Главная страница
Навигация по странице:

  • Жүру барысы

  • «Не деу керек» әні

  • - Жөн еді не айтқаның Рұқсат па

  • Не деу керек Сәлеметсіз бе

  • Қорытынды

  • Міне, балалар осының бәрінен қандай түйін шығарар едіңдер

  • Сәлем сөздің анасы. Сынып саатыны таырыбы Слем сзді анасы Масаты


    Скачать 19.52 Kb.
    НазваниеСынып саатыны таырыбы Слем сзді анасы Масаты
    Дата01.11.2022
    Размер19.52 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаСәлем сөздің анасы.docx
    ТипДокументы
    #765518

    Сынып сағатының тақырыбы: «Сәлем - сөздің анасы»

    Мақсаты: Қазақ халқының ұрпағына тән иба мен имандылыққа, үлкенге құрмет, кішіге ізет, мейірімділікке баулу, амандасу салт-мазмұны жағынан өте бай ата дәстүр екендігін терең ұғындыру, оқушыларды адам бойындағы асыл қасиеттерді бағалай білуге, оны игеруге, айналасындағы адамдармен қарым-қатынас жасай отырып, әдет-ғұрпы мол, дәстүрді жалғастырушы қайырымды ұрпақ тәрбиелеу.
    Жүру барысы:
    Мұғалім:


    Сәлеметсіз бе, амансыз ба?

    Бәріміз күндей жарқырайық

    Бәріміз тату болайық!
    Бүгінгі «Сәлем – сөздің анасы» атты сынып сағатына қош келдіңіздер!

    «Сәлем – сөздің анасы» деп аталатын тақырып, яғни ол тегін емес. Неге десеңіздер сәлем — әдептілік белгісі.Сәлемдесу адамдардың бір – бірінің амандығын біліп, қуанышқа бөлену, тілдесу, яғни ізеттілік пен инабаттылық нышанын білдіреді.«Сәлем – сөздің анасы» деп неге айтқан?
    (Үлкен адамдарға сәлем беру – кішінің міндеті. Сәлем беру  инабаттылық, имандылық, көргенділік, мәдениеттілік белгісі.)
    Ал, балалар енді біз кімге қалай сәлем береді екенбіз.слайд 2(хормен)

    Алдымыздан кезіккен

    Көп танысты көреміз

    Бәрінен де ізетпен

    Біздер сәлем береміз

    Сәлеметсіз бе, ағай!

    Сәлеметсіз бе, әже!

    Амансыз ба, атай!

    Ұл – қыз сәлем береміз,

    Өнегелі өренбіз.

    (Видео қосу)
    Халқымызда ақ сақалды атаны, ақ жаулықты ананы жалпы үлкенді сыйлап, алдынан қия өтпей сәлем беру ата – дәстүрімізде бар қасиет.

    Кітапханашы:

    Балалар, сәлем беру, әдептілік туралы көптеген даналар өз ойларын айтқан екен. Енді сендердің қаншалықты мақалдарды, нақыл сөздерді білетіндеріңді тексерейік. Ол үшін «Кім ақылды?» ойынын ойнайық.

    Шарты: Мен мақалдың басқы бөлігін айтамын, сендер жалғастырасыңдар. Қол көтеріп жауап береміз. Жауап берген әрбір оқушыға белгі беріп отырамын. Соңында белгісі көп оқушыға сыйлық берілетін болады.


    1.Үлкенді сен сыйласаң, (Кіші сені сыйлайды)
    2. Әдепті елдің баласы (Алыстан сәлем береді)
    3.Сәлем беру де –парыз, (Сәлем алу да –парыз.)
    4.Алыстан алты жасар бала келсе ( Алпыс жасар қария сәлем берер.)
    5. Бір күн тұзын татсаң (Қырық күн сәлем бер.) 
    6.Әдепті бала-арлы бала, (Әдепсіз бала-сорлы бала)
    7. Әдепті бала ата-анасын мақтатар, ( Әдепсіз бала ата-анасын қақсатар)
    8. Әдептілік белгісі- (иіліп сәлем бергені)
    9. Сәлем беру бір абырой ( Сәлем алу мың абырой)
    10. Әдептілік ар-ұят (Адамдықтың белгісі)
    11. Сіз деген - әдеп , (біз деген-көмек)
    12 .Жақсы сөз- (жарым ырыс)
    13. Кішіден –ізет,( үлкенге-па расат)
    14.Әдептілік белгісі- (ар-ұят).
    15. Кеспе жолын үлкеннің, (шыдамсыздық үлкен мін)

    16. Сыйлап үлкен кісіні, (аялаған кішіні)

    17. Ана алдында – құрмет, (ата алдында – қызмет).
    Енді балаларға әдептілік жайында өлең оқылады, қандай әдепті сөз айту керек екенін айтады.

         «Не деу керек?» әні

     Апаң сенің базардан,

    Алма сатып әкелді.

    Ең үлкенін, жақсысын,

    Саған таңдап әперді.

    - Не деп барып жеу керек? Рахмет!

     Балалар жүр көшеде,

                                                      Естіледі шу-айқай.

            Сен де шықтың көршіңді,

         Қағып кеттің байқамай.

                               - Мұндайда не деу керек? Кешіріңіз!

     Әжең сенің түскі асқа,

     Қант-кәмпит салды мол.

     Жұрттан бұрын ыдысқа,

     Өз бетіңмен салдың қол.


    - Жөн еді не айтқаның? Рұқсат па?

                                                    Осы келген бетіңде

         Допты қудың, жарыстың.

                                                    Көшенің сол шетінде

                                                    Кезікті бір танысың.


                Не деу керек? Сәлеметсіз бе?
    Топтық тапсырмалар: ситуациялық сұрақтар.


    1. Қолында 2 ауыр сөмкесі бар бір әжей базардан келе жатыр еді. Алдынан ойнап 2 бала шығып, әжейді абайсызда қағып кетеді. Әжей жығылып, қолындағы бар заты шашылса да, екеуі артына қайырылмай алысып ойнап кете береді. Егер де сіз сол балалардың орнында болсаңыз не істер едініз?


    2. Екі оқушы мектепке келе жатыр еді, алдарынан қарт кезігіп қалды. Ол оқушылардан мектепке дейін жол көрсетуін сұрады. Сонда оқушылар өздерін асығыс екенін айтып, өз жөндерімен кетіп қалады. Егер де сізде осындай жағдай болса сіздің іс әрекетіңіз?


    3. Қоғамдық көлікте орында отырдыңыз, бір аялдамадан баласын көтеріп бір апай мінді, ондай жағдайда қандай әрекет жасайсыз?
    4. Көшеде жүргенде қандай әдептілік ережелерін сақтау керек?
    5. Амандасудың қандай түрлерін білесіңдер? Қыз, ұл балалардың амандасу түрлерін көрсет.
    6. Үйде жалғыз отырсыз. Ауылдан туған туыстарыңыз келді. Сіздердің іс әрекеттеріңіз ..
                             
    Қорытынды:оқушылар

     

    Әдептілік әліппесі 



    Ата маған әманда
    Әдепті жан бол деген
    Ата сөзі санамда:
    Жасы үлкенге жол берем.
    Алдын орап кісінің
    Кесіп өтпей көлденең,
    Ізетімен кішінің
    Сәлемдесіп қол берем...
    Анам маған
    Анам маған Үлкенді сыйла деген,
    Сол сөз маған ізгілік құйған ерен.
    Үлкендерден ауысқан кішілікті,
    Үлкендердің өзіне сыйға берем.


    Мұғалім:

    Міне, балалар осының бәрінен қандай түйін шығарар едіңдер?
    Сөздің басы сәлеммен басталады. Сәлемдесе білу де өнер.

    Сәлемдесуден жалығуға хақымыз жоқ.

    Сәлем беру – кішіліктің белгісі

    «Әдептілік белгісі – иіліп сәлем бергені»

    Сәлем түзелмей, әлем түзелмейді.

    Ешқашан да сәлем беруден шаршамайық.
    Мұғалім:

    Сәлемдесу – ынтымақ, бірлікке шақырады. Адамдықтың белгісі сәлемдесу екенін ұмытпайық. Сәлемдесуден жалықпайық. Сәлеміміз түзу болсын! Сәлемдесер адамымыз көп болсын!


    написать администратору сайта