Күні: 16.03.2018 ж
| | Мектеп: №41 Жамбыл атындағы жалпы орта мектеп
| Мұғалімнің аты-жөні, тегі:
| | Халтаев Сабиржан Абдулхамидович
| СЫНЫП: 5
| Сабақтың тақырыбы:
| Ежелгі сауда орталығы ретінде Үндістанның рөлі қаншалықты маңызды болды
| Оқу мақсаты:
| | 5.4.1.3-ЕжелгіҮнділердің саудасы мен керуен жолдарының бағыттарын анықтау.
| Сабақ мақсаттары:
| Барлық оқушылар:
| | | Ежелгі Үндістан мемлекеті туралы жалпы малғұматты біледі.
| | | Оқушылардың басым бөлігі:
| | | -Қолөнердің және сауаданың өркендеуіне патша неліктен бақылау орнатқанын және тоқыма, зергер бұйымдарының неден, қалай жасалғанын және оны қай елдерге саудаға шығарғандарын түсіндіреді.
| | | Кейбір оқушылар:
| | | Ежелгі Үндістандағы керуен жолдарының негізгі бағыттары мен сауда қатынастарының басым бағыттарын сипаттайды.
| | Бағалау критерийі
| Ежелгі Үндістанның жалпы саяси, экономикалық және шаруашылық жүйесін сипаттайды.
Ғылымның дамуында сауда керуендері мен шаруашылық жұмыстардың тигізген ықпалын анықтап, талдайды.
| Тілдік мақсаттар
| Негізгі сөздер мен тіркестер:
Тыңдалым, айтылым дағдысы: топтық және жұптық жұмыстар бойынша тыңдалым мен айтылым дағдысы қалыптасады.
Талқылауға арналған тармақтар:
Оқылым дағдысы: Мәтінмен жұмыс арқылы оқылым дағдысы қалыптасады.
Жазылым дағдысы: Термін сөздерді жаздыру және сауда жолдарын кескін картаға түсіру арқылы жазылым дағдысы қалыптасады.
Терминология:
| | Зебу, каботаж саудасы, эталон, дәмдеуіш.
| Құндылықтарға баулу
| Оқушы бойында еңбексүйгіштік пен шығармашылық, азаматтық жауапкершілік, отансүйгіштік, көптілдік, топта жұмыс жасай алу, толеранттылық қалыптастыру.
| Ойлау дағдыларының деңгейі
| Білу, түсіну және қолдану.
| Пәнаралық байланыс
| Геогрaфия, математика, сызу.
| Алдыңғы тақырып
| Неліктен Ежелгі Үндістанда Индуизм буддизмнен басым болды.
| Жоспар
| | | Сабақтың жоспарланған кезеңдері
| Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері
| Ресурстар
| І кезең: Сабақтың басы
(13 минут)
2 минут
10 минут
Бағалау 1 минут
| Оқушылармен сәлемдесу «Көңіл күй неге-ұқсас» сергіту сәті және сыныпты топқа бөлу (дүние бөліктері: оңтүстік, солтүстік, батыс, шығыс)
Үй тапсырмасы сүрау
«Сұрақ жауап» әдісі
Күтілетін нәтиже
Оқушы жасай алады:
Ежелгі үнділіктердің алғашқы діни түсініктерін айтады;
Индуизмнің үнді қоғамындағы орнын айқындайды;
Будда дінінің негізгі түсініктері мен нанымдарын айтады;
Сиддһардхаға деген көзқарасын айтады;
Буддизмнің үстанымдарына қарапайым халық пен бай
шонжарлардың көзқарасын түсіндіреді;
Таным әрекеті процесінде қарым-қатынас шеберлігі.
Жүзеге асыру қадамдары:
1-қадам: «Индуизм» тақырыбына тақтада кластер жасау; «Дін», «Карма», «Нирвана», «Брахман» «Реинкарнация» «Кришна»
Қалыптастырушы бағалау: «Бағдаршам» әдісі бойынша бағалайды.
| ниш
Дүние жүзі картасы
«Бағдаршам» әдісі
|
ІІ кезең
Сабақтың ортасы
10 минут
5 минут
| Жаңа сабақ. Видеоматериалмен жұмыс: Үндістан туралы бейне роликтер көрсетумен оқушылардың қызығушылығын оятып, жаңа тақырыппен таныстырамын.
«Джигсо» әдісі бойынша әр топқа мәтіннен тапсырма беремін (оқиды, талдайды, талқылайды) 1,3 топқа-Үнділер не өсірді және не өндірді? 2,4 топқа-Үнділер кімдермен сауда жүргізді?
«Сөздің орнын толтыр» ойынын өткіземін. Үнді мұхитындағы кеме апаты кезінде табылған хатты оқимын. Мәтінді оқу барысында мәтіннің кейбір үзінділерін оқымай тастап кетемін, себебі, олар судың кесірінен бұзылып қалған деп түсіндіремін.
«Үндістаннан келген хат» әдісі
Оқушылардың белсенділігін арттыруға бағытталған тапсырма:
1. Азияның оңтүстігіндегі үшбұрыштана теңізге сұғына еніп жатқан
үлкен түбек ..........деп аталады.
2. Шаруашылық және әскери мақсаттарға пайдалану алғаш.......да
пайда болды.
3. Халық арасында кең қолдау тапқаны........табыну болды.
4. Әлемге өз шәйімен әйгілі мемлекет........деп аталады.
«Ойлан тап» әдісі арқылы қалыптастырушы бағалауға арналған деңгейлік тапсырмамен жұмыс жасату:
Қалыптастырушы бағалау: «Екі жүлдыз бір тілек» стратегиясы арқылы бағалау
| Оқулық, маркер, плакат, стикер
| 5 минут
(жеке жұмыс)
| Кескін картамен жұмыс: Үнді сауда керуенінің бағыттарын кескін картаға түсіру.
- Кескін картаға үнділердің шығыс елдермен сауда бағыттарын сызады.
- Кескін картаға үнділердің солтүстік елдермен сауда бағыттарын сызады.
| А4 парағы
| ІІІ кезең
Сабақ соңы
3 минут
Бағалау
1 минут
Рефлексия
2 минут
Үйге тапсырма 1 минут
| Картамен жұмыс
1. Картадан Үнді мүхитын көрсет.
2. Үндістанның Географиялық аймағын анықтау.
3. Үндістанның түбегін көрсет.
4. Үндістанның сауда ісін жүргізген жерлерін ата.
«Жұптасып сұрақтарды талқыла» әдісі өткізіледі.
-Басқа елдерге сату үшін қандай тауар апаратын едің?
-Үнді тауарларын сатуға қай мемлекеттерге бағыт аласыңдар?
«Ыстық орындық» әдісі арқылы сұрақтар қойылады.
Кері байланыс: Бүгінгі сабақтың соңында қандай сезімді болдыңыздар?
Қалыптастырушы бағалау: Топтар бір-бірін «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалайды.
Б-білдім;
Б-білгім келеді;
Б-білмедім.
Ежелгі Үндістанда дамыған шаруашылықтың ерекше түрлерін сипаттап, 50 сөз көлемінде эссе жазу.
| Карта
БББ-кестесі
Оқулық, дәптер
| Саралау-сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз?
Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?
| Бағалау – сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?
| Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау
| Үй тапсырмасын сүрауда «Сұрақ-жауап» әдісін қолдандым. Жаңа сабақта «Джигсо» әдісі, «Сөздің орнын толтыр» ойыны және «Үндістаннан келген хат» әдісін қолдандым. Оқушыларға «Ойлан тап» әдісі арқылы деңгейлік тапсырмалар бердім және оқушылармен «Жұптасып сұрқтарды талқыла» және «Ыстық орындық» әдістерін қолдандым.
| Оқушылардан үй тапсырмасын сұрауда «Бағдаршам» әдісімен бағаладым. Оқушылардың деңгейлік тапсырмаларын бағалауда «Екі жүлдыз-бір тілек» стратегиясын қолдандым. Сабақ соңында оқушылармен өтілген тақырып бойынша сұрақ жауап өткізіп, «Бес бармақ» әдісі арқылы бағаланды.
| Топқа «Көңіл күй неге-ұқсас» сергіту сәтін өткізу. Топқа бөлінген кезде қауіпсіздік ережелерін сақтау туралы ескертіледі. Ноутбуктармен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік техникалық ережелерін сақтау.
| Бағалау критерийлері
| Дескрипторлар
| Балл
| Ежелгі Үндістанның жалпы саяси, экономикалық және шаруашылық жүйесін сипаттайды.
Ғылымның дамуында сауда керуендері мен шаруашылық жұмыстардың тигізген ықпалын анықтайды.
|
- Ежелгі Үндістанның жалпы саясатын біледі.
- Экономикалық және шаруашылық жүйесін
сипаттайды.
-Ғылымның дамуында сауда керуендері мен
шаруашылық жұмыстардың тигізетін ықпалын
анықтап, талдайды.
| | | | | | | | | | | | | | |