Главная страница
Навигация по странице:

  • Жаңа тақырып

  • 2 тапсырма. Мәтінмен жұмыс

  • 3 тапсырма. “Сенің әрекетің”

  • 4 тапсырма.Карта арқылы талдау.

  • Дескрипторлар

  • Рефлексия.

  • «Су қорларының ластану себептері мен шешу жолдары » - эссе жазу.

  • cудың маңызы 7с курс. Сынып 7а,


    Скачать 65.07 Kb.
    НазваниеСынып 7а,
    Дата25.11.2021
    Размер65.07 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаcудың маңызы 7с курс.docx
    ТипДокументы
    #281680


    Күні:


    Тексерілді:

    Сынып:7«а», «ә»

    Педагогтің аты-жөні: Жүнісжан А.С

    Күні: 24.11.2021

    Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:

    Сабақтың тақырыбы

    Адам өміріндегі және шаруашылық қызметіндегі судың маңызы.

    Оқу мақсаттары


    -су қорының шаруашылықтағы маңыздылығын түсінеді.

    -тақырыптық карталар мен сызбалар пайдалану,су ресурстарымен қамтамасыз етілуді талдау жасайды;


    Сабақ мақсаттары

    -су қорының шаруашылықтағы маңыздылығын түсіну.

    -тақырыптық карталар мен сызбалар пайдалану,су ресурстарымен қамтамасыз етілуді талдау;

    -су ресурстарының қорын сақтауды шешу жолдарын ұсыну;

    -су ресурстарының маңызын білу.

    Сабақ барысы

    Сабақтың

    жоспарланғанкезеңдері

    Сабақтағы жоспарланған іс-әрекеттер


    Ресурстар

    Сабақтың басы



    Ұйымдастыру. Сәлемдесу.

    Экологиялық диктант:

    -Аралдар мен жағалаулар арқылы бөлінген мұхиттың бөлігі? (теңіз)

    -Жерорта, Қара, Қызыл, Азов теңіздері қандай түрге жатады? (ішкі)

    -Мұхитпен байланысып жатқан теңіз түрі? (сыртқы)

    -Аралдар арасында орналасқан теңіздер? (арал аралық)

    -Бір бөлігі құрлыққа терең еніп жатқан мұхиттың немесе теңіздің бөлігі? (шығанақ)

    -Құрлықтар арасын бөліп тұрған енсіз су айдыны? (бұғаз)

    -Табиғи ойыс жерлерге жиналған су? (көл)

    -Табиғи сутоғандар? (су қоймалар)

    -Табиғи арна арқылы ағатын су?(өзен)




    презентация

    Дүние жүзінің физикалық картасы, атлас


    Сабақтың ортасы



    Жаңа тақырып:

    " Бейне-ролик " -су қорын көрсету.

    " Миға шабуыл" - бейне-роликке байланысты талдаулар жасау. Қосымша №1.
    1 тапсырма. Төмендегі диаграммаларды пайдаланып әлем елдері мен аймақтарының су қорымен қамтамасыз етілуін талдаңдар. Қосымша №2.

    Талдау сұрақтары:

    1. Берілген диаграмма бойынша су қорларының әлем бойынша таралуын сипаттаңдар.

    2.Неліктен су қорлары әлем бойынша біркелкі таралмаған?

    3.Әлемнің қандай аймақтары су қорымен жақсы қамтамасыз етілген?

    4.Су қорларының таралуына қандай факторлар әсер етеді?

    5.Су қорларымен аз қамтылуы ел экономикасына әсер етеді ме?

    Дескрипторлар:

    - Оқушы диаграмманы пайдаланып әлемнің су қорлармен қамтамасыз етілуін талдай алады.

    - Су қорының таралуына әсер етуші факторларды атап бере алады
    2 тапсырма. Мәтінмен жұмыс

    -Неліктен Қазақстан аумағы бойынша су қорлары әркелкі?

    -Картадан еліміздің қандай аумақтары су қорларымен жақсы, қай аумақтары нашар қамтамасыз етілгендігін анықтаңдар.

    -Өзендері қай мұхит бассейндеріне жататындарын талдаңдар.

    -Елімізде суды қандай шаруашылық түрлеріне көбірек қолданылады?

    -Картадан Қазақстанның ірі өзен, көлдерін көрсетіңдер.

    Дескрипторлар:

    - Қазақстан аумағындағы су қорының түрлерін картадан көрсете алады

    - Әркелкі орналасу себебін түсіндіре алады

    3 тапсырма. “Сенің әрекетің”

    1.Неліктен гидросфераның көп бөлігін тұзды су алып жатыр?

    2.Неге тұщы су қоры Жер шарында жеткіліксіз?

    3.Судың көп бөлігі қандай мақсатта пайдаланылады?

    4.Адам өмірінде судың маңызын қандай жағдайларда көруге болады? 3 мысал келтір.

    Дескрипторлар:

    - Жер шарында тұзды судың неліктен көп екендігін түсіндіре алады

    - Судың адам өміріндегі маңыздылығын айта алады
    4 тапсырма.Карта арқылы талдау.

    1.Сумен қамтылуы төмен, орташа, жоғары деңгейлерге бір-бір елден жаз.

    2.Оған әсер етуші 3 факторларды анықта

    3.Төмен елдердің мәселесін шешу үшін бір мысал келтір


    Дескрипторлар:

    -Картадан сумен төмен , орта, жеткілікті қамтылған елдерді көрсетеді

    - Төмен елдердің мәселесін шешуге бір ұсыныс айта алады
    5 тапсырма. Судың өнеркәсіп пен шаруашылық салаларында пайдалану дәрежелерін анықтау. Су көлігінің артықшылықтары мен кемшіліктерін талдау.Д.ж.ұзын өзендердің біріне зерттеу жүргізу.

    Жоспары:

    А. Жүктер мен жолаушыларды тасымалдауда осы өзенді пайдалануы.

    Ә. Ірі айлақтар мен тасымалданатын жүктің түрлері қандай?

    Б.Өзеннің болашағы жайлы не айта аласыз?

    Дескрипторлар:

    Судың өнеркәсіп пен шаруашылық салаларында пайдалану дәрежелерін анықтап, талдай алады.

    Қорыту:

    1.Гидросфера қабатын ластаушы көздерді атаңдар

    2. Суды ең көп пайдаланатын сала?

    3.Дүниежүзілік мұхитты қандай заттар ластайды?

    4. “ Су- алтыннан да қымбат” деген сөздің мағынасын түсіндіріңдер. Бұл айтылған сөз қандай елдерге тиесілі деп ойлайсыңдар?

    5.Адамзаттың суға деген сұранысын азайтуға арналған шараны ұсыныңдар.



    " Су қоры" бейне-ролик

    Суреттер, диаграммалар
    Қазақстанның физикалық картасы
    диаграммалар

    суреттер

    Дүние жүзінің физ. картасы


    Сабақтың соңы

    Рефлексия. «Үш М» - оқушылар сабақ барысындағы маңызды деген үш сәтті және келесі сабақты жақсартуға бір ұсыныс айту керек.

    Үй тапсырмасы: «Су қорларының ластану себептері мен шешу жолдары » - эссе жазу.

    рефлексия

    Эссе жазу


    написать администратору сайта