Ы.Алтынсариннің педагогикалық іс-әрекеті. Сж пні Педагогика Таырыбы
Скачать 18.51 Kb.
|
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті СӨЖ Пәні:Педагогика Тақырыбы: «Ы.Алтынсариннің педагогикалық іс-әрекеті» Тексерген:Баймаханова Г.Қ Орындаған:Копабаева А.Р 113 топ ( 1/2) Ақтөбе қаласы-2021 Ы. Алтынсариннің педагогикалық іс-әрекеті. Ыбырай Алтынсарин 1841 жылы қазан айының 20-сында қазіргі Қостанай облысы, Қостанай ауданында дүниеге келді. Үш-төрт жасында әкесі Алтынсары қайтыс болып, атасы Балғожаның қолында өсіп, тәрбиеленеді. Атасы Балғожа би өз аймағының атақты кісілерінің бірі болған. Замана бет алысын өзінше болжаған Балғожа табысқа жетудің ендігі жолы – оқу деп білді. Сөйтіп, немересі кішкентай Ыбырайды Орынборда ашылады деп күтілген орыс-қазақ мектебіне күні бұрын жаздырып қояды. Оқып, білім алып жүрген кезден бастап Ыбырай тек өз халқын ойлап өскен азамат болды. Халқының келешгі үшін басын бәйгеге тігіп, алдына екі түрлі мәселені шешуді алға қойды. Біріншісі мектеп ашу ,бала оқыту, жалпы халықтың санасын ашу болса, ал енді екіншісі халықтың ойы мен санасын жаңалыққа қарай бейімдеу жолындағы тәрбиелік істері болды. Қазақ педагогикасының негізін салушы, педагог-ағартушы, ақын және арозаик, пуб лицист балалар жазушысы, орыс графикасы негізінде қазақ алфавитінің негізін қалаушы ретінде Ы. Алтынсарин мектеп пен тәрбие өз халқының тұрмысы мен өмірінің тарихи ұлттық ерекшелігіне сәйкес келу идеясын ұсынды. Ыбырай Алтынсариннің пікірі бойынша, ауыл мектептері болыс мектептерінің бірініші бөлімінің бағдарламасы бойынша жұмыс жасауға тиіс болды. Оқу ана тілінде жүргізілуі тиіс деген қағида ұсынды. Ол қазақ халқына білім беру тек бастауыш мектеппен ғана шектеледі деген пікірден аулақ болды. Ол орта мектептер құру туралы ойларын халқына жеткізді және қазақ балаларының университетте оқуын қалады. Ы. Алтынсарин кәсіптік білім берудің маңызын жете түсінді және жақтады. 1860 жылы Ыбырайға обылыстық басқарма Орынбор бекінісінде қазақ балалары үшін бастауыш мектеп ашуды тапсырып,оны осы мектепте орыс тілі пәнінен мұғалім етіп тағайындайды. Осы мақсатпен ол Торғайға келеді. Осыдан бастап оның педагог қызметі басталады. Шалғай түкпірде мектеп ашу қиындыққа ұшырағанмен, оларға қарамастан ол осы іске одан әрі кірісе кетті. Ыбырай ел ішіне мектептің қандай пайдасы тиерін түсіндіріп ,біраз баланы өз үйінде оқытады. Халық оны толықтай қолдайды. Бірақ ол керітартпа феодалдар кесірінен көп қиындықтар көреді. Көп жылдар бойы аңсап келген мектебі тек 1864 жылы қаңтар айында ғана ашылады. Тұңғыш қазақ мектебін ашып оқытуға кіріскен Ыбырай соған тікелей көмектескен Н.И. Ильминскийге жазған(1864жыл, 16 наурыз) хатында: «Осы жылы январьдың 8 күні менің көптен күткен ісім орнына келіп, мектел ашылды, оған 14 қазақ баласы кірді, бәрі де жақсы, балалар. Міне, балаларды оқытуға, қойға шапқан аш қасқырдай, өте қызу кірістім, бұл балалар да менің айызымды қандырып, не бары үш айдың ішінде оқи білетін және орысша, татарша, жаза білетін болды...» деп жазады. Ы. Алтынсарин қазақ мектебінің кең таралуы жолында қажымастан еңбек етті, бұл бағытта ол елеулі табысқа жетті. Ол мектепте оқылатын сабақтарды мынадай жүйеде құрды: Орыс тілінде оқылатын пәндерді ана тілінде түсіндіре отыра, орыс кітаптарын оқыту. Әр түрлі нәрселер мен заттардың орысша аттарын үйрету. Орысша сөйлеуте үйрету. Методикалық талдау. Көркем жазу. Арифметикалык қосу, алу, көбейту, бөлу амалдарын жөнінен мәлімет т.б. Ы. Алтынсарин мектепте оқуды негізінен ана тілінде жүргізді. Бірақ орыс тілі де оқу мазмұнының ең маңызды бөлімі саналды. Мектеп оқуында, әсіресе ана тіліне үйретуде ұлы педагог К.Д. Ушинскийдің терең ойларын басшылыққа алды. Ұлы ағартушы-педагог тек мектеп ашумен ғана шектеліп қалуға болмайтынын, бұған лайықты оқу әдістемелік құрал-жабдықтар керек екенін жақсы түсінді. Сондықтан ол бірнеше ғылыми еңбектер жазды: «Қазақ хрестоматиясы» кітабын құрастырғанда ғұлама Ыбырай Алтынсарин: Біріншіден, осы біздің ана тілімізде тұңғыш рет шыққалы отырған жалғыз кітаптың орыс-қазақ мектептерінде тәрбиеленіп жүрген қазақ балаларына оқу кітабы бола алу жағын көздеді; Екіншіден, бұл кітапта келтірілген әңгімелердің қазақтар үшін ұнамды болу жағын көздеді; Ғұлама хрестоматияны мен екі кітап етіп шығаруды көздеді. Басылып отырған бірінші кітаптағы мақалалар мынадай төрт тарауға бөлінді: Балалар өмірінен алынған әңгімелер, мысалдар мен халық әдебиеті. Әр түрлі жастағы адамдардың өмірінен алынған әңгімелер. Ең жақсы қазақ ақындарының өлең-жырларынан үзінді. Қазақтың мақал-мәтелдері. Ал екінші кітапта табиғат тарихы мен жалпы тарих, география, өндірістехникасы және кеңсе ісін жүргізу үлгілері сияқты тараулардың болуы жоспарланған. Сол жылдарғы тұңғыш рет шыққалы отырған енбек болғандықтан ғалымның есептеуінше бұл хрестоматяда кемшіліктер де болуы мүмкін еді, бірақ та жазылған кітап ізсіз қалмастығына сенді. Хрестоматяда жазылған мағлұматтар осы күні надан жатқан, дегенмен де әлі азғындық жолға түспеген халықымыздың шамасы келгенінше қызмет ету біздің әрқайсымыздың да борышымыз екеніне, бәлкім, басқа да менен білімдірек елдестеріміздің де санасы жетіп қалар деп білді. «Қазақтарға орыс тілін үйретудің бастауыш құралы» — орыс графикасына негізделіп жасалған ең алғашқы оқулық. 1879 жылы Орынбор қаласында шыққан. Бұл орыс тілі грамматикасы қысқаша курсын қамтитын оқу құралы. Оқулықта жеті бөлім бар: Нәрселердің аттары (зат есім); Зат-мақұлықтың қасиетінің аттары (сын есім); Есеп аттары (сан есім); Местоимение деген сөздің бөлімі (есімдік); Ақыры өзгерілмейтін сөздер (үстеу, демеу); Предлог деген сөздің бөлімі (жалғау); Глагол деген сөздің бөлігі (етістік). Оқулықтың алғы сөзінде оқу құралын қалай оқыту жөнінде әдістемелік нұсқау берілген. Әрбір бөлім сөздіктен тұрады. Әрқайсысынан кейін орыс грамматикасының негізгі, басты ережелері ұсынып. Ережелер қабылдауға оңай нұсқауда келтірілген. Қорытындылай келе, білімге деген құштарлық, халқына қалтқысыз қызмет ету негізгі ұстанымы болған Ыбырай атамызды нағыз патриот, нағыз білікті педагог маман дегім келеді. Ол өзінің бар күш-қуатын халықты ағарту, жастарды тəрбиелеу қызметіне жұмсады. Ыбырайдың жазушылық қызметінің сол оқу-өнер, білім мəселесімен сабақтастығы анық. Оның ақындық шабытына дем беріп, жазушылық қиялына қанат бітірген зор нысана – қараңғы қазақ халқының көзін ашу, көңілін ояту, оны озық мəдениетті елдердің қатарына қосу болды. Осындай ұлы тұлғалардың маңдай терімен жазған еңбектерін бүгінде дәріптеу – қазіргі жастардың міндеті деп білемін. Ыбырай атамыздың жалпы қазақ халқының дамуына қосқан үлесін бағалап, оның армандарын іске асыру мына біздің, жастардың қолында. Сондықтан тарихымызды ұмытпайтын және болашақта алға жылжуға талпынатын жастар барда осындай ұлы тұлғаның еңбектері ақталады деген сенімдемін. |