әдісті және оның қолдану нәтижесін коллаж деп атайды. Компьютерлік фотомонтаж үдерісі кезінде жеке бөліктердің масштабтарын түзету және олардың кескіндегі қатынасы, түстер мен ашықтықты таңдау ең күрделісі болып табылады. Сапасыз монтаждалған кескінде құралған бөліктердің шеттері, ашықтық пен бөліктердің контрастылылығдағы а»ырмашылық көрініп тұрады. Монтаж кезінде әр қайсысы жеке қабатта орналсқан кескіннің көптеген үзінділері қолданылады. Қабаттар сұхбатында колжетімді бұйрықтардан (жаңа қабатты құру, қабаттың көшірмесін жасау және т.б.) басқа Файл-Қабат сияқты ашу бұйрығын қолданып, кескіннен қабат жасауға болады. Қабатқа мағыналы атау беру мүмкіндігін шектемеңдер. Ол алдағы уақытта сендерге қабаттарда шатасып кетпеуге керек болады. Қабат бетпердесі қарапайым бетперде сияқты, кескінді немесе оның бөлігін жасыруға мүмкіндік береді. Бетпердені қолдану кескіннің бөлігін қалғандарына тмей- ақ жоюға болады. Бетпердені қолдану кезінде ерекшелеу Ерекшелеу құралымен емес, сурет салу құралымен жүзеге асады. Бетперде сұр түспен кодталатындықтан, ақ бетпердеде қара түспен сурет салу сурет ауданын түссіз етеді. Фонды ауыстыру үшін бетпердені қолдану мысалын қарастырайық: Фонын өзгерту қажет кескінді ашыңдар. Жаңа қабат жасаңдар, оның градиентті құюын орындап, төменге түсіріңдер Жоғарғы қабатқа қабат бетпердесін қосыңдар: қабаттың клнтекстік мәзірдегі қабаттар сұхбатында Қабат бетпердесін қосу бұйрығын таңдаңдар. Бетпердені қабаттың пиктограммасының жанынан көрсетіңдер. Қара түстің жұмсақ қылқаламын алып, сурет салуды бастаңдар. Өзгерістер Қабаттар сұхбатындағы бетперде пиктограммасында бенеленетін болады. Дұрыс боялмаған аудандарды түзету үшін ақ қылқаламды алыңдар Егер нәтижесі сендерді қанағаттандырса онда қабаттардың контекстік мәзірінен Қабат бетпердесін бұйрығын таңдаңдар. Жылдам бетперде күрделі ерекшелеуді жасауға мүмкіндік береді және мысалы, фотосурет үшін жиектеме жасағанда жиі қолданылады. Жылдам бетперде режіміне әртүрлі әдістермен өтуге болады: терезенің сол жақ төменгі бұрышындағы батырмасын шерту. Назар аударыңдар: егер сендер фотоға дайын жиектеме қолдансаңдар, қолдансаңдар, онда ол ақтүсті болуы керек немесе оны түрлендіріңдер. кескін мен жиектеменің өлшемін қадағалаңдар- олар сәйкес келуі керек. ІҮ. Жаңа сабақты бекіту сұрақтары: Қабаттар бетпердесі неге арналған? Қабаттар бетпердесін қалай жасауға болады? Қабат- бетпердеде ерекшелеу жасау үшін қандай құралдар қолданылады? Жалдам бетперденің ақ бетпердеден айырмашылығы қандай? Ү. Үйге тапсырма: ҮІ. Оқушыларды бағалау |