Главная страница

Сж ттынушы функциясы. Кмекші (осалы) бадарлама анса


Скачать 47.06 Kb.
НазваниеСж ттынушы функциясы. Кмекші (осалы) бадарлама анса
Дата19.11.2021
Размер47.06 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлаСӨЖ-6.docx
ТипПрограмма
#276547


СӨЖ-6. Тұтынушы функциясы. Көмекші (қосалқы) бағдарлама
А-нұсқа

1.Подпрограмма функцияны қолдана отырып функцияның мәнін есептеңдер:

Z= ,

мұндағы А(j ) және В(j ) массив элементтері.

2. С(10) және D(15) массивтері берілген.

Есептеңдер: Z=AX2+B, мұндағы А= , B=
3. Х(10), У(15), Z(20) нақты массив элементерінің арифметикалық ортасын есептеңдер.

4. Подрограмма функцияны пайдаланып А(10), В(15) массивтерінің ең кіші элементінің индексін табыңдар.

5. Подрограмма функцияны пайдаланып А(5,5) және В(10,10) матрицаларының диагонал бойындағы элементтерінің қосындысын табыңдар.

6. Подрограмма функцияны пайдалана отырып А(3,6), В(5,10) массивтерінің оң элементерінің қосындысын және олардың санын табыңдар.

7. А(5,7), В(4,6) матрицаларының оң элементтерінің геометриялық ортасын табыңдар.

8. Есептеңдер: , мұндағы Хмах, Умах – Х(10), У(15) массивтерінің ең үлкен элементтері.

9. А(6,5), В(4,5) матрицасындағы, берілген Х санынан үлкен элементтер санын анықтаңдар.

10. Есептеңдер: мұндағы Хміn, Уміn – Х(10), У(15) массивтерінің ең кіші элементтері.
11. Есептеңдер:
12. А(20), В(20) массивтері берілген. Есептеңдер: У=ax2+bx5+cx3, мұндағы
13. А(10,10), В(5,10) матрицаларының ең кіші элементтерінің қосындысын табыңдар.

14. Х(10) және У(15) массивтерінің ең кіші элементтерінің геометриялық ортасын табыңдар.

15. А(10х10) және В(5х10) матрицаларының ең кіші элементтерінің көбейтіндісін табыңдар.

16. А(5х5) және В(10х10) матрицаларының диагонал бойындағы элементтерінің көбейтіндісін есептеңдер.

17. интервалына кіретін А(10), В(15) массивтерінің элементтерінің санын табыңдар.

18. А(4,4) және В(5,5) матрицасының бас диагоналының жоғары жағында орналасқан элементтерінің қосындысын табыңдар.

19. А(10), В(15) матрицасының берілген Х санынан үлкен элементтер санын табыңдар.

20.Есептеңіз : мұндағы .

С(10), D(15) массивтері берілген.

21. А(11), С(9), К(10) бүтін массив элементерінің қосындысын және арифметикалық ортасын есептеңдер.

22.А(5,4), В(5,3), С(6,3) матрицаларының ең кіші элементін және олар орналасқан жол мен бағананың номерін табыңдар.

23. Есептеңдер: D= , мұндағы Хmax, Хmіn А(30) және В(20) массивтерінің ең кіші және ең үлкен элементтері.

24. Х(10) және У(15) массивтеріне жазылған кездейсоқ шаманың математикалық дисперсиясын есептеңдер. Есептеуді жалпы түрдегі көмекші программа арқылы томендегі формулмен жүргізіңдер:

Ма= Da=

25. А(12), В(9) массивтерінің [x1,x2] аралығында жататын элементтерінің санын табыңдар. [x1, x2] арлығында жататын элементтерді А1 және В1 массивтеріне жазыңдар. Элементтердің санын және А1, В1 массивтерін баспаға шығарыңдар.

26. А(10) және В(15) массивтерінің арифметикалық ортасын және одан кіші элементтер санын анықтаңдар.

27. Тік төртбұрышты матрицаның жолдарының элементтерін реті бойынша бір өлшемді массивтке жазыңдар. Мұны А(7,2) және В(5,3) матрицалары үшін орындаңдар.

28. А(3,3), В(2,2), С(3,3) матрицалары берілген. Сәйкесінше берілген А, В, С матрицаларының ізі болатын Х, У, Z сандарының кішілерін табыңдар. Матрица ізі – бұл бас диагонал элементтерінің қосындысы.

29. А(3,3), С(7,7), D(5,5) матрицалары берілген. Осы матрицалардың оң элементтерін санайтын программа құрыңдар.

30. А(15), В(18), С(12) массивтерінің [1,5] интервалында жататын элементтерінің санын табыңдар.


Ә-нұсқа

1. С(5,5) және В(6,6) матрицаларының әр жолының элементтерінің көбейтіндісін есептеңдер.

2. С(5,5) және В(6,6) матрицаларының әр бағанының элементтерінің қосындысын табыңдар.

3. Берілген нақты 30 элементтен тұратын А,В,С массивтері үшін есептеңдер:

t=

Мұндағы махА, махВ, махС сәйкес массивтердің ең үлкен элементтері.

4. Есептеңдер:

Мұндағы, Xmax, Xmіn, Х(10)- массивінің ең үлкен және ең кіші элементтері, Уmax, Уmіn, У(20)- массивінің ең үлкен және ең кіші элементтері.

5. А(5,7) және В(5,6) матрицаларының әр жолының оң элементтерінің қосындысын және осындай элементтердің санын табыңдар.

6. А(5,5) және В(4,4) матрицаларының бағаналары бойынша элементтерінің қосындысын табыңдар. Нәтижені вектор түрінде беріңдер.

7. А(5,5) матрицасының әр жолының элементтерінің көбейтіндісін есептеп, нәтижесін вектор түрінде беріңдер.

8. В(5,10) және С(4,5) матрицаларының әр жолының ең кіші элементін тауып, МІNB(5), MІNC(6) массивтеріне жаз.

9. Нақты q және s нақты сандары берілген. Табыңыз:

z=

мұндағы х1 және х2 x2+qx+s=0; у1 және у2 qx2+sx-6=0 квадрат теңдеулерінің түбірлері.

10. (4 х 4) өлшемді нақты элементті үш матрица берілген. Олардың жолдарының ең үлкен элементтерінің қосындыларының ішінен кішісін табыңдар.

11. Х(3,3), С(2,2), К(6,6) матрицалары берілген. Осы матрицалардың теріс элементтерін санайтын программа құрыңдар.

12. Нақты p,q және s нақты сандары берілген. Есептеңдер:

z=

мұндағы, х1 және х2 px2+qx+s=0;

у1 және у2 qx2+sx+p=0 квадрат теңдеулерінің түбірлері.

13.а,b,c,d кесінділері берілген. Осы кесінділердің кез келген үшеуін қарастыра отырып, олардан үшбұрыш тұрғызуға болатын/болмай­тынын анықтап, үшбұрыш тұрғызылатын жағдайда, оның ауданын табу керек. Үшбұрыштың ауданы , мұндағы p=(x+y+z)/2.

14.Натурал N саны берілген. Ол екі x және y бүтін сандарының квадраттарының қосындысына тең болатын болса N=x2+y2, онда x, y сандарын анықтайтын функцияны құру керек.

15.Нақты x, y (x>0, y>1) сандары берілген, yk-1 x < yk шартын қанағат­тандыратындай k бүтін санын (оң, теріс немесе нөлге тең) табу керек.

16.Натурал N саны берілген (N > 99). Ондағы жүздіктер санын анықтаңыз.

17.Натурал N саны берілген (N 99). N 2 саны N санының цифрлары­ның қосындысының кубына тең екендігін тексеру керек.

18.Натурал N саны берілген (N > 10000). N санының алғашқы K разрядтарының қосындысын анықтаңыз (K  4).

19.Натурал n, m сандары берілген, n санының соңғы m цифрларының көбейтіндісін табу керек.

20.Натурал N саны берілген. N санының жазбасынан басқа цифрлар­дың ретін өзгертпей 0 және 5 цифрларын алып тастау керек. Мысалы, 59015509 санынан 919 саны шығады.

21.Натурал N саны берілген. K2-қа бөлінетін және K3-қа бөлін­бей­­тін барлық натурал K-ларды табу керек.

22.Натурал n және m сандары берілген, A(n,m) мәнін есептеу керек, мұндағы



23.Егер N цифрдан тұратын натурал санның цифрларының қосын­дысын n-ші дәрежеге шығарғанда, сол санның өзіне тең болатын бол­са, ондай сан Армстронг саны деп аталады (мысалы, 153=13+53+33 ). Екі, үш және төрт цифрдан тұратын барлық Армстронг сандарын табу керек.

24.1-ден n-ға дейін нөмірленген (n=10) n елді мекен бар. Кейбір қос елді мекендер жолдармен қосылған. Осы жолдар арқылы бірінші елді мекеннен n-шісіне жетуге болатынын немесе болмайтынын анықтау керек. Жолдар туралы ақпарат i-ші және ј-ші елді мекендердің жолдар­мен қосылғанын білдіретін i және j ( i
25.Екі ұшбұрыштың төбелерінің координаталары берілген. Олардың қайсысының ауданы үлкен екенін анықтау керек.

26.Жазықтықтағы үш түзу akx+bky=ck (= 1,2,3) теңдеулерімен берілген. Егер ол түзулер қос-қостан қиылысып, үшбұрыш құрайтын болса, сол үшбұрыштың ауданын табу керек.

27.Екі жай санның бір-бірінен айырмашылығы 2-ге тең болса, олар “егіздер” деп аталады (мысалы, 41 және 43 сандары). [n, 2n] аралығындағы барлық “егіздерді” анықтау керек, мұндағы n – 2-ден үлкен бүтін сан.

28.Натурал N санын енгізіңіз. Келесі алгоритм бойынша Паскаль үшбұрышын құру керек:

C00

C10 C11


C20 C21 C22

C30 C31 C32 C33

C40 C41 C42 C43 C44

………………………..
анықтау керек, мұндағы n!=1·2·3·….· n, n – санының факто­риа­лы.

29.Әрқайсысы 100 элементтен тұратын X және Y жиымдары берілген. Осы екі жиымның әрбір элементін бір-бірімен орын алмастыруды (хkуk) функция түрінде ұйымдастыратын пограмма құру керек, мұндағы k=1,2,...,100. Аралық мәндерді сақтайтын қосымша айныма­лы­ларды қолдануға болмайды.

30.N саннан тұратын бүтін сандар тізбегі берілген. Олардың арасында бірдей екі сан кездеспейді. Қалған сандар өсу ретімен орналасатындай етіп, сол реттілікке көнбейтін сандарды өшіріп тастау керек.


написать администратору сайта