|
Райымбек срс 204 стом. Сж таырыбы Эпидемиялы процесті айма жне уаыт бойынша крінуіні азіргі кездегі сипаттамасы
СӨЖ Тақырыбы: Эпидемиялық процестің аймақ және уақыт бойынша көрінуінің қазіргі кездегі сипаттамасы. Орындаған:Теміршот Р.Қ. Топ:204-стоматология Тексерген:Нуртазина.С.К Семей, 2019ж
Жоспар I Негізгі бөлім Кіріспе II “Эпидемиялық процесс” анықтамасы,оның сипаттамасы. Эпидемиологиялық процестің аймақ және уақыт бойынша көрінуі. Қазіргі кездегі сипаттамасы. III Қорытынды IV Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе Эпидемияның қозғалушы күші және берілу механизмі, инфекция көзі туралы түсінікті, жалпы эпидемиология теориясына алғашқы өңдеп жазған Л.В. Громашевский эпидемиялық процесс туралы ілімнің негізін қалаушысы. Қоздырғыштың иесі организмінде болуы және оның сыртқы ортаға шығуымен алмасып отыруы эпидемиялық процестің үздіксіз ұласып отыруына жағдай жасайды. Эпидемиялық процесс- тізбекті заңдылықтармен бірінен соң бірі ізінше біріншісінен келесісі пайда болатын өзіндік инфекциялық жағдай(Л.В.Громашевский). Эпидемиялық процесс дегеніміз инфекциялық аурулардың адамдар арасында пайда болуы мен таралуы( В.Д.Беляков). Эпидемиялық процесс үш элементтен тұрады: ● Инфекция көзі болып табылатын инфицирленген адам және жануар ағзасы; ● Қоздырғыш тасымалдауын немесе жұққыштық беріліс механизмі; ● инфекция көзі болып табылатын қабылдағыш адам ағзасы; Инфекция көзі – адамдардың, жануарлардың немесе өсімдіктердің жұқтырылуы жүретін, қоздырғыштың өмір сүруіне шынайы орта ретінде қызмет ететін объект жұқтырылған адамның (антропоноздарда) немесе жануарлардың(зооноздарда) ағзасы. Инфекция көзіне байланысты инфекциялар 3 топқа бөлінеді: 1. Антропонозды инфекция 2. Зоонозды инфекция 3. Сопронозды инфекция Қоздырғыштың берілу механизмі үш саты арқылы жүзеге асады: ● жұқтырылған организмнен бөліну сатысы; ● қоршаған ортада айналымы(циркуляции) сатысы; ● келесі организмге ену сатысы;
Л.В. Громашевский иесі организмінде қоздырғыштардың орналасуы және берілу механизміне байланысты инфекциялық ауруларды 4 топқа бөлді. - Аэрогенді (ауа-тамшылы) берілу механизмі. Қоздырғырғыштардың аэрозоль құрамында болып табылатын, тыныс алу жолдарының шырышты қабатында орналасуында шығарылған ауамен ( сонымен қатар- жөтел және түшкіргенде) қоса бөлінеді.
Трансмиссивті берілу механизмі. Науқас қанайналымында жүрген қоздырғыштардың берілуі буынаяқты қансорғыштардың көмегімен жүзеге асады. Артифициальді берілу жолы. Медициналық ,инвазивті, емдік және диагностикалық шаралармен байланысты (парентеральді, трансфузионды). Вертикальді берілу жолы. Ұрық кезінде анадан балаға беріледі Қабылдағыш тұрғындар– эпидемиялық процестің пайда болуы мен ұсталып тұруының (тұрақтануының) үшінші аралығы. Қабылдағыштық- организмнің енген қоздырғышқа арнайы патологиялық реакциямен жауап беру қабілеті. Инфекциялық ауруларға қабылдағыштық ең алдымен, әртүрлі инфекциялық агенттердің енуіне әр адам организмінің біркелкі емес сезімталдығы болуын анықтайды. Ол адам организмінің жағдайына, жасына,қоздырғыштың сапалық сипатына, оның мөлшері және эпидемиялық процестің даму уақыты мен нақты қолайлы орнына тәуелді. Эндемиялық сырқаттанушылық– табиғи және әлеуметтік жағдайға байланысты осы жерде тұрақты қалыптасқан ауруларды айтады. Экзотикалық сырқаттанушылық– қоздырғышты басқа жерге әкелгенде, осы жерге тән емес аурудың пайда болуын айтамыз. Эпидемия–жұқпалы аурулардың бүкіл халық арасында немесе оның кейбір континенттерінің арасында тарауы. Пандемия– жұқпалы аурулардың бүтіндей елдерде,тіпті барлық жер шарының тұрғындары арасында етек жаюы. Эпидемиялық процестің көрінісінің жылдық серпінісі аз циклдік ауытқумен анықталады.Ондай аз ырғақты қайталану циклінің бір жылдық ішіндегі көрінісін маусымдық деп атайды.Сырқаттанушылықтың осы жылдың белгілі бір айындағы маусымдық пен оның келесі жылдың осы айындағы маусымдық аралығын эпидемиялық жыл деп атайды. Маусымдық көрініс ретінде аэрогендіді антропоноздардың қысқы мезгілінде, ішек антропоноз инфекцияларының жазғы мерзімде болуы айтады. Эпидемияның пайда болуын уақыттық белгімен талдаған кезде оның қарқынды және созылмалы деп бөледі.Әдеттегі күшті эпидемия бір мезгілде жұққанда болады.Алғашқы ауру инкубациялық мерзімнің барынша аз кезінде,соңғы ауру барынша көп кезеңінде байқалады. Эпидемиялық аумақтың белгісімен талдағанда:жергілікті (белгілі бір аумақтық және халық тобын қамтыған) және кеңейтілген (қосымша аумақтық және халық топтарын қамтыған) түр деп бөледі.Даму қарқыны бойынша тез және жай өтетін түрлері болады.
Қорытынды ЭПИДЕМИЯЛЫҚ ПРОЦЕСС ӘРТҮРЛІ ХАЛЫҚТАРДА, ОЛАРДЫҢ ТҰРҒЫЛЫҚТЫ ЖЕРІНЕ, ЯҒНИ ЖЕРГІЛІКТІ ЖЕР КЛИМАТЫНА, САЛТ- ДӘСТҮРІНЕ, ЖЫНЫСЫНА, ЖАС ҰЗАҚТЫҒЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ӘРТҮРЛІ КӨРІНІС БЕРЕДІ.
Пайдаланган әдебиеттер Пайдаланган әдебиеттер 1. С.А.Амиреев, Т.А. Муминов, Б.Л. Черкасский, К.С. Оспанов Стандарты и алгоритмы мероприятий при инфекционных болезнях.-Алматы, 2007, 1 том.-С.596+80 стр.вкл. Цв 2. Покровский В.И. и др. Инфекционные болезни и эпидемиология. – 826с. М.: ГЭОТАР-МЕД;2004. |
|
|