Главная страница
Навигация по странице:


  • Барысы: Мұғалім

  • Оқушылар

  • Жер ана

  • Мұғалім

  • Назым

  • 17 04.2023 жаны саудың тәні сау. Сыныпжетекшісі Конаккалиева А. Н сынып саатыны таырыбы


    Скачать 22.68 Kb.
    НазваниеСыныпжетекшісі Конаккалиева А. Н сынып саатыны таырыбы
    Дата03.05.2023
    Размер22.68 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла17 04.2023 жаны саудың тәні сау.docx
    ТипДокументы
    #1105062

    Сыныбы: 1 б

    Уақыты:03.04.2023

    Сыныпжетекшісі:Конаккалиева А.Н

    Сынып сағатының тақырыбы:

    Тәні саудың жаны сау

    Сынып сағатының мақсаты:

    оқушыларға салауатты өмір салтын сақтаудың қажеттілігін, зиянды заттардың зардаптарын білуге, жат әдеттерден аулақ болуға үйрету; ой – өрістерін, сана сезімдерінің тілдерін, шығармашылықтарын дамыту; жас ұрпаққа адам денсаулығының басты байлық екендігін түсіндіру. Денсаулық негізі қимыл, спорт, дұрыс тамақтану, таза ауада дұрыс жүру екенін ұғындыру

    Сынып сағатының міндеті:

    Шымыр да шапшаң, ұқыпты да жинақы, талғампаз да қанағатшыл, таза да әдемі болуға, адамгершілік пен биік мәдениеттілік қасиеттерді бойына сіңірген жан – жақты, рухани дамыған тұлғаны тәрбиелеу,.

    Бағалау критерийлері:

    бір-біріне және қоршаған ортаға жақсылық жасай білуге, оқушының ой-өрісін дамытады.

    Сынып сағатының түрі:

    сынып сағаты

    Ресурстар:

    Тақырыпқа байланысты дидактикалық материалдар,мультимедиа

    құралдары

    Функциональдық сауаттылық:

    Оқушылардың сыртқы ортамен қарым-қатынас жасау қабілеті

    Жүру барысын алдын ала үйлестіру


    Алғашқы сөз (кезең)
    Ортаңғы кезең

    Тапсырмалар легі

    Соңы (бекіту)


    Барысы:

    Мұғалім: Адамның ден саулығы-қоғам байлығы. Әрбір адам өз денсаулығын мықты болу жолдарын қарастыру керек. Дені сау адамның көңіл-күйі көтеріңкі болып еңбекке әрқашан құлшына кіріседі. Отанымыздың келешекте көркеюі- балалар сендердің қолдарыңда. Сондықтан сендердің таңдауларың –салауатты өмір салтын сақтау. Біздің өмірімізді жарық қылатын, жан жағымызға тамаша сәулесін шашатын, өмірдегі басты байлық не деп ойлайсыңдар?

    Оқушылар: Денсаулық

    Мұғалім: Бүгін біз сендермен ұшқыш кілемге отырып,бірнеше патшалықтарға саяхат жасаймыз.Саяхатқа шықпас бұрын,бүгін біздің сабағымызға қонақ келіп отыр.Сол қонағымызды қарсы алайық!

    Жер ана: -Сәлеметсіңдер ме балалар?

    Оқушылыр: -Сәлеметсіз бе , Жер ана!

    Жер ана: -Күніміз ашық болсын!

    Жеріміз кең болсын!

    Ауамыз таза болсын!

    Суымыз тұнық болсын!

    Гүліміз жақсы өссін!

    -Балалар,сендер саяхатқа шыққалы жатыр деп жақсы хабар естідім.Сәт сапар тілеймін!

    Мұғалім: Ал балалар кәне бәріміз ұшқыш кілемге отырып,бірінші патшалыққа барайық.Ол бізде «Тазалық патшалығы».

    Алихан - Өмірде тұрмыста тазалықты сақтау адамның денсаулығына өте қажетті жағдай.Әр түрлі жұқпалы аурулар адамға микробтар арқылы таралатыны және одан микробтар кір-қоөысты жерлерде өсіп-өніп, шаң-тозаңмен бірге көтерілетіні баршамызға белгілі.Сондықтан тазалық талапқа сай болуға тырысу керек.

    - Шығып тазалық жайлы тақпақтарымызды айтайық.

    АлинурЖақсы бала құлақ сап

    Айтқаныңды ұғады.

    Төсегінен тұра сап,

    Таза ауаға шығады.

    Жақсы бала ол анық ,

    Істемейді шалалық.

    Тап-таза боп жуынып,

    Алады өзі таранып.

    Мұғалім: Жұмбақ шешу.

    1. Иілсең иіліп

    Шүйілсең шүйіліп шықты

    Қаз-қатар болып

    Қарайды кісіге

    Ұқыпты ісіңе

    Бұл не?

    (Айна)

    1. Ертемен күнде сен

    Қолыңды сүйкесең

    Кетіп кір-ласың,

    Тап-таза боласың.

    (Сабын)

    1. Күндіз шешінеді

    Түнде киінеді.

    (Киім ілгіш)

    1. Отыз екі мықты

    Он алтысы асты

    Он алтысы үсті.

    (Тіс)

    1. Шомылған баланы,

    Аймалап алады.

    Сүртеді қолын да,

    Сүртеді жонын да.

    Бұл не?

    (Сүлгі)

    1. Көпіремін,

    Лепіремін

    Кірің болса кетіремін.

    (Сабын)

    1. Суда жүзер кеме емес,

    Кемеден ол кем емес.

    Істенін жөн істер,

    Жүрген жерін тегістер.

    (Үтік)

    Мұғалім: Келесі патшалығымыз «Дәрумендер патшалығы». Балалардың күнделікті тағамдарында жеміс-жидек,көкөністерде дәрумендер көп болуы тиіс.Неліктен?

    Дәрумендерге сөз берейік!

    Медина: Витаминдер тірегің,

    АВСДЕ деп аласың.

    Жетіспесе бірі оның,

    Ауырып сен қаласың.

    А-сы қажет көзіңе,

    В-сы жүйкені тоғайтар,

    С-дан микроб безінер,

    Д-сүйекті нығайтар.

    Али: «А» Мен болмасам егерде

    Көзің жақсы көрер ме?

    Жетіспесе ағзаңда,

    Бойың биік өсер ме?

    Малика: «В» Менсіз жүйке шаршайды,

    Ашуланып кеп саларсың айқайды.

    Қан азайып,әлсірейді жүрегің,

    Асқазаның ас қорыта алмайды.

    Назым: «С» Мен болмасам бойыңда,

    Тісің дұрыс өспейді.

    Ішкен асың бойыңда,

    Жөнімен тарап сіңбейді.

    Алихан: «Д» Мен жетіспеі қалғанда,

    Мешел болып өсерсің.

    Қаңқаң қисық болғанда

    Өкінумен өтерсің.

    Мұғалім: Өте жақсы!Дәрумендер патшалығынан көп нәрсе үйрендік деп ойлаймын.Ендеше ұшқыш кілемге отырып, келесі патшалыққа барайық. «Дұрыс тамақтану патшалығы».

    Мақал-мәтел айтып жарысайық!

    Мұғалім:Күн мен гүлден жаралған,ыстық сезім ,,шуақ содан таралған.Тіршіліктің иесі Жер ананы тыңдайық.

    Жер ана:Балалар,адамның денсаулығынан асқан байлық жоқ.Сондықтан денсаулықтарыңды сақтаңдар!

    Мұғалім:Уау Жер ана!Дені сау ұрпақтың қалыптасуына не керек?

    Жер ана:Денсаулығың мықты болу үшін тұрақты да мәнді өз күшінің болуы немесе яғни бойды тік ұстау,дене жаттығуларын орындау,ақыл-ойды дұрыс қалыптастыру,жерің мен табиғатыңды қорғау керек.Ал мына 7 өсиетті естен шығармаңдар:

    - Ерте тұру

    - Орта тазалығын сақтау;

    - Өзіңді таза ұстау;

    - Артық тамақ ішпеу;

    - Жер ананы аялау;

    - Денені шынықтыру;

    - Сергек жүру.

    Салауатты өмір салтын ұстаныңыздар!

    Қош сау болыңдар,келесі кездескенше!

    Оқушылар:Сау болыңыз Жер ана!

    Мұғалім: Ал енді «жаттығу» жасайық.

    - Бүгінгі сынып сағаты

    Денсаулық жайлы сөз еткен

    Көп нәрсені ұғып алдық

    Кетпейтұғын мәңгі естен!

    -деп тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.Көңіл қойып тамашалағандарыңызға көп рахмет!

    І
     


    написать администратору сайта