Главная страница
Навигация по странице:

  • Барлығы 1 Аралық бақылау

  • СӨЖ тапсырмалары Апта Ең жоғары балл СӨЖ 1

  • СӨЖ 11.

  • СӨЖ орындау кестесі және нұсқаулық. СЖ басару, оларды орындау кестесі жне олара дістемелік нсаулар


    Скачать 64.5 Kb.
    НазваниеСЖ басару, оларды орындау кестесі жне олара дістемелік нсаулар
    Дата26.09.2022
    Размер64.5 Kb.
    Формат файлаdoc
    Имя файлаСӨЖ орындау кестесі және нұсқаулық.doc
    ТипДокументы
    #698731

    СӨЖ басқару, оларды орындау кестесі және оларға әдістемелік нұсқаулар
    Студенттердің өзіндік жұмысы-бұл оқытушының тапсырмалары бойынша оқытудың ерекше түрі, оларды орындау белсенді ойлау, іздеу – зерттеу және талдау қызметін талап етеді.

    Студенттердің өзіндік жұмысының әдіснамалық негізін оқыту мақсаты типтік және типтік емес тапсырмаларды шешу дағдыларын қалыптастыруға бағытталған, яғни нақты жағдайларда студенттерге нақты пәнді білуді көрсету, пәнішілік және пәнаралық байланыстарды қолдану қажет.

    Курсты оқу барысында студенттер әдеби көздермен жұмыс істеуге байланысты іскерлікке ие болады:

    - тарихи және қазіргі психологиялық әдебиетте (ғылыми, оқу, әдістемелік, психологиялық энциклопедиялар, сөздіктер, анықтамалықтар) сүйене отырып, ғылыми ақпараттың әр түрлі көздерін пайдалану, кітапханада каталогтар мен анықтамалық әдебиеттермен жұмыс істеу; тақырып бойынша әдебиеттерді таңдау, библиография талаптарына сәйкес әдебиеттер тізімін рәсімдеу;

    - әдеби дереккөзде ойды бөліп көрсету, жоспар, тезистер, конспект құру, хабарлама, реферат, хабарламалар, презентациялар және т. б. тақырыпқа сәйкес үзінділер жасау.

    СӨЖ тиімділігі үшін бірқатар шарттарды орындау қажет:

    1. аудиториялық және өзіндік жұмыстың дұрыс үйлесімділігін қамтамасыз ету;

    2. студенттің аудиторияда және одан тыс жұмысын әдістемелік тұрғыдан дұрыс ұйымдастыру;

    3. студенттерді ӨЖ процесін шығармашылық процеске айналдыру мақсатында қажетті әдістемелік материалмен қамтамасыз ету;

    4. студентті сапалы орындағаны үшін көтермелейтін шаралар мен өзіндік жұмыстың ұйымдастырылуын және барысын бақылау.


    Апта / күн

    Тақырып атауы (дәріс, практикалық сабақ, СӨЖ)


    Сағат саны

    Ең жоғары балл

    1

    2

    3

    4

    4


    СОӨЖ 1. Педагогтің психофизиологиялық (индивидтік) алғышарттары (нышандары). (эссе)

    СӨЖ кеңес беру және қабылдау.

    1

    16

    5

    СОӨЖ 2. «Дамудың жаңа құрылымдары және психологиялық дағдарыстар». Салыстырмалы кесте: Оқу іс-әрекеті субъектілерінің жас сипаттамасы; (глоссарий, 3-5 термин). СӨЖ кеңес беру және қабылдау.

    1

    18

    7

    СОӨЖ 3. Кіші, орта және жоғары сынып оқушыларының көру, есту, иіс, дәм сезу, сипап сезу түйсінулерінің ерекшеліктері (салыстырмалы талдау).

    СӨЖ кеңес беру және қабылдау.

    1

    18




    Барлығы 1 Аралық бақылау







    9

    СОӨЖ 4. Кіші, орта және жоғары сынып оқушыларының қабылдауы мен зейін дамуының жас сипаттамалары; глоссарий (әр жас кезеңіне 3-5 термин).

    СӨЖ кеңес беру және қабылдау.

    1

    14

    11


    СОӨЖ 5. «П.Я.Гальпериннің ақыл-ой әрекетін сатылы қалыптастыру теориясы»: түсіну меморандумы; «Сөйлеу және оның білім беру үдерісіндегі рөлі». Педагогикалық өзара әрекеттегі кедергілер. (талдау)

    СӨЖ кеңес беру және қабылдау.

    1

    14

    13


    СОӨЖ 6. Ерікті реттеудің психологиялық механизмдері; «Оқу іс-әрекетіндегі мотивация: мәні, қалыптастыру тәсілдері»; «Адам өміріндегі эмоциялар: күш немесе мақсатқа жету құралы».

    СӨЖ кеңес беру және қабылдау.




    14

    15

    СОӨЖ 7. Темперамент және мінез: іс-әрекеттегі (оқу, мектептен тыс және т.б.) көрінуі, іс-әрекетте реттеу тәсілдері; Балалар мен оқушылардың мінез белгілерінің дамуы.

    СӨЖ кеңес беру және қабылдау.

    1

    16




    Барлығы 2 Аралық бақылау









    СӨЖ тапсырмалары

    Апта

    Ең жоғары балл

    СӨЖ 1. Психология туралы ілімнің Қазақстандағы даму жолдары.

    Қазақстандағы психология ғылымының даму тарихына шолу (Қ.Б.Жарықбаев бойынша). Кеңестік психология мен шет елдік психология ғылымының бағыттары (реферат қорғау)

    Дуэйн Щульц., Сидни Эллен Щульц. Қазіргі психология тарихы. //Рухани жаңғыру жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық– Астана, 2018

    1

    2

    СӨЖ 2. Ми және психика. Сана күйлері. Сана және бейсаналық. Саналанбайтын психикалық үрдістер. Сана және өзіндік сана. Презентация

    2

    2

    СӨЖ 3. Іс-әрекеттің негізгі теориялары. Психологиядағы іс-әрекет ұғымы.Іс-әрекеттің түрлері мен құрылымы. Іс-әрекет пен белсенділіктің физиологиясы.Іс-әрекеттің негізгі теориялары. Эссе

    3

    2

    СӨЖ 4. Тұлға құрылымы. Мотивация және іс-әрекет. Тұлғаның мотивациялық-қажеттілік аумағы. Мотивацияның психологиялық теориялары. Тұлғаның қалыптасуы мен дамуы. Конспект.

    4

    2

    СӨЖ 5. Танымдық процестер жүйесінің жалпы сипаттамасы. Түйсік – таным негізі. Түйсіктердің адам тіршілік әрекетіндегі рөлі. Оқушылардың қабылдауының қалыптасуы мен дамуы. Постер жасау

    5

    2

    СӨЖ 6. Зейін мен ес түрлері, заңдылықтары, механизмдері (жоба қорғау). Зейін мен ес теориялары туралы жоба қорғау

    6

    2

    СӨЖ 7. Ес түрлері, заңдылықтары, механизмдері. Ес теориялары туралы мақала дайындау

    7

    2

    СӨЖ 8. Ойлау мен қиял түрлері және оның физиологиялық негізі. Ойлау ерекшелiктерi мен түрлерiн анықтауға байланысты жүргiзiлген эксперименттiк зерттеулер мен әдiстемелер. Ақын-жазушылардың шығармаларын оқып, ондағы қиялдың түрлерін сипаттау. “Армансыз адам дәрменсіз” тақырыбында реферат жазыңыз.

    Бір фантастикалық туынды оқып келіңіз?

    8

    2

    СӨЖ 9. Сөйлеуді қабылдау. «Сөйлеу қарым-қатынастың құралы ретінде» тақырыбында жоба, слайд дайындау

    Эмоциялар мен сезімдердің табиғаты мен мәні, психологиялық теориялары (слайд және жоба қорғау)

    9

    2

    СӨЖ 10. Эмоциялар мен сезімдердің табиғаты мен мәні, психологиялық теориялары. Тезис

    10

    2

    СӨЖ 11. Ерікті тәрбиелеудің психологиялық жолдары

    11

    2

    СӨЖ 12. Ерік жөніндегі психологиялық теориялар.Еріктік амалдың психологиялық құрлымы. Тұлғаның еріктік қасиеттері. Мақала жазу

    12

    2

    СӨЖ 13. Темпераменттің психофизиологиялық және психологиялық теориялары (Слайд қорғау). Темперамент түрлері және психологиялық тест жүргізу. Өз темпераментіңізге әдістемелер жұргізу, апорбациялау және интерпретациясы

    13

    2

    СӨЖ 14. Мінез бітістері. Мінез акцентуациясына тест жүргізу. Мінез типологиясын анықтау. Әдістеме жүргізу

    14

    2

    СӨЖ 15. Қабілет туралы психологиялық зерттеулер. Қабілеттер дамуының деңгейлері мен адамның жеке дара айырмашылықтары.Эссе

    15

    2


    написать администратору сайта