Главная страница
Навигация по странице:

  • Орындаған: 2 курс, Әбітжан Айбек Бақытжанұлы

  • фвфв. СОЖ 7. СЖ 7 Тркі мдениетін жне нерін дамыту халыаралы йымыны (Тріксойды (тр. Uluslararas Trk Kltr Tekilat, Trksoy) рылуы жне даму барысы


    Скачать 69.5 Kb.
    НазваниеСЖ 7 Тркі мдениетін жне нерін дамыту халыаралы йымыны (Тріксойды (тр. Uluslararas Trk Kltr Tekilat, Trksoy) рылуы жне даму барысы
    Дата12.04.2023
    Размер69.5 Kb.
    Формат файлаdoc
    Имя файлаСОЖ 7.doc
    ТипДокументы
    #1055844

    СӨЖ 7



    Түркі мәдениетін және өнерін дамыту халықаралық ұйымының (Түріксойдың (түр. Uluslararası Türk Kültürü Teşkilatı, TÜRKSOY) құрылуы және даму барысы


    Орындаған: 2 курс, Әбітжан Айбек Бақытжанұлы

    Факультет: «Тарих және құқық» (ҚОТ қолдануымен)

    Мамандық: 6B01601 -  «Тарих»



    Арғы тарихтың бедерінде күллі әлемге із қалдырған түркі дүниесінің бүгінгі күні де дүниежүзілік өркениетте ерекше орны бар екені белгілі. Жалауын жоғары ұстап, намысын ешкімге таптатпаған ежелгі түркі халықтарының қазіргі ұрпақтары бір-бірімен рухани туыстық қарым - қатынасты жақсы жолға қойған. Түп негізі бір, тілегі ортақ, түркі жұртын тек бір-бірін қиналмай ұғысатын тіл ғана жақындастырып қоймайды, олардың етене араласуына бастау-негізі тамырлас өнердің де ықпалы аз болмайды. Түркі өнері - түркілік рухты қозғайтын айрықша кұбылыс.

    Әлемдік өркениетте айшықты қолтаңбасы бар түркі дүниесін руханият саласындағы қоғамдық ұйымдардың белсенді қызметі арқылы да танимыз. Бұл бағытта нақты жұмыс жүргізіп отырған беделді ұйымдардың бірі -Түрік мәдениеті мен өнерін бірлесіп дамыту жөніндегі халықаралық ұйым -ТҮРКСОЙ. Ұйымның кұрылғанына көп уақыт өтпесе де ТҮРКСОЙ деген атау түрік бірлігі деген ұғымның талассыз баламасына айналып кеткені рас.

    Түркі халықтарының бірлігін арттыруды көздейтін ТҮРКСОЙ соңғы жылдарда қазақ жұртын елеңдете бастады. Ұлт мәдениеті мен өнеріне еңбегі сіңген азаматтар осынау беделді ұйымның сыйлықтарымен марапатталды. Өнер шеберлері мен сахна саңлақтары ТҮРКСОЙ-дың халықаралық жиындарына арнайы шақырылады. Сол арқылы бұл беделді ұйым кейінгі жылдарда өзіне Қазақ елінің де назарын ерекше аударуда. Бұлай болатын жөні де бар. Біздің ел осы ұйымды ұйымдастыру және қалыптастыру ісіне ауқымды үлес қосқан мемлекеттердің бірі. Бұған ТҮРКСОЙ-дың іргелі жиындарының біразы Қазақстанда өткізіліп жүргендігі дәлел. Әрине, бұрын бұл беделді халықаралық ұйымның өкілдері өнер мен мәдениеттің орталығы — Алматыда қабылданатын. Елбасының идеясымен Арқа төсінде бой көтерген әсем Астана бұл жолы ТҮРКСОЙ-ды алғаш рет өзінің қонақжай шаңырағына шақырып отыр. Сол арқылы халықаралық құрылымға елордамыздың да нағыз руханият бесігіне айнала бастағанын аңғартуды жөн санадық.

    Әлемдік дәрежеде іргелі істер атқаратын халықаралық ұйымдардың қай-қайсысы да ізгі мақсат көздейді. Бүгінде қазақ зиялыларына ғана емес, әлем жұртшылығына жақсы танымал ТҮРКСОЙ түркі дүниесінің мәдени ынтымақтастығын нығайтуды мойнына алған. Түбі бір түркілердің тілінде орындалатын өнер түрлерін дамытып, қанатын қатайту — осы ұйымның енші-сіндегі міндет. Бұдан аталған құрылым тек мәдени байланыстар орнатумен ғана айналысады деген ұғым тумауға тиіс. ТҮРКСОЙ ұйымға мүше елдердің арасында татулықтың болуына, тұрақтылықтың сақталуына ықпал етеді. Бұл ұйым түркі дүниесінің әлемдік өркениеттегі орнының берік болуын қамтамасыз етуді алдына мақсат етіп кояды. Ежелгі тарихқа жүгінсек, түркі тұтастығының ыдырап кетуіне ел арасындағы бірлікке сызат түскендігі себеп болғанын көреміз. Ендеше тарыдай шашырап кеткен рухани құндылықтарды жинап,барымызды түгелдеп, жоғымызды іздеу үшін түркі дүниесінің бірлігін сақтап қалу өте маңызды. Аталған ұйымның жетекшілері осынау ұлы міндеттің салмағын жан-тәнімен сезінеді.

    Енді ТҮРКСОЙ-дың негізі қаланғаны жөнінде мәлімет бере кетейік. 1992 жылдың көктемінде түркі тілдес тәуелсіз алты мемлекеттің Мәдениет министрлері Ыстамбұлда кездесіп. бірлесіп жұмыс жүргізу жөніндегіМеморандумға қол қойған болатын. Ал осы жиыннан бастау алған ұйымның кұкықтық мәртебесін айқындап, кұрылымын бекіту сол жылғы желтоқсанда өткен түркі тілдес елдердің Мәдениет министрлерінің Тұрақты кеңесі мәжілісінің еншісіне тиді. Бакуде өткен бұл басқосуда ТҮРКСОЙ-дың тұрақты аткарушы органы Бас дирекцияны құруға шешім қабылданды.

    Бұл ұйымның тағы бір салмақты кұжатына қазақ жерінде қол қойылды. ТҮРКСОЙ-дың жұмыс жүргізу принциптері жөніндегі шарт Алматыда 1993 жылғы 12 шілдеде жасалды. Осы жиынға ұйымға мүше алты елдің — Түрік Республикасы, Қазақстан, Қырғызстан, Түркіменстан, Әзірбайжан және Өзбекстанның мәдениет саласының басшылары қатысты.

    Кейіннен шартқа бақылаушы ел ретінде Татарстан, Башкұртстан, Солтүстік Кипр, Хакасия, Гагауз, Тыва қосылды. Осылайша уақыт өткен сайын халықаралық ұйымның аясы кеңейе түсті. ТҮРКСОЙ түркі халықтарының мүддесіне орайлас келетін шаруалардың ешқайсысынан дашет қалған емес. Әсіресе, туыстас елдердің мәдени өміріндегі елеулі шараларды ортақ мереке ретінде өткізіп, бас біріктіруге айрықша маңыз береді.

    Әлемге құлашын кең жайып келе жаткан жаһандану үрдісі түркі тілдес елдердің рухани сипатына қауіп төндіретінін ескерсек, оған тек дәстүрді сақтау, ынтымақтастықты дамыту арқылы ғана қарсы тұра алатынымызды ұмытпағанымыз жөн. Бұл турасында да халықаралықұйымның атқарып отырған істері сан алуан. ТҮРКСОЙ түркі халықтарының салт-дәстүрлерін мейлінше дамытуға күш салады. Сондықтан бұл ұйым ортақ тарихтың тереңіне үңіледі. Тарихтың сабақтарын кейінгі буынға көбірек ұқтыруға тырысады. Түркінің ұлы мәдениетінің болғанын, оны сыртқы күштердің қандайының да басып-жаншып тастай алмағанын, әр халықта сақталып қалған дәстүрлердің басын кұрап, рухани дүниеміздің алтынсынықтарын жинап, қайта кұрастырсақ, әлемдегі орнымыздың айрықша болатынын санаға сіңіреді. Сонда рухы биік ел жаһандануға да, каһарлануға да қарсы тұра алады. Міне, ТҮРКСОЙрухты көтеретін дәстүрлі өнерді дамыту үшін бар мүмкіндікті қарастырады. Ұйымның бұл бағыттағы ізденістері әзірге жеміссіз емес. Соңғы жылдарда мәдениет саласында жүргізілген зерттеулер әлеуметтік идеалдардың тоқырауынан кейін этностық деңгейдегі мәдениеттерді топтастыру үрдісі күшейе түскенін аңғартады. Халықтардың рухани бастау-негіздері, ілкі мәдениеттері, басынан кешкен тағдыр-талайының ұқсастығы олардың қарым-қатынастарын берік орнықтыруына негіз бола алады. Ұйым жұмысын жүргізу барысында есте ұсталатын қағиданың бірі осы. Бұл орайда туысқан түркі тілдес халықтар ТҮРКСОЙ арқылы рухани қатынас дәстүрін кайта жанғыртуға талпыныс танытып отыр.

    ТҮРКСОЙ-дың бас атқарушы органы Анкара қаласында орналасқан. Ұйымның ресми жұмыс тілі — түрік тілі. Әзірбайжан Республикасының Мәдениет министрі Полад Бюльбюль Оглы 1994 жылдан бастап, қазіргі күнге дейін ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының бас директоры қызметіне үш рет сайланды. Осынау беделді тұлға ұйымның жұмысын өрге бастыру үшін көп іс тындырғанын айтуға тиіспіз. Ол бір кезде өнердің аса талантты өкілі ретінде танылса, қазір түркі мәдениетінің қажырлы кайраткері есебінде есімі ел-жұртқа мәшһүр болып отыр.

    Осы уақытка дейін түркі тілдес елдердің Мәдениет министрлері Тұрақты кеңесінің 21 мәжілісі өткізіліп, олардың шешімдерінің негізінде бірқатар шаралар атқарылды. Түркі әлемінің мәдени құндылықтарын насихаттау мақсатында түркі тілдес елдер авторларының бірқатар ғылыми, әдеби еңбектері жарыққа шықты. Соңғы жылдарда біздәстүрлі өнер фестивальдерін жиі өткізетін болдық. Бұл аталған ұйымның көздеген мақсатыменорайлас. Осындай басқосуларды ұйымдастыру барысында күллі әлемді еліктірген ортақ өнердің бағзы белгілері қай халықта қаншалықты сақталып қалғанын байқаймыз. Мәселен, түркі халықтарының көмейден шығарып жыр айту дәстүрінің ғаламат үлгілері болғанын осындай фестивальдер айқындап бере алады. Демек, түп негізі бір болған ұлы өнердің әр сарқыншағын әр халық жадында сақтап, бұлжытпай орындап келген. Енді өнер зерттеушілерінің басын қосып, осыны тұтастандыру үшін жүйелі жұмыс жүргізсек, өшкеніміз жанып, кеткеніміз келетін түрі бар. Сол секілді түркі халықтары му­зыка аспаптарының да әр түрін өз бетінше, өз табиғатына бейімдеп пайда-ланған.Қазақтың еншісіне домбыра тисе, башкұрттар қурайға, хакастар жаткан (жетіген) деп аталатың аспапқа сан түрлі саз дарытып, түркінің ұлы әуенін тербеген. Осылардың көмейінен шыққан үннің қай-қайсысы да құдіретті. Рух шақырады,делебеңді қоздырады. Тегіңді түгендеп, жоғыңды жоқтауға жетелейді.

    Ізгі ниет көздейтін бұл халықаралық ұйымның сан-салалы жұмысының бірсыпырасы түркі әлеміне ортақ тұлғаларды дәріптеуге негізделген. Ұзақ жылдар бойы құрсаулы жүйенің ауасымен тыныстап, еуроцентризимге бейімделген ұрпақтың көпшілігі түркінің азаттығы үшін алысқан қайраткерлерді біле бермейді. Өйткені бұрынғы қоғамдық жүйе олардың есімдерін айтқызбады. Халықтың жадынан өшіруге тырысты. Бұл қайраткерлердің қай-қайсысы да түркі бірлігі идеясын ту етіп көтерген жандар болатын. Ұлы ағартушылар Ысмайыл Ғаспыралы мен Зия Гөкалыпты еске алуға арналған жиындарды өткізу барысында олардың ардақты есімдерін кейінгі ұрпаққа кенінен таныстыру мақсаты көзделді.

    ТҮРКСОЙ өнердің өріне шыққан тұлғалардың аттарын ұлықтау арқылы да танылды. Түркіменнің өнер саңлағы Ашык Айдынды еске алуға арналған халықаралық фольклорлық музыка фестивалі, башқұрт түркологы Абдулқадыр Инанды, әйгілі биші Рудольф Нұриевті еске алу кештері тек танымдық қана емес тағылымдық улгісімен де бағалы. Сондай-ақ ТҮРКСОЙ Махамбеттің туғанына 200 жыл, Абайдың, Жамбылдың туғанына 150 жыл, Мұхтар Әуезовтің туғанына 100 жыл толуына арналған халықаралық жиындарды өткізуге белсене атсалысқанын айтуға тиіспіз.

    Ұйымның мұрындық болуымен түркі тарихы мен мәдениетінің есте сақталатын күндерінің күнтізбесі жасалды. Барша түркі жұртына ортақ "Наурыз" мерекесін барынша ауқымды етіп өткізу ТҮРКСОЙ-дың ең мәртебелі міндеттерінің бірі. Ежелден ешкімге намысын таптатпаған, туын жықпаған түркі әлемінің кейінгі буынының. шымыр болып өсуін калайтын ТҮРКСОЙ спорт тақырыбына арналғаншаралар ұйымдастыруды да ұмытпайды. Еркін күрестен жастар арасында "Түркі әлемі жұлдыздары" атты дәстүрлі турнир өткізіліп тұрады.

    Бұл ұйымның жақсы дәстурлерінің бірі — мәжіліс өткізетін елде әдебиет пен өнер көрмесін ұйымдастыру. Тілегі бір, тілі ұқсас ағайын сол арқылы бір-бірінің түп негіздеріне үңіледі, жаңа жетістіктері жөнінде мәлімет алады, ортақ өнердің әр халықта сақталып калуының сырына қанығады. Ұйым кұрылғалы қаншама жыл өтсе де осы өнегелі үрдіс бұлжымай сақталып келеді.

    ТҮРКСОЙ-дың баспа саласындағы қызметінің өзі бір төбе. "Алтайдан Дунайға дейінгі түркі әлемінің ортақ сарындары", "Түркі тілдес елдердің с "Көк түрік мемлекетіңің тарихы", "Диуани лұғат ат-түрік", "Ұлы Бұлғар-татар өркениетінің ескерткіштері", "Түркі әлемі поэзиясының антологиясы", "Күлтегін", "Қорқыт ата кітабы", "Менің елім Гагауз" атты бағалы кітаптар, "Едіге" эпосының татар нұсқасы, кырғыздың "Манас" эпосы, башқұрттың "Орал батыр" эпосы, М.Әуезовтің тавдамалы шығармалары түркі халықтарының тілдерінде жарыққа шықты. Ұйымның төрт айда бір шығатын "ТҮРКСОЙ" атты жур­налы бар.

    Жалпы ТҮРКСОЙ өзінің қызмет ету қағидалары бойынша қалыптасқан халықаралық құрылымдар үлгісінің бірін де қайталамайды. Басқару формасы мен жүйесі ашық демократизм, сайлау, әр тараптың кұқықтары мен міндеттерін сақтау принциптеріне негізделген.

    ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының атқарған шараларымен қатар алға қойған міндеттері де жеткілікті. Ұйым түркі тілдес халықтар арасында достық қарым-қатынас пен өзара түсіністік орнатуға, бәріне тиімді әліпби қалыптастыруға, туркі тілдес халықтардың рухани құндылықтарын, тарихи-мәдени мұрасьн сақтауға күш салып келеді. Түркі халықтары тілі ұқсас болса да осы кезге дейін әр түрлі әліпби қолданып жүргені баршаға белгілі. Тіпті латын әліпбиін пайдаланатың түркі тілдестердің жазуы да бір ізге түсірілген емес. Ұйым осыны ретке келтірудің жолдарын карастыруды естен шығармайды.

    ТҮРКСОЙ халықаралық қатынастарды жетілдіру, азаматтардың негізгі құқықтары мен бостандықтарын сақтау бағытыңда жұмыс жүргізетін кез-келген ресми және бейресми құрылымдармен, қозғалыстармен серіктес болуды жөн санайды. Бұл жағынан ол үлкен беделге ие. ТҮРКСОЙ-дың бастамалары өзге ұйымдар тарапынан үнемі мақұлданып отырады.

    Біздің елде "Мәдени мұра" мемлекеттік бағдарламасы қабылданған. Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі айрықша назар аударып отырған осы бағдарлама бойынша атқарылатын жұмыстардың негізгі бағыттарының бірі - ежелгі дәуірдің мұрасын зерттеп, жарыққа шығару. Ал біздің арғы тарихымыз ортақ, рухани бастауымыз бір екені белгілі. Ендеше бұл бағдарлама аясында біз бүкіл түркі дүниесіне ортақ рухани құндылықтарды түгендей алады екенбіз. ТҮРКСОЙ-дың мақсат-мүддесімен үндес осы мемлекеттік бағдарлама көптеген тарихи жәдігерлерімізді қайта оралтатын болады.ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымы кұрылғаннан бергі уақыттың ішінде түркі тілдес елдердің мемлекет басшы-ларының қолдауына ие болып келеді. Бұл елдердің президенттері өздерінің жоғары денгейдегі басқосуларында ұйымның жетістіктерін жақсы бағалады. Мәселен, Ыстамбұл, Бішкек, Ташкент және Баку қалаларында өткен саммиттердің қорытынды құжаттарында түркі дүниесіне қызмет ететін осы кұрылымның маңызы туралы айтылды. Мемлекет басшылары ұйымның дер кезінде құрылғанына ризашылық білдіріп, түркі әлемінің ортақ мәдени құндылықтарын халықаралық деңгейде дамытудағы рөлін атап көрсетті. Елбасьмыз Нұрсұлтан Назарбаев ТҮРКСОЙ-дың бұдан бұрын Қазақстанда өткен мәжілістеріне қатысқан елдердің мәдениет саласының басшыларын қабылдап, түркі әлемінің түрлі мәселелері жөнінде ой бөлісті.

    Енді міне ТҮРКСОЙ-дың келесі мәжілісі Қазақстанда өтпек. Біздің ел түркі әлеміндегі алдыңғы қатарлы мемлекеттердің бірі ретінде ұйымның алдағы жоспарларын талқылау үшін іргелі басқосу ұйымдастырып отыр. Бұл жолы түркінің рухын тербеген ТҮРКСОЙ-дың туы қонақжай қазақ жерінде биігірек көтерілетініне сеніміміз мол.




    написать администратору сайта