№
| Сабақтың мазмұны
| Мөлшерлеу
| Ұйымдастырушы-әдістемелік нұсқаулар
|
Дайындық бөлімі 6 минут
|
1.
| Сапқа тұрғызу. Сабақ міндеттерін нақтылау.
|
2.
|
| 6 мин.
|
|
Негізгі бөлім 32 минут
|
3.
| ТЕХНИКАЛЫҚ КЕШЕН БОС АУМАҚТЫ ҚОЗҒАЛЫС КЕЗІНДЕ ДОПТЫ ҚАБЫЛДАУ
| 8
мин.
| Міндеті: допты қозғалыс кезінде қабылдауды (қабылдау-ойыншыдан кету) үйрету.
Мазмұны: тікбұрыштың ішіне конустар аумағы 5 м құрайтын шаршы түрінде орнатылады. Үш ойыншы кезектесе отырып шаршының ішіне кіріп, допты алу үшін бос аумаққа ашылып доп қабылдайды.
Тапсырманы орындауға қойылатын талаптар: допты алыстағы аяғымен қабылдау. Допты қозғалыс кезінде қабылдау. Допты қабылдаған соң бапкер көрсеткен тәсіл бойынша бұрылып, доппен кету.
|
4.
|
ШАРШЫДА 4×1
| 10 мин.
| Міндеті: допты қозғалыс кезінде қабылдауды және бағытты өзгерте қозғалуды шыңдау.
Мазмұны: тікбұрыш ішінде төрт ойыншы, аяқтарының ішкі жағымен пас беріп ойнайды. Қорғаушы 50 секундтың ішінде оны тартып алуға тырысады.
Тапсырманы орындауға қойылатын талаптар: допты алыстағы аяқпен қабылдау. Допты қозғалыс кезінде қабылдау. Қорғаушы пас беретін жолды жапқан жағдайда, доппен бұрылып, қозғалу бағытын өзгерту. Доппен әрекет етуде шектеу жоқ. Допты оң және сол аяқпен қабылдау және пас беру.
|
5.
| 4×4 + қақпашылар
ФУТБОЛ ОЙЫНЫ
| 14 мин.
| Міндеті: допты қадағалау дағдысын шыңдау. Футболшылардың ойын кезінде жан-жақтарын (кеңістікті) бағдарлай білу біліктіліктерімен таныстыру.
Мазмұны: көлемі 20×20 м болатын алаңда (20×40 м алаңының жартысы) аз құраммен ойнау.
Қақпаның көлемі 1×1,5 м.
Тапсырмаға қойылатын талаптар: допты қабылдаған соң, оны бірден теппей, техникалық тәсіл жасау керек: доппен «адымдап» қозғалу, доппен бұрылып, ойыншы жоқ аумаққа ауысу, жақсы көңіл-күйді сақтай білу, ойыннан ләззат алу.
|
Қорытынды бөлім 2 минут
|
6.
| Жеңіл жүгіріс, жүру. Иілгіштікті дамыту.
| 2
мин.
|
|