Главная страница
Навигация по странице:

  • 1. Қандай жағдайда Қазбеков жерлеуге жұмсалған шығындарды төлеу керек

  • 4. Қазбековтың Қалиеваға қатысты талаптары заңды ма 5. Көрсетілген екі талап бойынша сот қандай шешім шығару керек Жауабы

  • 1.Бұл келісімшарт сатып алу – сату шарты ма,әлде айырбас шартына жата ма Жауабы

  • ситуациялық сұрақтар. Ситуациялы сратар Есеп 1


    Скачать 17.1 Kb.
    НазваниеСитуациялы сратар Есеп 1
    Дата10.05.2022
    Размер17.1 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файласитуациялық сұрақтар.docx
    ТипДокументы
    #519392

    Ситуациялық сұрақтар:
    Есеп

    1. Өмір бойы асырауда ұстау шарты бойынша рента алушы – 75 жасар Қалиева - өзіне тиесілі екі бөлмелі пәтерді Қазбековтың меншігіне берді, ол Қалиеваны асыраумен өмір бойы бағуды жүзеге асыруға міндеттенді.

    Шартта ақшалай сомада асыраумен бағудың барлық көлемінің құны анықталды, бұл заң актілерінде белгіленген ең төменгі жалақының екі көлемі деп белгіленді.

    Бұдан өзге, шартта Қазбековтың Қалиеваны жерлеуге жұмсалған шығындарды өтеу де көзделді. Қалиева шарт жасалғаннан кейін өзінің саябақтық үйіне көшіп кетеді, ал Қазбеков шарт талаптарына сәйкес асырауға рента төлемдерін төлеп отырды.

    Үш жылдан соң Қазбеков Қалиеваның екі бөлмелі пәтерін оның келісімінсіз үш бөлмелі үйге ауыстырады. Ауыстыру туралы білген Қалиева сот тәртібімен Қазбековтен ҚР Азаматтық кодексте белгіленген тәртіпте пәтердің сатылған құнын өзіне төлеуді талап етеді. Қазбеков өз кезегінен сотқа Қалиевадан оны рента алушы ретінде асырауда ұстауына байланысты кеткен шығындардың құнын қайтару туралы қарсы талап берді.


    1. Қандай жағдайда Қазбеков жерлеуге жұмсалған шығындарды төлеу керек?


    2. Қандай жағдайларда Қазбеков Қалиеваның екі бөлмелі пәтерін үш бөлмелі пәтерге айырбастау құқығына ие болушы еді?


    3. Қалиеваның Қазбековке қатысты талаптары заңды ма?


    4. Қазбековтың Қалиеваға қатысты талаптары заңды ма?


    5. Көрсетілген екі талап бойынша сот қандай шешім шығару керек?

    Жауабы:

    1. Қазбеков жерлеуге жұмсалған шығындарды өмір бойы асырауда ұстау шартында белгіленген мерзім мен жағдайларда төлеу керек.

    2. Азаматтық кодекстің ерекше бөлімінің 538 бабының 1 тармағына сәйкес, рента төлеушi өзiне өмiр бойы асырауда ұстауды қамтамасыз ету үшiн берiлген қозғалмайтын мүлiктi иелiктен айыруға, кепiлге беруге және өзге де әдiспен жүктеуге рента алушының алдын ала келiсiмi болғанда ғана құқылы.

    3. Заңды, себебі Азаматтық кодекстің ерекше бөлімінің 539 бабының 2 тармағы бойынша, рента төлеушi өз мiндеттемелерiн елеулi түрде бұзған кезде рента алушы өмiр бойы асырауды қамтамасыз етуге берiлген қозғалмайтын мүлiктi қайтаруды не осы Кодекстiң 528-бабында белгiленген жағдайда өзiне сатып алу бағасын төлеудi талап етуге құқылы. Бұл орайда рента төлеушiнiң рента алушыны асырауда ұстауға байланысты жасалған шығындарды өтеудi талап етуге құқығы жоқ.

    4. Заңсыз, себебі Азаматтық кодекстің ерекше бөлімінің 539 бабының 2 тармағына сәйкес, рента төлеушiнiң рента алушыны асырауда ұстауға байланысты жасалған шығындарды өтеудi талап етуге құқығы жоқ.

    5. Көрсетілген екі талап бойынша сот Қалиеваның талап арызын қанағаттандырады, ал Қазбеков Қалиевадан оны рента алушы ретінде асырауда ұстауына байланысты кеткен шығындардың құнын қайтарып алуға құқылы болмағандықтан, сот оның талап арызын қанағаттандырмайды.

    2.Азамат Р.Есжанов 20 миллион теңгеге бағаланған өзінің 3 бөлмелі пәтерін 1 бөлмелі пәтерге азамат У.Хасановпен айырбастап,пәтердің көлемі бойынша айырмашылығы үшін У.Хасановтан қосымша 10 миллион теңге ақшалай алады.


    1.Бұл келісімшарт сатып алу – сату шарты ма,әлде айырбас шартына жата ма?

    Жауабы: Бұл келісімшарт айырбас шартына жатады. Бірақ Азаматтық кодекстің ерекше бөлімінің 501 бабының 2 тармағына сәйкес, айырбас шартына тиiсiнше сатып алу-сату шартының ережелерi қолданылады, өйткенi бұл осы тараудың ережелерiне және айырбас мәнiне қайшы келмейдi. Бұл орайда тараптардың әрқайсысы тауарды беруге мiндеттенетiн сатушы деп және айырбастап алуға мiндеттенетiн сатып алушы деп танылады.


    написать администратору сайта