Педикулез. педикулез. Сыратты санитарлы жуып шаю
Скачать 16.84 Kb.
|
СЫРҚАТТЫ САНИТАРЛЫҚ ЖУЫП – ШАЮ Науқастарды педикулезге қарау қажет. Бас пен киімнен шыққан биттер түрлі қауіпті жұқпалы аурулардың тасымалдаушылары болып есептеледі. Санитарлық жуып шаю бөлмесінде науқастың шашын тексереді. Егер бит немесе сірке табылса, ауруды шешіндірместен кушеткаға отырғызып, қолда бар ерітінділердің бірімен тазалайды, яғни дезинсекция (жұқпалы аурулардың қоздырғыштарын тасымалдайтын зиянды жәндіктерді жою) жүргізіледі. Карбофостың 0,15% сулы – эмульсиялы ерітіндісімен тазалау Дайындау керек: 0,15% карбофос ерітіндісі, клеенка орамал, мата орамал, жылы су, 6% асханалық сірке суы, майда тарақ, арнайы қап. Іс- әрекеттер: 1. Орамалды байлап, халат пен биялай киіңіз. 2. Науқасты кушеткаға отырғызып, шашына 0,15% карбофос ерітіндісін жағыңыз. 3. Клеенка орамалмен, сонан соң сыртынан мата орамалмен ораңыз. 4. 15-20 минуттан кейін жылы сумен жуыңыз, содан кейін 6% асханалық сірке суымен шайыңыз. 5. Шашын майда тарақпен тараңыз. 6. Науқастың киімін зарарсыздандыру камерасына өткізу үшін қапқа салыңыз. 7. Медициналық картаның мұқаба бетінің оң жақ бұрышына педикулез табылған туралы «Р» деген белгі қойыңыз. 8. Науқаспен байланыста болған заттар мен жабдықтарды да жоғарыда аталған дезинсекциялық ерітіндімен тазалаңыз. 9. Мейірбикенің орамалын, халатын, биялайын, қапқа салып, зарарсыздандыру камерасына өткізіңіз. 10. «Жұқпалы ауру туралы жедел хабарламаны» қағазын толтырып, жергілікті санитарлық эпидемиологиялық станцияға жіберіңіз. Ескерту! Карбофос ерітіндісін, жүкті әйелдер мен 5 жасқа дейінгі балаларға қолдануға болмайды. Осы ерітінділерді қолданған кезде көздің, мұрынның, ауыз қуысының кілегей қабаттарына шашырамаудың алдын алу керек. Шашыраған сәтте ағынды сумен жуу керек. Ниттифор ерітіндісімен тазалау Дайындау керек : 0,5% ниттифордың сулы спиртті ерітіндісі, орамал, майда тарақ, дәке тампоны, сусабын. Іс- әрекеттер: 1. Науқасты кушеткаға отырғызып, дәке тампонын ниттифордың 0,5% сулы – спиртті ерітіндісіне малып алып, шашына жағамыз. 2. Орамалмен басын ораңыз, 40 минуттан соң, шашын жылы суда сусабынмен жуыңыз. 3. Шашты майда тарақпен тараңыз. Ескерту : - препарат отта қауіпті, сондықтан жанып тұрған оттың қасында қолдануға болмайды; - көздің, мұрынның, ауыз қуысының кілегей қабаттарына шашырамаудың алдын алу керек. Шашыраған сәтте ағынды сумен жуу керек. Ал егер педикулез анықталмаса, науқастарға гигиеналық ванна, су сепкіш немесе сүртіну жүргізіледі. Қабылдау бөлімшесіндегі сырқатты санитарлық – гигиеналық жуып – шаю оның күйінің ауырлығын ескере отырып, бір немесе екі кезекті жүйемен жасалады. Мейірбике сырқатты дәрігерлік алдын ала тексеру бөлмесінен ванна бөлмесіне апарады. Ол бөлме кең, жарық, таза және жылы (25˚С) болуы тиіс. Ванна бөлмесіндегі сүртінуге арналған сүлгілерді немесе жаймаларды кептіру үшін электр құрылғылары болғаны жөн. Ваннаны ыстық сумен шайып, тесігін тығынмен жабады. Ваннада болу ұзақтығы судын температурасы мен сырқаттың жалпы күйіне байланысты. Су температурасы 35-36˚ С болу керек. Гигиеналық ванна алудың орташа ұзықтығы 20-30 минут. Ваннаны дайындауға, оны таза ұстауға кіші мейірбике жауапты. Науқастың жағдайына байланысты гигиеналық ванна немесе душ беріледі. Ол үшін ваннаға орындық қойылып, оған сырқатты отырғызады. Ваннадағы сияқты тәртіппен жуады. Әрбір науқастан соң ваннаны сабынды жөкемен жуып, зарарсыздайтын ерітінділердің бірімен шаю керек. Бөлмеде кушетка, таза киімге арналған шағын шкафтар мен кір киімге арналған шағын бактар, үстел, оның үстінде қырынуға, шашын қиюға арналған қажетті заттар, сабындар, жөкелер болуы керек. Үстел үстінде «таза жөкелер» мен «лас жөкелер» деген жазулары бар ыдыс болуы керек. Әрбір сырқат жуынып-шайынған соң жөкелер ыдысқа салып қайнатылады. |