№1сит.тапсырма 21-22_7ee88c37c6674d60e9ce978d544a2a26. Ситуациялы тапсырмалар
Скачать 19.4 Kb.
|
Ситуациялық тапсырмалар: 1) 2019 ж. соңынан бері жаһандық проблемманың себебі болып жатқан COVID-19 короновирустық жұқпасы - бұрын адамдарда анықталмаған жаңа коронвирустен туындаған жұқпалы ауру. Короновирус адамның тыныс влу жолдарын зақымдайды. Аурудың алғашқы белгілері дене қызуының көтерілуі, тамақ ауруы, жөтелу, тыныс алудың қиындауынан басталады. Ғалымдардың зерттеуі бойынша аурудың белгілері шамамен 5 күннен біліне басталады. Кей адамдарда бұл кезең ұзаққа созылады. Аурудың ауыр ағымы жүріп жатқан кезде қосымша бактериалық инфекциялық ауру қосылуы мүмкін. Вирус әсіресе иммундық жүйесі әлсіреген адамдар мен қарттар үшін, сондай-ақ қатар жүретін аурулары бар науқастар үшін қауіпті, мысалы, қант диабеті, өкпенің созылмалы аурулары және т. б. 1. Короновирус құрылымы қандай? Вирустар тіршіліктің қандай формасына жатады? 2. Тіршіліктің тағы қандай формаларын білесіз? Оларды атап, сипаттаңыз 3. Генетикалық материалына байланысты короновирусты қандай вирустар тобына жатады? Бұл санатқа тағы қандай вирустар жатады және олар туындататын ауруларды атаңыз. 4. Генетикалық ерекшелігіне байланысты тағы қандай вирустарды білезсіз және олар туындататын ауруларды атаңыз 2) Плазмолемманың маңызды функцияларының бірі заттарды тасымалдау болып табылады. Плазмолемма құрылымы туралы білім медициналық тәжірибеде қолданылатын иондар мен заттардың, соның ішінде дәрі- дәрмектердің тасымалдау механизмдерін түсінуге көмектесті. 1. Жануарлар жасушаларының плазмолемма құрамы мен құрылысын сипаттаңыз және альбомға суретін салыңыз 2. Плазмолемма құрамында орналасуына байланысты ақуыздар түрлерін атаңыз 3. Плазмолемма құрамындағы липидтер түрлерін атаңыз 4. Плазмолемма қасиеттерін және функциясын сипаттаңыз 5. Плазмолемманың ішкі биомембраналардан айырмашылығы неде? 6. Гликокаликс дегеніміз не? 7. Жасуша тіршілігінде плазмолемманың рөлін түсіндіріңіз 3) Бұл жасуша компоненттері өздеріне тән құрылымы бар және жасушада белгілі орында орналасып, өздеріне тән қызмет атқаратын, барлық жасушалар үшін міндетті микроқұрылымдар. Жасушаның қандай құрылымдары туралы сөз болып отыр? Құрылысына қарай қалай жіктеледі? Жіктелуіне қарай түрлерін тізіп, олардың құрылысын, қызметін сипаттаңыз Олардың медициналық маңызын түсіндіріңіз. 4) Эукариот жасушалары өздерінің пішіндерін өзгертуге, қозғалып орындарын ауыстыруға, цитоплазмадағы ораноидтардың қозғалуын және митоз кезінде хромосомалардың мақсатты ажырауын қамтамасыз етуге қабілетті. Жасушаның бұл қасиеттері оның негізгі цитоқаңқасын қалыптастыратын ақуыздар жиынтығы арқылы жүзеге асасды. Цитоқаңқа дегеніміз не? Цитоқаңқа элементтеріне нелер жатады? Оларды тізіп құрылысын, қызметін, жасушадағы орнын сипаттаңыз Мединалық маңызын түсіндіріңіз 5) Бұл жасуша компоненттерінің органоидтардан ерекшелігі олар жасушаның тіршілік барысында түзіліп қайта жойылып отырады, яғни жасушадағы тұрақсыз құрылымдар. Бұл құрылымдардың шамадын тыс көп болуы немесе жеткіліксіз болуы жасуша тіршілігі үшін қауіпті. Маселен шамадан тыс жинақталуы «жинақтау аурулары» деп аталатын ауыр патологиялардың дамуына әкелуі мүмкін. Аурудың қалыптасуы лизосомалық ферменттердің белсенділігінің жеткіліксіздігі және кез-келген заттардың шамадан тыс түсуімен (бауырдың майлы деградациясы, гликогенді бұлшықет тіндері) байланысты. Қандай құрылымдар жайында сөз болып отыр? Олар қандай формада болады және қандай тұрлері бар? Сипаттаңыз. Помпе ауруының себебін түсіндіріңіз Бұл аурудың клиникалық белгілерін сипаттаңыз |