Главная страница
Навигация по странице:

  • 2.Онтогенез түсінігінің филогенез түсінігінен айырмашылығы неде

  • 9. «Қасқыр (жырық) таңдай» туа біткен даму ақауы қандай жасушалық механизмнің бұзылуынан болады

  • Жеке дамудың қай кезеңінде «сиям егіздері» дамиды

  • Практикаррр. тәжірибелік сабаққа арналған тапсырмалар. Ситуациялы есептер шыару


    Скачать 193.69 Kb.
    НазваниеСитуациялы есептер шыару
    АнкорПрактикаррр
    Дата31.10.2021
    Размер193.69 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлатәжірибелік сабаққа арналған тапсырмалар.docx
    ТипДокументы
    #260110



    Ситуациялық есептер шығару:


    1. Адам онтогенезінің кезеңдерін уақытына сай белгілеп бір сызық бойында сызба түрінде көрсетіңіз. Онтогенез неден басталады?


    2.Онтогенез түсінігінің филогенез түсінігінен айырмашылығы неде?

    3. Онтогенездің ерте кезеңінде жасуша дамудың көп бағыттарының ішінен бір бағыттын ғана таңдайды, яғни белгілі бір бағытта дамитындығы анықталынған. Бұл құбылыс қалай аталады?

    4. Жұмыртқа жасушасының цитоплазмасының құрамы бойынша гетерогенді. Бұл гетерогенділік бластомерлер цитоплазмасының да әртүрлілігіне әкеледі, сондықтанда әрбір бластомер морфогендер концентрациясына жігіне қарай жіктеледі немесе арықарай даму жайлы ақпаратын алады. Не жайында айтылып тұр?Онтогенездің бұл кезеңі қалай аталады?

    5. Бөлшектену барысында бластула түзіледі және әрбір жасуша өзінің қалыптасқан жігіне қарай білгілі бір орнын табады. Осы жағдай қалай аталады?

    6. Көз аралық мидың ұлпасынан бастама алады, көз бұршағы тері эктодермасына қарай өседі де оның біріккен жерінен эктодерманың ойысуынан көз бұршағы дамиды. Егер ұрықтың бір жағынан көз көпіршігін алып тастаса онда көзбұршағы дамымайды. Егер керісінше көз бұршағының бастамасын бастың басқа жеріне тері астына немесе кеудеге қарай көшіретін болса онда эктодерма шекарасында көз бұршағы дамиды. Г.Шпеман тәжірибесіндегі көздің қалыптасуында қандай құбылысты бақылады?
    7. Ата-аналары алкоголизммен ауыратын отбасында ақыл-есі өте төмен, таңдайы бітіспеген, жүрегінде ақауы бар, қыли көзді балалар туылады (алькогольдік синдром). Осындай бұзылыстар қай кезеңде пайда болуы мүмкін?

    8. Жаңа тулған баладан ешқандай зияны жоқ бес жұп сүт (полителия) безі бар нәресте дүниеге келген. Бұл белгілерге ата-анасы қауіптенді. Дәрігерлер бұл құбылыс эмбриогенез басында 5 жұп сүт безі қалыптасып оның төрт жұбы бала туылғанға дейін жойылып кететіндігін түсіндірді. Бұл дамудың туа біткен ақауы қандай бастаманың бұзылу себебінен болған?


    9. «Қасқыр (жырық) таңдай» туа біткен даму ақауы қандай жасушалық механизмнің бұзылуынан болады?
    10.Синдактилия туа біткен даму ақауы қандай жасушалық механизмнің бұзылуынан болады?

    11. Чанг және Энг Банкер


    Chang пен Eng Банкерлер 1811 жылы Сиам қаласында (қазіргі Тайландта) дүниеге келген. Кейінірек осындай физикалық аномалиямен туылған барлық егіздер «сиам» деп атала бастады. Ағайындылардың жүрегі ортақ болған соң, олардың тәнін ажырату мүмкін болмаған. Өскен шақтарында оларды бизнесмен Роберт Хантер байқап қалып, циркте өнер көрсетуді ұсынған. Осылайша олар 21 жастарына дейін Ұлыбритания мен АҚШ-та гәстрөлдік сапарда жүреді. Көп ұзамай ең бай адамдардың қатарына қосылады. 1839 жылы АҚШ көшіп, жиналған ақщаларына ферма сатып алады. 1843 жылы екі апалы-сіңліліге үйленеді. Олардың дені сау 21 балалары болған. Бұл танымал ағайындар 62 жасқа дейін өмір сүрген. 


    1. Жеке дамудың қай кезеңінде «сиям егіздері» дамиды?

    2. «Сиям егіздерінің» мүмкін болатын себептерін түсіндіріңіздер

    3. Осындай ақау қандай жасушалық механизмдердің бұзылысынан дамиды? Түсіндіріңіз


    написать администратору сайта