Главная страница
Навигация по странице:

  • ЖТБ-ның бас сүйектерінің ерекшеліктері

  • Кіші еңбек

  • Спазмофилия

  • Клиникалық айқындалуының 2 формасы бар

  • Аллергиялық диатез

  • Аллергияның түрлері

  • Клиникалық айқындалуы

  • Аллергиялық диатездің терідегі айқындалуы

  • Сүйек бұлшықет жүйесінің АФЕ. Сйек блшыет жйесіні афері. Мешел. Гипервитаминоз Д


    Скачать 1.98 Mb.
    НазваниеСйек блшыет жйесіні афері. Мешел. Гипервитаминоз Д
    Дата20.06.2020
    Размер1.98 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаСүйек бұлшықет жүйесінің АФЕ.docx
    ТипДокументы
    #131659

    Сүйек бұлшықет жүйесінің АФЕ-рі. Мешел. Гипервитаминоз Д.

    • Балалардың сүйек,  б/е жүйесінің АФЕ-рі.

    • Рахит туралы түсінік, оның дамуы, себебі, классификациясы, клиникасы, диагностикасы, емдеуі және алдын алуы.

    • Д гипервитаминоз жайлытүсінік.

    • Себебі, клиникасы және емдеуі

    Баланың сүйегінің құрамында су көп, олар жарақаттанғыш, сондықтан инфекция оңай түседі  де остеомиелит жиі дамиды.

     ЖТБ-ның бас сүйектерінің ерекшеліктері:бас сүйектерінің арасындағы тігістер жабылмай үлкен және кіші еңбек құрады.

     Үлкен еңбек ромб тәрізді, маңдай және екі төбе сүйектерінің арасында айқындалады. Мөлшері 3,5-4,0 см, 10-18 айында жабылады.

     Кіші еңбек үшбұрыш тәріздес, желке және екі төбе сүйек арасында айқындалады. Күні жетіп туған балаларда көбіне жабық болады.

     ЖТБ-ның омыртқа жотасы тіп-тік, 2 айында мойын лордозы-алға қарай иіліс пайда болады, 6 айында кеуде кифозы-артқа қарай иіліс, 12 айында жамбас лордозы пайда болады.

     Баланың сүйегі қалібін өзгертіп қисаймауы үшін келесі ережелерді сақтаған жөн:

    1. Баланы төсегіне әрдайым бір жағына салмау керек.

    2. Қолға көтергенде әрдайым бір қолға ұстауға болмайды.

    3. Баланың төсегі қатты, жастығы жайпақ болуы керек.

    4. Баланы 6 айдан ерте отырғызуға болмайды.

    5. Балабақшада және мектепте мебель баланың бойына сәйкес болуы керек.

    6. 4-ші сыныпқа дейін оқушылар мектепке ранец ұстауы керек.

    Спазмофилия 

    Спазмофилия - гипокальциемиялық синдром-бала организмінде фосфор және кальций азайып денесінің құрысып-тырысуға бейімділікпен сипатталатын ауру. Көбіне 2 жасқа дейінгі балаларда, әсіресе көктем кезінде және бала рахитке байланысты Д витаминін алып жүргенде кездеседі.

     Клиникалық айқындалуының 2 формасы бар: 

    • 1.Ларингоспазм-дауыс желбезектерінің тырысып дыбыс саңлауының  тарылуы. Бала қиналып, шумен дем алады, реңінде қорқыныш, терлеп кетеді, есінен танып бірнеше секундтан соң шумен дем алады.

    • 2.Эклампсия-баланың барлық бұлшықеттерінің құрысып-тырысуы, аузынан көбік шығып, бала есінен айрылады.

    Емі:

    І. Ларингоспазм кезінде: 

    • Таза ауа жеткізу.

    • Салқын су шашу, құйрығынан ұру.

    • Ылғалды оттегі беру

    Жағдайы жақсарғаннан соң кальций препаратын беру.

    ІІ. Эклампсия кезінде:

    • Сабырлы жағдай жасау.

    • Баланы жұмсақ жерге жатқызып басын, қол-аяғын жарақаттанудан сақтау, басын бұру.

    • Ылғалды оттегі беру.

    • Құрысып-тырысуға қарсы дәрілерді егу: реланиум, валиум, седуксен, ГОМК, дроперидол.

    Спазмофилияның алдын-алуы рахиттың алдын-алуымен қатар өткізіледі.













    Аллергиялық диатез

    Диатез (гректің бейімділік деген сөзі). Яғни тері мен шырышты қабаттардың қабынуға бейімділігі. Бұл тұқым қуалайтын жағдай.Осы жағдайдың әсерінен зат алмасу бұзылады, әсіресе су және минералды тұздардың алмасуы, организмнің ауруға қарсы тұру қабілеті төмендейді. Сондықтан балалар жиі ауырады, аурулары ұзаққа созылады, жиі асқынып кетеді.

    Аллергияның түрлері

    1. Тамақ аллергендері-сиырдың сүті, жұмыртқаның ақуызы, цитрус жемістері, какао, бал, шоколад, қызғылт және сары түсті жемістер мен көкөністер, грек жаңғағы т.б.

    2. Дәрі аллергендері-антибиотиктер, витаминдер, сульфаниламидтер т.б.

    3. Вакциналар, сарысулар.

    4. Тұрмыстық аллергендер-үй ішінің шаң-тозаңы, үй жануарларының жүні, құс жүні, балықтың жемі т.б.

    Клиникалық айқындалуы: Аллергиялық диатез баланың 3-5 айлығында басталып 1-2 жылға созылады, ал кейде тіпті өмір бойы айқындалып демікпеге, аллергиялық бронхитке, аллергиялық дематозға асқынуы мүмкін.

    1. Аллергиялық диатездің терідегі айқындалуы:

    • Үлкен еңбектің тұсында шаштың арасында майлы сары қабыршықтар пайда болады, бірте-бірте бұл қабыршықтар қалыңдап тұтас қабыққа айналады да, баланың басына телпек кигізіп қойғандай болады. Бұны себорея немесе гнейс деп атайды.

    • Баланың күтімі жақсы болса да оның тері қыртысында баздану пайда болады, бұл базданудың емделуі өте қиын.

    • Баланың бетінде құрғақ есекжем пайда болады. Тері қызарып, қалыңдап, қабыршықтанып кетеді. Кейбір кезде асқынып құрғақ есекжем сулы есекжемге айналуы мүмкін. Есекжем шыққан кезде баланың денесі дуылдап қышып кетеді, ол мазасызданып ұйқысы бұзылады, тәбеті төмендейді.






















    написать администратору сайта