Главная страница

20d4851d-1df3-11e8-aca4-bcaec5508c5bАдам анатлмиясы2. СЖ 2 Таырыбы "Бас сйек аасы" Орындаын сет Айдана Топ Б1703 Тексерген


Скачать 376.09 Kb.
НазваниеСЖ 2 Таырыбы "Бас сйек аасы" Орындаын сет Айдана Топ Б1703 Тексерген
Дата08.12.2021
Размер376.09 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файла20d4851d-1df3-11e8-aca4-bcaec5508c5bАдам анатлмиясы2.docx
ТипДокументы
#296093

СӨЖ 2

Тақырыбы: “Бас сүйек қаңқасы”

Орындағын: Әсет Айданақ

Топ: Б1-703

Тексерген: Зекенова Л. Ш.

Бас сүйек(cranіum) — адам мен омыртқалы жануарлар басының қаңқасы. Онда ми, көру, есту органдары, ас қорыту және тыныс алу органдарының сыртқы мүшелері орналасады.

Барлық омыртқалыларда Бас сүйек екі бөліктен тұрады: ми сауыты және бет бөлігі.



Бас қаңқасы бір-бірімен тұтаса байланысқан жалпақ сүйектерден құралған. Бұл сүйектер организмге тіршілік үшін өте қажетті, көптеген мүшелерді қоршап, қорғап тұрады.

Бас сүйектері негізінен ми сауыты мен бет бөлімі болып екіге бөлінеді.

Ми сауыты — маңдай сүйек, жұп тас төбе, самай сүйектері мен шүйде сүйегінің (қарақұстың) бір жартысынан құралады да, күмбез сияқты, миды жауып тұрады, ал, мидың астында шүйде сүйегінің екінші жартысы, сына тәрізді сүйектер жатады.

Мидың астыңғы бөлігіндегі үлкен шүйде тесігі арқылы жұлын өтеді. Қарақұс осы тесіктің екі жағындағы өсінділер арқылы буындасып, бас қаңқасын омыртқамен байланыстырады.



Шүйделік сүйек.- ми сауытының артқы және төменгі қабырғаларын түзеді. Бұл сүйек төмендегідей бөліктерден құралған:

1.Шүйделік сүйек денесі, немесе негізгі бөлік

2.Қос бүйірлік бөлік

3.Шүйделік қабыршақ

Аталған бөліктер ми мен жұлынды өзара жалғастыратын шүйделік үлкен тесікті шектеп жатады.

Негізгі бөлік - немесе шүйделік сүйектің денесі ми сауытының астыңғы жағында орналасқан. Оның ішкі беті ойыс, ал сыртқы беті дөңес болып келеді.

Шүйделік қабыршық- қос бүйірлік бөліктен жоғары орналасады. Оның сыртқы беті желкелік қыр арқылы желке және төбелік бөліктерге бөлінеді. Ірі қара малдағы маңдай сүйек пен мүйіздік өсінділердің жақсы жетілуіне байланысты желкелік қыр тек желкелік сызық түрінде ғана сақталған.

Шүйделік қабыршықтың төбе бөлігімен сыртқа сагитальдік қыр өтеді.

Сына тәрізді сүйек- денеден екі жұп (самайлық және көздік) қанаттан және жұп қанат тәрізді өсіндідіен тұратын тақ сүйек.



Ал Бас сүйектің бет бөлігінде жақ сүйектер, бет, таңдай, тіл асты сүйектері, мұрын, көз шұңқыры және ауыз қуыстары болады. Сөйтіп, адамның бас қаңқасы 23 сүйектен тұрады.

Басқа сүйектер сияқты оларда қан тамырлар, жүйке талшықтары өтетін саңылаулар және бұлшық еттер бекитін бұдырлар, төмпешіктер болады.


Сына тәрізді сүйектің құрылысы


Денесі

Самайлық қанаттар

Көздік

Қанаттар

Қанат тәрізді

өсін-ділер

Сыртқы беті

Ішкі милық беті

Бүйір беті

Ішкі милық беті

Еттік төмпешік

1.Гипофиздік шұңқыр (түріктік ершік)

2.Көру тесігі

Бас сүйектік шұңқыр

1.Көздік саңлау

2.Дөңгелек тесік

3.Овальдік тесік

Ол көздіктің медиальдік қабырғасын және ішкі бетімен бас сүйектік шұңқырды жасауға қатысады. Медиальдік және латеральдік пластинкалары жылқыда және итте қанаттық өзекті түзеді



Самай сүйегінің құрылысы

Қабыршақ


Тас бөлігінің медиальдік бөлігі

Дабылдық бөлігі

Емізікше бөлігі

1.Шықшыттық өсіндісі, самайлық қыр

Ішкі дыбыстық өтіс, беттік өзек

Сыртқы дыбыстық өтіс, қуысты дабылдық сүйек, біз тәрізді өсінді, еттік өсінді




2.Буындық төмпешік, төменгі жақтық шұңқыр

Су өтісінің тесігі, ұлу өзекшесінің сыртқы тесігі







Тастық бөліктің ішкі беті жоғарыдан төмен қарай өтетін тастық бөліктік қыр арқылы ортаңғы және артқы бас сүйектік шұңқырды жасауға қатысатын екі бетке (ростральдік және милық) бөлінеді.

Төбеаралық сүйек- тек жас төлдерде жақсы білінеді . Өсе келе бұл сүйек шүйделік және төбелік сүйектермен тұтасып кетеді.

Төбелік сүйек- пішіні жалпақ келген жұп сүйек. Төбелік сүйек самайлық шұңқырды жасауға қатысады.



Маңдайлық сүйек- ми сауытының төбесін құрайтын жұп сүйек. Ол маңдай қабыршықтан, көздік және мұрындық бөліктерден тұрады.

Оң және сол маңдайлық қабыршықтар бір –бірімен сагитальдік жиегі арқылы байланысып, маңдайлық тігіс түзеді.

Қабыршықтан латеральдік бағытта беттік өсінді шығады. Ол қабыршықтың латеральдік жиегін екіге: көздікүстілік және төбелік бөліктерге бөледі.

Қабыршықтың көзүстілік жиегінде көзүстілік тесік болады.

Маңдайлық қабыршықтың өзі ішкі және сыртқы пластинкалардан құралған. Осы екі пластинкалардың аралығында маңдайлық қойнау жатады.Маңдайлық сүйектің беттік өсіндісі жылқыда , ірі қара малда, ұсақ малда беттік доғамен жалғасады. Ал шошқа мен итте ол беттік доғаға жетпейді.



Торлы сүйек- үш пластинкадан және жұп шытырманнан тұрады.

1.Тесікті пластинка

2.Тік пластинка

3.Көздік пластинка

Бет сүйектері - бастың бет бөлімінде ас қорыту, тыныс алу жүйелерінің бастапқы бөліктері және иіс сезу, көру мүшелері орналасады.

Мұрындық сүйек. Мұрындық сүйектің сыртқы беті дөңес болып келеді, ішкі бетінде дорсальдік мұрындық кеуілжір бекітілетін торлы қыр болады.

Көзжастық сүйек, бір –бірімен тік бұрыш жасай орналасқан беттік және көздік бөліктерден тұрады. Сүйекттің беттік бөлігі жалпақтанып келіп, мұрын қуысының бүйірлік қабырғасын құрауға қатысады.

Көздік бетінің шеткі жиегіне қарай көз жасы қабының шұңқыры жатады. Онда көзжастық өзегімен жалғастыратын көзжастық тесік болады.

Жоғары жақ сүйек мұрын қуысының бүйір қабырғасын, ауыз қуысының төбесін құрауға қатысады.

Соқалық сүйек- жұқа, ұзынша келген тақ сүйек. Ол алдыңғы ұшымен мұрын қуысының түбіндегі қырға жалғасады. Ол мұрын қуысының артқы тесігі-хоана арқылы өтіп, оны тең екі бөлікке бөледі.

Тұмсықтық сүйек- жоғары жақ сүйегінің алдында орналасқан жұп сүйек. Оның денесі, альвеолярлық, мұрындық, таңдайлық өсінділері, еріндік және таңдайлық беттері болады. Оң және сол жақ альвеолярлық өсінділер бір-бірімен өзара байланысып, альвеолярлық доға түзеді.

Шықшыттық сүйек. Шықшыттық сүйекте латеральдік және көздік беттері болады.

Сүйектің латеральдік бетінде ірі қара мен жылқыда үлкен шайнау еті бекитін бет қыры көрінеді. Шықшыттық сүйектің самайлық өсіндісі, самайлық сүйектің шықшыттық өсіндісімен жалғасып, беттік доғаны түзетін самайлық өсіндісі болады.

Төменгі жақ сүйек- денеден және бұтақтан тұратын жұп сүйек. Төменгі жақ сүйектің денесі тұмсықтық және ұрттық бөліктерден тұрады.

Ұрттық бөліктің сыртқы жағында иектік тесік болады. Оның вентральдік жиегінде беттік тамырлық ойық көрінеді. Дененің бұтаққа өтетін жерін төменгі жақ сүйек бұрышы деп атайды. Бұтақ дорсальдік жағына төменгі жақ сүйектік ойық арқылы тәждік және айдаршықтық өсінділерге бөлінген.

Айдаршықтық өсінді арқылы төменгі жақ сүйек самайлық сүйектің беттік өсіндісімен буын арқылы байланысады.

Тіластылық сүйек- денеден үлкен кіші мүйіздіктерден және бірнеше бұтақтардан тұратын тақ сүйек. Ол жақаралық кеңістікте орналасқан.


написать администратору сайта