Главная страница
Навигация по странице:

  • Өткізілген күні

  • Мақсаты

  • Мектеп психолог сөз сөйледі

  • Әлеуметтік педагог

  • Хатшы

  • Хаттама 9сынып. Сынып атааналар жиналысыны хаттамасы 5 Таырыбы


    Скачать 19.16 Kb.
    НазваниеСынып атааналар жиналысыны хаттамасы 5 Таырыбы
    Дата25.05.2023
    Размер19.16 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаХаттама 9сынып.docx
    ТипДокументы
    #1158176

    Сынып ата-аналар жиналысының

    хаттамасы № 5

    Тақырыбы: «Ата-аналарға балаларды Қорытынды аттестацияға даярлаудың психологиялық негіздерін оқыту».

    Мақсаты: ата-аналарға балаларды Қорытынды аттестацияға даярлаудың психологиялық негіздерімен таныстыра отырып, ата-аналар мен балалардың Қорытынды аттестация жөнінде түсініктерін кеңейту.

    Өткізілген күні: 20.04.2022 ж.

    Сынып жетекші: Токмурзов А.М.

    9 (10) сынып білім алушылары үшін емтихан жұмыстарының материалдарын (тапсырмалар мен балдарды қою схемасы) облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармалары (бұдан әрі – білім басқармалары), республикалық мектептердің 9 (10) сынып білім алушылары үшін емтихан жұмыстарының материалдарын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) дайындайды. Қорытынды аттестаттаудың мазмұнын анықтайтын талаптар және күтілетін нәтижелер әр пән мен оқыту тілі бөлінісінде ерекшелікпен регламенттеледі. Бір және екі пәннен жылдық қанағаттанарлықсыз баға алған 9 (10) сыныптардың білім алушыларына қорытынды аттестаттау өткенге дейін сол пәндерден оқу жылы бойынша қосымша жиынтық бағалау жүргізіледі. 9 (10) сыныпта жазбаша жұмыстарды орындауға – 2 астрономиялық сағат, математикаға (алгебраға) (жазбаша) – 3 астрономиялық сағат (физика-математикалық бағыттағы мамандандырылған мектептерде – 4 сағат) бөлінеді.

    Жазбаша емтихан және тестілеу аяқталғаннан кейін Комиссия мүшелері мектеп ғимаратында жалпы орта білім туралы «Алтын белгі» аттестаттарын алуға үміткерлердің жұмыстарынан басқа білім алушылардың жұмыстарын тексереді. Тексерілмеген жұмыстар мектеп басшысына сақтау үшін тапсырылады. Тексеру кезінде қателердің асты сызылады. Жалпы орта білім курсы бойынша эсседе қателердің саны жеке көрсетіледі. Математика (алгебра) пәні бойынша «2» және «5» деген бағалар қойылған жазбаша жұмыстарға мектеп Комиссиясы пікір жазады. 9 (10) сыныпта жұмыстар балл қою кестесіне сәйкес тексеріледі. 9 (10) сынып білім алушыларының пәндер бойынша қорытынды аттестаттау нәтижелері балл түрінде журналға (қағаз/электрондық) қойылады және осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес емтихан балдарын емтихан бағасына ауыстыру шәкілі бойынша ауыстырылады. 9 (10) сыныпта пән бойынша қорытынды бағаларды шығару кезінде қорытынды баға емтихан нәтижелері (бес балдық шәкіл бойынша) және оқу жылындағы тоқсандық бағалар (бес балдық шәкіл бойынша) 30%-70% пайыздық арақатынаста қойылады. Қорытынды бағаны дөңгелектеу ең жақын бүтіндікке қарай жүргізіледі.

    Мақсаты: Оқушылардың барлық мүмкіншіліктерін пайдалана отырып Қорытынды аттестацияға дайындау.

    Міндеттері:

    1. Қорытынды аттестацияға дайындық үшін барлық жағдайларды жасау.

    2. Оқушының Қорытынды аттестацияға дайындалуында кездесетін қиындықтарды анықтау.

    3. Оқушыға психологиялық көмек көрсету.

    Мектеп психолог сөз сөйледі:

    • Қорытынды аттестацияға дайындық кезіндегі оқушыға көрсетілетін психологиялық көмек түрлері:

    • Қорытынды аттестацияға тапсырудағы оқушының қызығушылығын анықтау (кәсіптік бағыт-бағдар беру жұмыстары);

    • Қорытынды аттестацияға дайындық, оқу материалдарын тест алдында қайталау;

    • Есте сақтау, қабылдау, ойлау қабілеттерін дамыту;

    • Релаксация жұмыстарын жүргізу;

    • Қорытынды аттестацияға алдындағы үрейленуді болдырмау;

    • Тест алдындағы мінез-құлқын бақылау, көмек беру.

    • Тест барысында пайда болатын мінез-құлық ерекшеліктері.

    Әр ата-ананы өз баласының тағдыры толғандыратындығын барлығымыз түсінеміз. Әрбір ата-ана өз баласының өмірі жақсы болғандығын, балаларының дендері сау, бақытты болғандық тарын қалайды.

    Осымен жиналысты жабық деп жариялауға рұқсат етіңіздер.

    Әлеуметтік педагог: Жазғы демалыс кезінде ата-аналарға арналған жадынама! Есіңізде болсын!!! БАЛАҢЫЗДЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫ СІЗДІҢ ТҰРАҚТЫ БАҚЫЛАУЫҢЫЗҒА БАЙЛАНЫСТЫ!!! Балаларыңызды қорғаңыз, оларды қараусыз қалдырмаңыз. Есіңізде болсын: Балалардың өмірі мен денсаулығы – сіздің қолыңызда!

    Қосымша сұрақтар.
    Хатшы: Балгумбаева Н.А.

    Сынып жетекші: Токмурзов А.М.



    написать администратору сайта