Главная страница

6 Естореева А. Ситуациялы есеп 6


Скачать 16.22 Kb.
НазваниеСитуациялы есеп 6
Дата03.05.2021
Размер16.22 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файла6 Естореева А.docx
ТипДокументы
#200928

Ситуациялық есеп №6

34 жастағы әйел жедел жәрдеммен гинекология бөлімшесіне 38,4 С дене қызумен ,іштің төменгі жағының ауырсынуына шағымданып түсті. 1 тәулік бойы ауырып, етеккірдің 7 күнінде жоғарыдағы шағымдар байқалған. Объективті: жағдайы орташа ауырлық дәрежеде. Пульс 1 минутта 104 қағыс,t – 38,40С. Іштің пальпациясы кезінде жұмсақ, төменгі бөлімінің ауырсынуы. Сол жақ құрсақ бөлімінің тітіркенуі. Гинекологиялық тексеру: айнада – қынаптың шырышты қабаты және жатыр мойны қызарған, іріңді бөліністер. РV: Жатыр мойны цилиндірлі, сыртқы ернеу жабылған. Жатырдың орналасуы, көлемі қалыпты. Жатыр қосалқыларының аймағында екі жағынан ауырсынатын ұзарған түзілім анықталды.

  1. Диагноз:Эндометрит – жатырдың сілемей қабатының инфекциялық қабынуы. Себептері Эндометриттің себептері - инфекциялар, мысалы, хламидиоз, гонорея, туберкулез, немесе қалыпты жағдайда іншекте кездесетін бактериялардың бірнеше түрінің бірігуінде туындауы мүмкін. Көпшілік жағдайда эндометрит өздігінше болатын түсікте, ұзақ босануда немесе кесарь тілігінен кейін пайда болады. Эндометриттің даму қаупі жатыр қуысын зерттеу бойынша диагностикалық шараларды өткізуден кейін артады. Мысалы, дилатация және кюретаж (жатыр мойнын кеңейту және жатырдың сілемей қабатын тазарту), гистероскопия және жатыр ішілік құралдарды орнату (ВМУ). Эндометрит басқа гинекологиялық инфекциялармен қатар пайда болуы мүмкін, мысалы, жіті сальпингит, жіті цервицит және жыныстық жолмен берілетін инфекциялар (ИППП).

  2. Симптомдары • Іштің төменгі бөліміндегі кебу немесе ісіну • Іншектен етеккірге байланысты емес қан кетуі • Іншектен дертті бөліністер шығуы • Іш босатуда жағымсыз сезіну (іш қатуы) • қызба (38-400 С) • жалпы әлсіздік, үрейлену сезімі • Іштің төменгі бөліміндегі ауырсыну (жатыр аумағындағы ауырсыну)

  3. Емі:Эндометриттің асқынуының алдын алу үшін антибактериалдық емдеу тағайындалады. Егер антибактериалдық емдеу жергілікті өткізілсе (гинекологиялық шаралар барысында), емдеудің толық курсын өтіп, қабынудың өткендігіне көз жеткізу қажет. Босанудан кейін пайда болған эндометриттің ауыр өтуінде науқас ауруханаға жатқызылуы қажет. Қосымша емдеу: • Көктамыр арқылы сұйықтықтар құйылуы • Демалу. Егер ауру жыныстық жолмен берілетін инфекциядан туындаса, науқастың жыныстық қатынастағы серіктестерін қоса тексеру қажет.


написать администратору сайта