Главная страница
Навигация по странице:

  • Психикалық ауырудың диссимуляциясы дегеніміз

  • Өте күрделі болғандықтан денсаулық жағдайының сараптамасы сот медиктерінен басқа профильді дәрігер-клиниктерден тұратын сарапшылар комиссиясымен жүргізіледі.

  • Денсаулыққа келтірілген зиянның дәрежесін квалификациялық белгілеріне сәйкес анықтайды, оларға төмендегілер жатады

  • сот СӨЖ 7. СЖ7 1таырып Денсаулы жадайыны сот медициналы сараптамасы. Диссимуляция


    Скачать 15.32 Kb.
    НазваниеСЖ7 1таырып Денсаулы жадайыны сот медициналы сараптамасы. Диссимуляция
    Дата10.05.2022
    Размер15.32 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файласот СӨЖ 7.docx
    ТипДокументы
    #520574


    СӨЖ-7

    1-тақырып

    «Денсаулық жағдайының сот медициналық сараптамасы. Диссимуляция»

    Сот медицинасы – сот-тергеу органдарының қызметінде пайда болатын медико биологиялық сипаттағы сұрақтарды шешуге пайдаланылатын зерттеулардің арнайы әдістері мен білімнің жиынтығын білдіретін арнайы медициналық пән.

    Психикалық ауырудың диссимуляциясы дегеніміз психикалық дерттің рас белгілерін әдейі жасыру. Әлеуметтік аспектіде ол симуляцияның қарама-қайшысы: ауру адам өзінің әлеуметтік жағдайын психикалық дені сау адам ретінде сақтап қалуға тырысады.

    Зерттеушілер психикалық ауру динамикасын қоршаған диссимуляциялық мінез-құлықтың бірнеше тәсілдері мен клиникалық формаларын атап көрсеткен.

    Өте күрделі болғандықтан денсаулық жағдайының сараптамасы сот медиктерінен басқа профильді дәрігер-клиниктерден тұратын сарапшылар комиссиясымен жүргізіледі.

    Оның қорытындылары анамнездік мәліметтерді, куәленуші шағымдарының ерекшеліктері мен сипаттарын, қажеттігі болғанда, соның ішінде тұрақты жағдайларда, жүргізілетін клиникалық зерттеулер барысында алынған объективті мәліметтерді мұқият жинақы сараптауға негізделеді.

    Тәжірибе куәленуші көрсеткен шағымдарды ғана тексерумен шектелмеу қажеттігін көрсетеді.

    Сараптама жүргізу процессінде ағзаның барлық органдары және жүйелері тексерілуі тиіс, өйткені басқа ауыр ауруларды (олар бойынша куәленуші шағымданбаса да) анықтау жағдайлары аз болмауы мүмкін.

    Денсаулықтың нақты жағдайын немесе аурудың бейнесін бұрмалауды анықтау тәсілдері мен әдістері арнайы оқу құралдарында және нұсқамаларда толық сипаталған. Сот-медициналық сараптама жүргізуде ұстанатын жалпы талаптар келесі нұсқауларға түйістіріледі.

    Зертеуге объективті, теріс түсініксіз қарау керек. Тексерілушіде аурудың жоқтығы дәлелденбей, симуляция туралы сұрақ қаралмауы тиіс. Сонымен бірге шын аурулардың кейбірі белгіленген уақытқа дейін объективті симтомдарын көрсетпеуі мүмкін екендігін ескерген жөн.

    Денсаулыққа келтірілген зиянның дәрежесін квалификациялық белгілеріне сәйкес анықтайды, оларға төмендегілер жатады:

    • денсаулыққа келтірілген зиянның адам өмірі үшін қауіптілігі;

    • денсаулық бұзылуының ұзақтығы;

    • жалпы еңбек қабілеттілігін тұрақты жоғалту;

    • көру, сөйлеу, есту қабілеттерін жоғалтуы;

    • қандай бір мүшені (органды) немесе сол мүшенің қызметін жоғалту;

    • кәсіби еңбек қабілеттігін толық жоғалту;

    • жүктілікті үзіп тастау (тоқтату);

    • бет әлпетінің қайтарылмастай бүлінуі;

    • психикалық бұзылу, нашақорлықпен немесе улы заттарды иіскеумен (токсикоманиямен) ауыру.

    Егер нақты жағдайға бірнеше квалификациялық белгілер келетін болса, онда денсаулыққа келтірілген зиянның ең жоғарғы дәрежесіне сәйкес келетінін қолданады.

    Сот-медициналық сараптама жүргізгенде денсаулыққа келтірілген зиянның бар-жоқтығын, медициналық сипаттамасын (жара, сынық және т.б.), оны келтіру механизмін және ұзақтығын анықтау, келтірілген зиянның адам өмірі үшін қауіптілігі, оның салдары туралы, соның ішінде жалпы еңбек қабілеттілігін тұрақты немесе уақытша жоғалтуы, оның қаншалықты пайыз құрайтыны туралы сұрақтарды шешу сарапшының міндетіне жатады.


    написать администратору сайта