кыз бала. Сынып саатыны таырыбы ыз бала лтты яты, халыты шырайы Масаты
Скачать 26.26 Kb.
|
Сынып сағатының тақырыбы: «Қыз бала - ұлттың ұяты, халықтың шырайы» Мақсаты: Қыз бала тәрбиесін, қыз баланың әдептіліктің, әдеміліктің, инабаттылықтың, сұлулықтың жаршысы екенін айту. Қыз баланы құрметтеп, қастерлей білуге тәрбиелеу. Қазақ халқының ұлттық болмысын сақтай отырып, қыздарға жат қылықтарды ажырата білуге, олардың денсаулығына, ұлт болашағына, рухани байлығына, тәрбиесіне келтіретін зияны туралы түсінік беру, олардың ішкі және сыртқы жан дүниесінің әдемі де арлы болуына шақыру. Достармен және құрбылармен күнделікті қарым-қатынаста жаман әдеттерден аулақ болу қағидаларын ұстануға тәрбиелеу. Көрнекілігі: Кітаптар, суреттер, слайд, стикерлер, бейнеүзінді. Жоспар. Кіріспе Қайырлы күн қадірлі қыздар мен ұстаздар! «Қыз ұлттың ұяты, халықтың шырайы» атты сынып сағатымызға қош келіпсіздер! Қазіргі таңда қыздар тәрбиесі ерекше мән беруді қажет етіп отыр. «Ұлт тәрбиелей отырып, жер тәрбиелейміз, қыз тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелейміз» деген халқымыз. Қазақ халқы «Қыз» деген сөздің өзін әдеміліктің, инабаттылықтың, сұлулықтың,нәзіктітің, сыпайылылқтың белгісі деп таныған. Қыз баланың ұқыптылығын, шеберлігін, сүйкімділігін,әдемілігін, жанының нәзіктігін, өнер, білімге бейім тұратынын жоғары бағалаған. 2. «Қыз» сөзіне ассоцация. Мұғалім: Біз қыз баланың бойынан нені көргіміз келеді: нәзіктік пен сұлулықты, ұяңдық пен инабаттылықты, сыпайылықты, әдемілік пен ұялшақтықты, өнерпаздық пен іскерлікті, шеберлік пен ақ ниетті, ақкөңіл қасиеттерді көргіміз келеді. Қазақ отбасында басқа ұлттарға қарағанда, қыз бала тәрбиесі ерекше мән береді. Қазақ халқында қыз баланы ардақтап ұстаған, оның көңілін қалдырмаған, оған қарсы сөйлемеген, оны мәпелеп өсірген және де қатал ұстаған, қыздың тәрбиесіне ерекше көңіл бөліп отырған. Қыз өмірдің гүлі. Қыз – қызғалдақ деп айтып жатады. Жалпы «Қыз бала» ұғымын өзіміз қалай түсінеміз, айтып көрейікші кәне? Кім ол қыз деген? (Болашақ ана; ұрпақ жалғасы; сүйікті жар; ұлттың ұяты, халықтың шырайы; ) 3.Қыздарға кеңес Кей қыздар сән қуамыз деп, түрлі бояуларды баттастырып, өзінің кімге айналғанын білмей де қалады. Олар баттасқан бояу жаққанда өздерін әдеміміз деп ойлайды, ал шындығында олар сорақы көрініп, айналасындағылардың зәресін ұшырып, жиркенішін тудырады. Сен табиғи, шынайы, жылы жүзді болуың керек. Сонда ғана жұртты өзіңе тарта аласың.Тартымды бол. Бұл дегеніміз қуыс кеуде болма деген сөз. Барлық қымбат пен жақсыны үстіне кигенімен, ол қыздың ішкі өресі болмаса, онымен не туралы сөйлесуді білмесең, он жерден үлде мен бүлдеге оранып тұрса да мұндай қыздар тез жалықтырады. Көбірек оқы, танымдық теле бағдарламалар мен фильмдер көр, мұражай, театрлар мен көрмелерге жиірек барып, өзіңнің көкжиегіңді кеңейт, спортпен айналыс. Сонда ғана сен көп адамға тартымды көрінесің. Ең бастысы сырт келбетің емес, ішкі рухани байлығың екенін естен шығарма. «Нәзіктік» түсінігін баяндаудың қажеті жоқ, алайда осы кезде де кейбір сәттерді ескеру қажет. Нәзіктік ол тек сыртқы физикалық пішіні ғана емес, ол әдемі, дұрыс мүсін, мәнді жүріс. Грациялық – бұл алдымен қозғалуды қадағалау. Артық, сонымен қатар дөрекі қозғалыстар, не жұлқынып сөйлеу де әдемі емес.Қатты дауыс шығарып сөйлесу, күлу, әсіресе, қоғамдық орындарда көргенсіздік болып табылады. Дұрыс киім кию аса орынды болып табылады. 4. Сұрақ-жауап: 1. Қыз балалардың бойында қандай қасиеттер болуы мүмкін 2. Өзіңді ұстау ережелерін білесің бе? (қонақта, театрда, сабақта, спорт залда, асханада) 3. Сен киіну мәдениетіне мән бересің бе? 4. Қыздарға байланысты қандай тыйым сөздерді білесің? 5.Ырым – тыйым – ұлағат көзі Қыз баланың жақсы болып өсуіне оның өскен ортасына, бірге жүрген құрбы-құрдастарының, дос-жарандарының да әсері өте күшті болады. Қазақтың «Қызың өссе, қызы жақсымен ауылдас бол», «Қызға қырық үйден тыйым» деген нақыл сөздері сол өмір тәжірибесінен алынса керек.Ұлы Абай атамыз «Ары бар, ақылы бар, ұяты бар ата-ананың қызынан қапы қалма» деген де сөзі бар. «Қызға қырық үйден тыйым» сөзінің астары да осында жатыр емес пе? Қызға 40 үйден тыйым 1. Жарыса сөйлеуге 2. Жалғыз қыдыруға 3. Жыртақтап күліп, сыпсыңдап сөйлеуге4. Орынсыз ұрынуға 5. Басқаларға қол тигізуге 6. Өтірік, өсекке 7. Суық жүріс, сумаң қылыққа 8. Кісіге қарай керіліп есінеуге9. Талтайып отыруға 10.Шалқайып жатуға 11.Тамақты обырлана асауға 12.Ұрлық қарлыққа13.Ұятты мүшелерін ашып жүруге 14.Бұраңдап қылмысуға15.Қызыл іңірде жатуға 16.Түске дейін ұйықтауға17.Кісі алдында киім ауыстыруға 18.Салт-дәстүрден аттауға19.Елді ғайбаттауға 20.Үлкендердің жолын кесіп, атын атауға21.Ішімдік пен шегімдікке 22.Ұрыс-керіске23.Беттен алып, бет жыртысуға 24.Қараулыққа, ысырапқа25.Рахымсыздық пен қатыгездікке 26.Түнде суға жалғыз баруға27.Жат жыныстылармен арласып жатуға 28.Күйеуге қашып тиюге29.Әдепсіз сөзге 30.Тарс-тұрс етуге 31.Адам мен жануарларды тебуге32.Кісіні қорлап жәбірлеуге 33.Тәкәппарлық пен сыйқымазақ жасауға34.Айғай сүреңге 35.Шектен тыс сыланып жасануға36.Қызғаншақтық пен күншілдікке 37.Менмендік пен өзімшілдікке38.Алдап-арбауға 39.Көрсеқызарлыққа40.Нәпсі құмарлыққа тыйым 6.Бейнеүзінді Артымызда өсіп келе жатқан сіңілілеріміздің өзі есепшіл, өркөкірек, сезімге сенбей «ақшаға» ғана сенетіндер саны көбею үстінде. Тәрбиені ата-анасынан емес, теледидар, компьютерден алып келе жатқан жастар буыны қалыптасу үстінде. Кейбір ата-ананың баласымен араласуға да уақыты жоқтың қасы десек болады. Осыдан барып бала әке-шешесінен суып, оларға деген сыйластықтан мүлдем қала береді. Бала кезінен жылылық сезім, мейірімділік көрмеген адам баласы қатыгездікпен өседі. Жүрегін бойлаған суық ызғардың өшін өзгелерден алатын жандар болып келеді. Қазір, жасыратын не бар, бұрын дәстүрімізде болмаған сүреңсіз жағдайлар бой көрсету үстінде. Қаладағы қазақ қыздарының көбісінің өзі бір-бірімен орысша сөйлеседі. Өзінің қазақ тілінде сөйлеуге талпынбайтыны өз алдына, кейбіреулері тіптен оны намыс көретіні бар. Күнделікті өмірдегі көріністерге бір сәт назар аударайықшы. Сұрақтар мен тапсырмалар: 1. «Қыздарға жат қылықтар» дегенді қалай түсінесің? 2. Жаман әдеттерге нені жатқызар едіңіз, неліктен? 3. Темекі тарту, арақ ішу қыздарға неге керек? 4. Денені жалаңаштау туралы не ойлайсыңыз? 5. Қыздар неліктен төбелеседі? 7. Мінезді анықтауға арналған 5 минуттық тест Өз мінезіңізді жаңа қырынан білгіңіз келеді ме? Мына кішігірім тесттен өтіп көріңіз. Саусақтарыңызды айқастырып ұстыңыз. Жоғарыда қай қолдың саусағы қалғанына назар аударыңыз. Нәтижелерін қағазға жазып отырыңыз. Егер жоғарыда оң қолдың саусағы болса, қағазға "2", сол қолдың саусағы болса, "1" деп жазыңыз. Жалған нысананы көздеңіз. Көздегенде қай көзіңіз ашық қалды? Сол болса "1", оң болса "2" санын жазыңыз. Қолыңызды кеудеңізде айқастырыңыз. Қай қол үстінде қалды? Сол болса "1", оң болса "2" санын жазыңыз. Шапалақтаңыз... Жоғарыда қай қол қалды? Сол болса "1", оң болса "2" деп жазыңыз. Енді нәтижелерді қортындылайық. «2222» - (толық оңқай). Сіз мінезіңіз тұрақты, сабырлы адамсыз, артық ұрыстар мен бос әңгімелерді ұнатпайсыз. «2221» Сіздің басты кемшілігіңіз - батылсыздық. «2212» Сіз оңай тіл табыса алатын, көңілді жансыз. «2111» Сіздің мінезіңіз тұрақты емес, көңіліңіз құбылмалы. Бірақ істеріңізді біреуге тапсырмайсыз, өз шаруаларыңызды өзіңіз тындырғанды жөн санайсыз. «2211» Сіздей адам жиі кездесе бермейді. Ақкөңіл, мейірімді бола тұрып, басқалармен оңай тілдесе аласыз, мінезіңіз өте жұмсақ. «2122» Сіздің ойлау қабілетіңіз рационалды, аналитикалық. Басқаларға күдікпен қарайсыз, сол себепті бойыңыздан суықтық байқалады. «2121» Ең сирек кездесетін мінез түрі. Сіз қорғансыз, басқалардың ойына тәуелдісіз. «1112» Эмоционалды, көңілді, батыл жансыз. «1222» Көңіліңіз күніне сан рет өзгереді. Өмірлік сұрақтарды шешуге жиі батылыңыз жетпей жатады.Алайда басқалармен қарым-қатынасыңыз әр уақыт жақсы болады. «1221» Эмоционалдық, жігерсіздік тән. Басқаларға сөзсіз сену қасиетіңіз бар. «1122» Сіз көңілді, қонақжай адамсыз. Бірақ кейбір сәттері тым қарапайым, сенгіш боласыз. Өзіңіздің істеріңізді сынға салғанды ұнатасыз. «1121» Сіз адамдарға тым сенесіз, мінезіңіз жұмсақ. Өнерге жақын болуыңыз мүмкін. «1111» - (толық солақай). Сіз өнерлі, кретивті адамсыз. Үйреншікті стереотиптер сіз үшін емес. Индивидуалистсіз, кейде тіпті эгоистсіз. «1212» Мақсатыңызға жетпей қоймайтын батыл жансыз. «1211» Сіз басқалардан оқшауланған өмір қалайсыз. Басқалармен тіл табысып, достасу - сіз үшін қиын мәселе. Алайда рухыңыз мықты, қойған мақсаттарыңызға қалайда жететін адамсыз. «2112» Мінезіңіз жайлы, жаңа достарды оңайлықпен табасыз. Қызығушылықтарыңызды жиі ауыстырасыз. Жаңашылдықтан қорықпайсыз. Қорытынды Ұлы даланың дана қыздарының бүгінгі жас ұрпағы елдіктің ұраншысы және инабатқа толы өмірдің қозғаушы күші болса екен дейміз қара көздеріміз. Өз халқын сүйе білген жас адамдардың бойында ұлттық намыс та, ұлттық рух та, жарасымдылық та табылары анық. Жас өрендеріміз талшыбық сияқты. Оны аялап-мәпелесең, бәйтерек болып өсері анық. Қыздарымыз саналы да тәрбиелі болып өссе, терең білім алса, жоғарыда айтылған өрелі міндет биігінен көрінері сөзсіз. Өзіміз аталмыш жастардың біреуі бола отырып, жастарды жамандыққа шақырудан аулақпыз. Күнделікті жол үстінде тілі мен сипаты бұзылмаған, өнегесі мен инабаттылығы бойына жарасқан қаракөз апа-сіңлілерімізді топтап жолықтыруға болады. Ұлттық салт-дәстүрімізді, рухани қазынамызды өнегемізді,жоғалтпай заман ағымынан қалмау - уақыт талабы. Өсіп-өркендеп келе жатқан біздің мемлекетіміздің тірегі ол - жастар! Ал біздің қазақ жастарымыздың баянды болашағына сеніміміз өте зор!-дей отырып «Қыз - ұлттың ұяты , халықтың шырайы» атты сынып сағатымызды аяқтаймыз. |