Главная страница

С_йы_ шыны_ __рамы, _асиеттері ж_не _олданылуы. Сйы шыны рамы, асиеттері жне олданылуы


Скачать 13.86 Kb.
НазваниеСйы шыны рамы, асиеттері жне олданылуы
Дата11.03.2023
Размер13.86 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлаС_йы_ шыны_ __рамы, _асиеттері ж_не _олданылуы.docx
ТипДокументы
#981338

Сұйық шыны: құрамы, қасиеттері және қолданылуы

Сұйық шыны кремний қостотығының өткір натриілі немесе кальцилі сілтісіндегі коллоидты ерітіндісі болып табылатын қою-сары немесе сүр түсті тұтқыр сұйық түрінде қолданылады. Ерітілгенге дейін бұл шыны силикатты қойтас аталатын қатты шыны тектес масса түрінде болады.

Сұйық шынының құрамы формуласымен бейнеленеді, мұнда натрий немесе калий, мәнін суйық шыны модулі деп атайды. Модуль қаншалықты аз болса, сұйық шыны солғұрлым тез ериді. Әдетте құрылыста құрамында 50-70% су бар және тығыздығы (жеке салмағы) 1,3-1,5 модулі 2,5-3,0-ге дейінгі натрийлі сұйық шыны, ал калийлі 3-4-ке дейінгі сұйық түріндегі шыны қолданылады.

Натрийлі сұйық шыныны көбінесе жер қабатын тығыздауға, жалын мен отқа төзімді бетондар жасауға, қышқылға төзімді бетондар жасауға пайдаланылады. Калийлі сұйық шыны натрийліге қарағанда қымбат. Сондықтан негізінен силикатты бояулар жасау үшін пайдаланылады.

Сұйық шыны құрамының негізгі бөлігі болып табылатын натрий және калий силикаттары суда гидролизге ұшырайды. Осы кезде бөлінетін кремнезем қосгидраттының немесе сол сияқты түріндегі гельдің тұтқырлық қасиеттері болады.

Сұйық шынының өзінше қатуы баяу жүретіндігін тек кремнийлі қыш-қылдың түсуін жылдамдататын заттар, мәселен, кремнефторлы натрийді қосу арқылы реттейді.

Сұйық шынының қатуын жеделдетуге принципті өзге жолдармен де же-

туге болады, бірақ ол да сілтілі силикаттардың гидролизін жылдамдатуға

әкеліп соғатын жол.

Мысал ретінде силикаттық бояуларын да байланыстырушы зат ретінде қолданылатын сұйық шынының қатуын қалай жылдамдатылатынын қарастырамыз. Бұл бояуларда сүйық калийлік шыны мен минералдық сілтіге төзімді пигменттерден басқа белсенді минаралдық кремнеземділеу қоспалары да (трепел, диотомит) бар. Силикаттық бояуды жаңа бетонның бетіне (цемент немесе цемент-әкті сылақты) жаққанда калий силикатының бір бөлігі, бетон немесе сылақтың қатуы кезінде бөлінетін, кальций бос гидрототығымен байланысып, суда ерімейтін кальций силикатын түзеді.

Трепел, диатомит және сол сияқты бояуға енгізілетін кремнеземділеу қоспалар бір мезетте өткір сілтіні байланыстырады. Бұл сәтте сүйық шыны модулі артып, силикаттық қабыршық бояуы аз ерігіш болып шығады.

Сұйық шыны пайдаланудың жоғарыда аталған салаларымен қатар, соңғы жылдары принципті жаңа бағыт пайда болды. Сұйық шыны супер жеңіл деп аталатын толтырғыштарды жасауға қолданылуда (В.В.Куйбышев атындағы Мәскеудің инженерлі-құрылыс институты салалық лабораториясы мен РСФСР-дің құрылыс материалдар өнеркәсібінің министрлігінің жұмыстары). Мұндай толтырғыштарды түрлі байланыстырғыш заттарда қолдану, жылу оқ-шаулағыш материалдар мен бұйымдардың пәрменділігін шұғыл арттыруға қол жеткізеді.


написать администратору сайта