есеп лор. Ситуациялы есеп 1
Скачать 18.2 Kb.
|
Ситуациялық есеп № 1 16 жастағы науқас Д., маңдай бөлігінің қатты ауырсынуына,мұрынның бітелуіне және дене температурасының 38,7 С жоғарлауына шағымданады. Бұл белгілер 4 күн бұрын басталған. Науқас тұмаумен ауырып,толыққанды емделмеген. Қарау кезінде: мұрын қуысының шырышты қабаты гиперемияланған, инфильтрацияданған, ортаңғы және төменгі мұрын жолдарында ірің байқалады. Қасүсті аймақты пальпациялағанда оң жақта ауырсыну анықталды. Мұрынның қосалқы қуыстарының рентген суретінде: оң жақ маңдай қойнауында қараю және горизонтальды деңгейде сұйықтық анықталды. Риноскопияда: ортаңғы мұрын қалқанының астында бөлінділер жинақталған.
Ситуациялық есеп № 2 53 жастағы науқас жалпы тәжірбиелік дәрігер қарауына келді. Науқас құрғақ, дөрекі, «үрмелі» жөтелге, дауысының қарылуына, тыныс алу кезінде дөрекі дыбыстың шығуына және кей кезде дауысының шықпай қалуына шағымданады. 30 жыл бойы 1 тәулікте 2 бума темекі шегеді. Бұл шағымдар соңғы 7 жыл ішінде күшейген. Анамнезінде: фаринголарингеальды рефлюкс пен созылмалы эрозивті гастритпен ауыратынын атап өтті. Ларингоскопияда: көмейдің шырышты қабаты гиперемияланған. Вестибулярлы және дауыс қатпарлары симметриялы, екі жақты гипертрофияланған. Дыбыс саңылауында диаметрі 1-3 мм симметриялы түйіндер анықталды. Пахидермия анықталды.
Ситуациялық есеп № 3 Науқас Н., жалпы тәжірбиелік дәрігердің қарауына келді. Науқас дене температурасының 40°C дейін көтерілуіне, жұтынғанда тамағының ауырсынуына, дисфонияға, кейде дауысының шықпауына, жұтынудың қиындауына, ауырсынумен сипатталатын ұстама тәрізді жөтелге, тыныс алудың үдемелі қиындауына шағымданады. Науқастың айтуы бойынша ауру кенеттен басталған. Ауруын бірнеше ай бұрын туберкулезге қарсы диспансерде емделіп жатқан туысымен қарым –қатынаста болғанымен байланыстырады. Объективті: тікелей емес ларингоскопияда көмейдің ісінген шырышты қабатында көптеген шашыраңқы миллиарлы , сұр түсті бөртпелер анықталды. Бөртпелер бір-бірімен бірлесіп,казеозды ыдырауға бейім беткей жара түзген. Мойын лимфатүйіндері ұлғайған,ауырсынады.
Ситуациялық есеп № 4 Науқас 43 жаста, көп жылдардан бері оң құлағының есту қабілетінің төмендеуіне, құлағынан жағымсыз иісті сұйықтықтың бөлінуіне, кейде құлағының ауырсынуына шағымданады. Тамшылармен емделген,бірақ нәтижесі болмаған. Объективті: оң құлақ – құлақ аймағы өзгеріссіз. Есту жолында жағымсыз иісті шырышты-іріңді сұйықтық анықталды, дабыл жарғағының артқы-жоғарғы квадрантында шеткерлік перфорация байқалады. Есту қабілеті 0 м сыбырлап сөйлеуге және 2 м ауызекі сөйлеуге дейін төмендеген. Отоскопияда: есту жолы мен дабыл жарғағы қуысында сұйықтық анықталды. Дабыл жарғағының ретракциясы, медиальды қабырғаның шырышты қабатының гиперплазиясы анықталды.
|