Аружан психологиялық мінездеме. Сынып жетекшісі Раыш Н.
Скачать 13.12 Kb.
|
Мінездеме Оқушы туралы мәлімет: Даирбекова Аружан 2011 жылы қыркүйек айының 20 жұлдызында дүниеге келген. Көкшетау қаласы, Центральный шағын ауданы 39/1 пәтерінің тұрғыны, Көкшетау қаласының №19 орта мектебінің 4 «в» сынып оқушысы болды. Өзі және отбасы туралы мәлімет бере алмайды, сөйлей алмайды. Отбасында жайлы, тұрақты қарым - қатынас қалыптасқан. Аружан толық отбасында тәрбиеленуде. Ата - анасы баланың үйлесімді дамуына, оның денсаулығына және оқуына әрдайым көмектесіп отырады. Аружанның оқу үлгерімі нашар, буындап оқи алмайды, онға дейін санай алады, түстерді ажыратады, айтқанды түсінеді, бірақ жауап қайтармайды. Пішіндерді ажырата алмайды, диктант жаза алмайды. Өз - өзіне қызмет көрсетуі жақсы, сыныптастарымен жақсы қарым қатынаста. Асханада өздігінен тамақ іше алады, өзіне сабақ жүргізетін мұғалімдер мен арнайы мамандарды жақсы таниды, сабақтарға өздігінен барады. Еске сақтау қабілеті, шығармашылық қиялы төмен деңгейде дамыған. Сөздік қоры жас ерекшелігіне сай емес. Негізгі қолы оңқай. Пәндер ішінде дене шынықтыру, көркем еңбек пәндеріне қызығушылығы мол. Сабақты себепсіз босатпайды. Сынып жетекшісі: Рақыш Н.Қ____________ |