Главная страница
Навигация по странице:

  • Күн тәртібінде

  • Жиналыс қаулы етеді

  • Сынып 6 Сынып жетекшісі Тоханова М. С 4 Атааналар жиналысы Кн тртібінде Оушыны жазы демалысын йымдастыру


    Скачать 50.5 Kb.
    НазваниеСынып 6 Сынып жетекшісі Тоханова М. С 4 Атааналар жиналысы Кн тртібінде Оушыны жазы демалысын йымдастыру
    Дата23.02.2022
    Размер50.5 Kb.
    Формат файлаdoc
    Имя файла0006f09f-540a323e.doc
    ТипДокументы
    #370704

    Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп

    Ата-аналар жиналысының хаттамасы

    Сынып: 6

    Сынып жетекшісі: Тоханова М.С

    №4 Ата-аналар жиналысы

    Күн тәртібінде:

    1. «Оқушының жазғы демалысын ұйымдастыру»

    2. Жылдық қорытынды

    3. «Қауіпсіздік ережесін сақтау»

    4. Әр түрлі (оқушылардың жазғы демалысы.)
    Хаттама № 4

     

    Облыстық көру қабілеті бұзылған балаларға арналған арнаулы мектеп-интернатының 11а сынып оқушыларның ата-аналары арасында WhatsApp месенджері арқылы жиналыс болып өтті.

    22.05.2021 ж.

    Жалпы оқушы саны – 3

    Қатысқаны – 3

    Күн тәртібінде:

    1. Оқушылардың ІV тоқсан бойынша қорытынды бағаларын, оқушылардың пәндерге ынтасы мен қызығушылығын мәлімдеу.

    2. «Оқушының жазғы демалысын ұйымдастыру»

    3. «Қауіпсіздік ережесін сақтау»

    4. Әр түрлі сұрақтар


    Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша 11 а сынып ата-аналарына WhatsApp месенджері арқылы ата-аналармен жиналыс өткізілді.

    Тыңдалды:

    Бірінші мәселе бойынша  сынып жетекші Жумина Айкөркем Маратқызы сөз сөйледі. Оқушылардың 4 – тоқсан бойынша бағаларын мәлімдеп, «жақсы» деген бағадан «қанағаттандырарлық» бағаға түсіп кеткен Турашев Жасұланның тарих пәндеріне ынтасы мен қызуғышылығын мәлімдеді.

    Екінші мәселе бойынша сынып жетекші оқушылардың жазғы демалыстарын ұйымдастыруда ата-аналарға балаларды тарихи орындарға, мұражайларға, табиғат аясына және де т.борындарға апарып жазғы демалыстарын қызықты өткізуге болатыны туралы ұсыныс жасады.

       Үшінші мәселе бойынша сынып жетекшісі сөз сөйлеп қауіпсіздік ережелерімен ата-аналарды таныстырып, жолда бала сақ жүруіне, абай болуына ата-аналарға үгіт-насихат жұмыстары туралы айтылды. Атап айтсақ

    • сабақтан тыс уақыттағы, яғни жазғы демалыс кезіндегі (2021 жылдың 25 мамыр мен 31тамыз аралығы)   техника қауіпсіздігі мен балалардың өмір қауіпсіздігі туралы әңгіме;

    • суға түсу мен су қоймалары жанындағы балалардың өзін ұстау ережесін сақтау;

    • жолда жүру ережесін сақтау. Жаяу жүргінші – бала жауапкершілігі. Жолдағы және үлкен жолдағы ойын, құлаққаптарды қолдану ережесі;

    • кәмелетке толмағандардың көлік жүргізуі, кәмелетке толмағандардың велосипед, скутер, мотоцикл, автокөлік, мопед және басқа да көлік түрлерін  жүргізуі;

    • өрт қауіпсіздігі ережесін сақтау: сіріңкемен, от тұтатқышпен және басқа да өртке қауіпті заттармен ойын;

    • ата-аналарсыз табиғат аясына саяхат, экскурсияға шықпау, бала өміріне ата-аналар жауапкершілігі;

    • сабақтан тыс уақытта 25.05-31.08.2021 кезіндегі балалардың күн тәртібі ережесін сақтауы (түнгі сағат 21.00 сағаттан кейін балалар мен жасөспірімдердің көшеде жүрмеуі);

    • жаман әдеттердің алдын алу бойынша үнемі әңгіме жүргізіп отыру;

    • кәмелетке толмағандардың жұмыс істеуі, балаларға ата-аналардың заңды жауапкершілігі.

    • Үлкен жиындарға, адам көп жиналған жерлерге баруға тиым салынады. 

    Ата-аналармен көктемде, жазда жүріс-тұрыс ережелері бойынша нұсқаулық өткізілді, сынып жетекшілер сонымен қатар балалар мен ата-аналарға оқу ережелерімен таныстым деген қолдарын жиналды.

    Ата-аналар жаз мезгілінде су объектілерінде өзін-өзі ұстау ережелерін сақтау қажеттілігі туралы ақпарат алды.            

     

    Жиналыс қаулы етеді:

    1. Оқушылардың сабаққа дайындығын бақылау, сыныптың білім сапасын көтеру.

    2. Оқушылардың жазғы демалыстарын тиімді ұйымдастыру

    3. Қауіпсіздік ережелерін ата-аналар балаларына үнемі сынып жетекшісімен қатар түсіндіріп отырсын.

    4. Сынып оқушыларының оқу сапасының көтерілуін сынып жетекшісі мен пән мұғалімдері, ата-аналар бірлесіп жұмыс жасау


    Ата-аналар комитетінің төрайымы: Қолымбаева Гүлім Сенгалиевана

         

    Хатшы:   Жумина Айкөркем Маратовна


    написать администратору сайта