Главная страница
Навигация по странице:

  • 1. Тексеру кезінде сөйлеудің қандай бұзылыстары анықталған 2. Патологиялық процестің орналасуын анықтаңыз.

  • Аграфия - қол қимыл-қозғалысысы сақталған, бірақ жазу бұзылыстары Алексия - сауатты, бірақ оқудың бұзылуы

  • Қандай қосымша зерттеу әдісі диагнозды дәлелдейді

  • Ең маңызды параклиникалық зерттеуді тағайындаңыз

  • Шеткі нерв талшықтарының зақымдалуына күдік туған жағдайда Электромиография секілді тексеру шараларын жүргізуге болады. №4

  • Қандай бағытталған зерттеуді жүргізу қажет

  • Вестибулярлық анализатордың жұмысын тексеру. №5

  • Қандай зерттеу әдісін тағайындаған жөн

  • 5.ситуациялық есептер_. Ситуациялы есептер


    Скачать 12.28 Kb.
    НазваниеСитуациялы есептер
    Дата28.01.2021
    Размер12.28 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла5.ситуациялық есептер_.docx
    ТипДокументы
    #172208


    Ситуациялық есептер:
    1

    Науқас 69 жаста, оңқай, гипертониялық сырқатпен және атеросклерозбен зардап шегеді.Таңертең ес жоғалтусыз оң жақты гемиплегия және сөйлеу бұзылыстары пайда болдынауқастың сөйлеуі түсініксіз,дыбыстары жинақсыз,кейбір буындарын ғана түсінуге болады, сөйлеу түсінігінің дөрекі бұзылысы байқалады,жиі еріксіз қимылдар көрсетті, элементарлы тапсырмаларды толық орындай алмады. Жазудың, оқудың және есептеудің бірден бұзылыстары байқалды. Ауыз бұрышының оң жақты кемуі.Оң жақты гемиплегия және гемигипестезия.

    1. Тексеру кезінде сөйлеудің қандай бұзылыстары анықталған?

    2. Патологиялық процестің орналасуын анықтаңыз.
    1. Сенсорлы афазия - сөйлеуі түсініксіз, дыбыстары жинақсыз, кейбір буындарын ғана түсінуге болады, сөйлеу түсінігінің дөрекі бұзылысы

    Аграфия - қол қимыл-қозғалысысы сақталған, бірақ жазу бұзылыстары

    Алексия - сауатты, бірақ оқудың бұзылуы

    2. Жоғары самай ирелеңінің артқы бөлігі, Верник центрі зақымдалған
    2

    А. науқас бас айналу, қозғалыс координациясының бұзылуына, аяқтардағы әлсіздікке, жүрісінің қиындауына, зәр мен нәжіс шығаруының тоқталуына шағымданады. Анамнез мәліметтері: үш ай бұрын көз көру қабілетінің кенет жойылып, бірақ содан соң спонтанды түрде қайта қалпына келгені анықталған. Жағдайның нашарлауы 2 аптаның ішінде пайда болған. Объективті түрде төменгі спастикалық парапарез және мишықтық атаксия анықталған.

    Қандай қосымша зерттеу әдісі диагнозды дәлелдейді?
    Инструменталдық зерттеу - МРТ немесе КТ (бас миын). Себебі, спастикалық парапарез централды зақымдалу болған жағдайда орын алады, яғни І нейрон аксоны. Несеп шығарудың тоқтауы да осы централды зақымдалуға байланысты. Динамикалық мишықтық атаксияның дамуына байланысты, мишықтың екі жарты шарының төменгі бөлігі зақымдалған.
    3

    20 жастағы науқас әйел. Ауруы жедел түрде басталған, босанғаннан кейін оң жаққа қараған кезде қосарлану (диплопия) пайда болды. Диплопия екі аптадан кейін регрессияланған. Бір жылдан соң жүрген кезде теңселу, аяғында әлсіздік пайда болып, дизартрия байқалды. Объективті түрде қарағанда: эйфория, горизонталды нистагм. Құрсақ рефлекстері жойылған. Төменгі спастикалық парапарез. Бабинский симптомы екі жағынан анықталады. Саусақмұрын сынамасында интенционды діріл және теңселу, дисдиадохокинез, дисметрия байқалады. Ромберг сынамасында теңселеді. Несеп шығаруында императивтік білінуі (позыв) бар.

    Ең маңызды параклиникалық зерттеуді тағайындаңыз?

    Бам миының КТ, МРТ; Басқа зерттеулерге қарағанда маңызы жоғары, себебі науқаста байқалатын симптомдар негізінде науқаста перифериялық емес централдық зақымдалу, яғни бас миының зақымдалуы. Аталған екі зерттеу зақымдалған немесе түзіліс түзілген аймақты кескіндеп дәл көрсете алады.

    Шеткі нерв талшықтарының зақымдалуына күдік туған жағдайда Электромиография секілді тексеру шараларын жүргізуге болады.

    4

    С науқас келесі белгілерді сезінді: жалпы әлсіздік, бас айналу, ұйқышылдық, көз қозғалысының шектелуі, эйфория, сөйлегіштік кейінгі апатия немесе сандырақтаумен ауысты, сілекей ағу, профузды гипергидроз, кейін екі күн бойы ұйқышылдық байқалды. Қандай бағытталған зерттеуді жүргізу қажет?
    Науқастағы мүмкін синдром - Жоғары көз саңылауы синдромы болуы мүмкін. Сәйкесінше, науқасқа көз алмасының қозғалыс мөлшерін тексеру жүргізіледі.

    Вестибулярлық анализатордың жұмысын тексеру.


    5

    45 жасар ер кісіде, табанынан басталатын сол аяғындағы клоникалық тырысуларға шағымданады. Емханада қарау кезінде патологиялық табан рефлекстері мен тонусының жоғарылауымен сол аяғының салдануы анықталады.

    Қандай зерттеу әдісін тағайындаған жөн?
    Инструменталдық - МРТ немесе КТ ( бас миын).

    Науқаста пирамидалық жолдың І нейрон аксоны сол жақтан зақымдалған болуы мүмкін. Спастикалық парез.


    написать администратору сайта