Ситуациялы тапсырмалар
Скачать 17.19 Kb.
|
Ситуациялық тапсырмалар: 1) 2019 ж. соңынан бері жаһандық проблемманың себебі болып жатқан COVID-19 короновирустық жұқпасы - бұрын адамдарда анықталмаған жаңа коронвирустен туындаған жұқпалы ауру. Короновирус адамның тыныс влу жолдарын зақымдайды. Аурудың алғашқы белгілері дене қызуының көтерілуі, тамақ ауруы, жөтелу, тыныс алудың қиындауынан басталады. Ғалымдардың зерттеуі бойынша аурудың белгілері шамамен 5 күннен біліне басталады. Кей адамдарда бұл кезең ұзаққа созылады. Аурудың ауыр ағымы жүріп жатқан кезде қосымша бактериалық инфекциялық ауру қосылуы мүмкін. Вирус әсіресе иммундық жүйесі әлсіреген адамдар мен қарттар үшін, сондай-ақ қатар жүретін аурулары бар науқастар үшін қауіпті, мысалы, қант диабеті, өкпенің созылмалы аурулары және т. б. 1. Короновирус құрылымы қандай? Вирустар тіршіліктің қандай формасына жатады? 2. Тіршіліктің тағы қандай формаларын білесіз? Оларды атап, сипаттаңыз 3. Генетикалық материалына байланысты короновирусты қандай вирустар тобына жатады? Бұл санатқа тағы қандай вирустар жатады және олар туындататын ауруларды атаңыз. 4. Генетикалық ерекшелігіне байланысты тағы қандай вирустарды білезсіз және олар туындататын ауруларды атаңыз 2) Клиникада пациент әлсіздікке, тез шаршауға, жұмыс қабілетінің төмендеуіне, ентігуге, тұрақты субфебрильді температураға және қақырықпен жөтелуге, қатты терлеуге, кеудедегі ауырсынуға шағымданады. Зертханалық зерттеулерден кейін дәрігер туберкулез диагнозы қойылды. Туберкулез – жұқпалы ауру, оның негізгі себебі, ағзаны Кох таяқшаларымен жұқтыру. 1. Туберкулез қоздырғышы тіршіліктің қандай түріне жатады? Негіздеңіз! 2. Жасушасының ұйымдасу түрі бойынша бактериялар қандай түрге жатады? 3. Прокариот жасушаларының құрылысын сипаттаңыз. 4. Эукариот жасушаларының құрылысын сипаттаңыз 5. Жасуша теориясын қағидаларын атаңыз |