ыыы. скемен аласы кімдігіні 35 орта мектебі кмм таырыбы Мен з елімні патриотымын ткізген 3 сыныптар
Скачать 2.54 Mb.
|
Өскемен қаласы әкімдігінің «№35 орта мектебі» КММ Тақырыбы: «Мен – өз елімнің патриотымын» Өткізген: 3 сыныптар «Мен – өз елімнің патриотымын» Мақсаты – қоғамда өздерін көрсете және өз еліне пайдалы бола алатын, Жаңа Қазақстандық Патриотизмнің құндылықтары мен мұраттары жүйесін иеленетін білім алушы-патриот тәрбиелеу. Міндеттері: - жаңа білімді, ақпараттық ресурстарға сүйене отырып зияткерлік қажеттіліктерін меңгеруін қамтамасыз ету; - ұлттық рәміздер, негізгі құндылықтар, жаңа қазақстандық патриотизм, «Мәңгілік Ел», ұлттық сана ұғымдарын меңгеруге көмектесу; - зерттеу, шығармашылық, коммуникативтік құзыреттіліктерін дамыту; - шығармашылық дамыту; Ресімдеу - Мемлекеттік Елтаңба, Мемлекеттік Ту бейнеленген плакаттар. Қазақстан Республикасының картасы Барысы: 1. Ұйымдастыру. Бүгін 1 қыркүйек – Білім күні. Әрбір адам баласының өміріндегі елеулі күн. Өйткені, Білім күні – өз мектебін сүйетін және ұмытпаған адамдардың дәстүрлі мерекесі. 2. Негізгі бөлім -Отан – әр адамның жүрегіне жылы тиер қасиетті сөз. Отан –сенің туған елің, туған жерің, дос –жарандарың, туған туысқаның. Отан- бұл өзіңнің тұратын, өмір сүретін, қызмет ететін жерің. Отан адам үшін біреу ғана. Отанды анаға теңейді. Себебі, Отан сендерді анаңдай қорғайды, көмектеседі, күш береді.Біз Отанымызды, елімізді сүйеміз. Біз – Қазақстанның патриотымыз! Отан деген не, кім қалай түсінеді? Көп аузынан түспейтін, Отан деген немене? Оның тұлға түс кейпін, Достым білгің келе ме? -Біздің Отанымыз қалай аталады? -Қазақстан Республикасы. - Біздің Отанымыз – Қазақстан Республикасы. Сан ғасырлар бойы ата-бабаларымыз жерін жаудан қорғап, бүгінгі ұрпақ – бізге жеткізді. Қазақстан жер көлемі бойынша 9 орында тұр. Қазақстанда үлкен қалалар көп. Олар: Алматы, Астана, Қарағанды, Шымкент, Көкшетау, Қостанай, Ақтау, Павлодар, Ақтөбе, Тараз, Қызылорда, Өскемен, Семей және туған қаламыз – Талдықорған. Бұлар – әдемі қалалар. Астана - Отанымыздың бас қаласы, астанасы. Астана қаласын қазір бүкіл ел біледі. - Қазақстан – тәуелсіз, егеменді, көп ұлтты мемлекет. Онда қазақтар, орыстар, ұйғырлар, өзбектер, корейлер, украйндер және тағы басқа ұлттардың өкілдері тұрады. Олар тату-тәтті, бірлікте өмір сүріп жатыр. -Қазақстан Республикасының президенті кім? - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан жолы 2050: «Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Қазақстан халқына Жолдауында жаңа жүйеқұраушы «Мәңгілік Ел» құндылығын жалпыұлттық патриоттық идеясы ретінде ұсынды. Оның құрылымдық құрамдастары ретінде тәуелсіздік, ұлттық тұтастық, тұрақтылық, толеранттылық, қоғамдық келісім, аумақтық тұтастық, егемендік, теңдік анықталды. Біз көппіз және бәріміз – бір Елміз, бір халықпыз. Өз еліне пайдасын тигізу, өз Отанының тағдырына жауапты болу – әрбір жауапты саясаткер үшін, әрбір қазақстандық үшін парыз және абырой. Біз бәріміз бір атаның – қазақ халқының ұлымыз. Бәріміздің де туған жеріміз біреу – ол қасиетті қазақ даласы. Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол – тәуелсіз Қазақстан. - Мемлекеттік тіл-қазақ тілі. Қазақ тілін білу – әрбір қазақстандық азаматтың борышы. - Сондай-ақ мемлекетіміздің өз Ата заңы бар. 1993 жылы 28 қаңтарда ҚР тұңғыш Конституциясы қабылданды. 1995 жылы 30 тамызда еліміздің жаңа конститутциясы қабылданды. Адамның өмірін, денсаулығын, тыныштығын мемлекетіміздің Ата заңы қорғайды. 1992 жылы ҚР мемлекеттік рәміздері қабылданды. Олар: Ту, Елтаңба, Гимн. - Қазақстан Республикасының мемлекттік Туы. Ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Алтын күн, қыран және ою-өрнек біздің халқымыздың ашық келешегі мен берекесі, тыныштық пен байлықтың белгісі. - Қазақстан Республикасының мемлекеттік Елтаңбасында көгілдір түс аясында шаңырақ бейнеленген. Шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап, уықтар шаншылған. Бес жұлдыз, қанатты тұлпар бейнеленген. Бидай сабақтары тоқшылық, молшылықты білдіреді. - Кез-келген мемлекеттік рәміздердің ең маңыздысы- Гимн. Гимн мемлекеттік ән. Ол халықты әйгілі етеді. Оның сөздерінде халықтың мыңдаған жылғы тарихы, бүгінгі өмірі мен клешек арманы айтылған. Мұғалім: - Ия, балалар, елін, жерін сүйетін азамат болып шығу үшін қандай бала болуымыз керек? - Білімді, өнерлі, ақылды, еңбексүйгіш бала болуымыз керек. - Отанды сүю – от басынан басталады. Рефлексия: «Тегтер бұлты» инновациялық тәсіл көмегімен жүргізу: Мен ...............................................таныстым. Маған ................................................оңай болған жоқ. Мен .........................................................қол жеткіздім. Мен ...........................................................істей алдым. Менің .......................................................есімде қалды. Мен ...........................................................істеп көремін. Қорытынды: - Сендер, кішкентай балапандар, – еліміздің болашағысыңдар. «Сен де бір кірпіш дүниеге, Кетігін тап та бар қалан...» деп Абай атамыз жырлағандай елін сүйген азамат болуға міндеттісіңдер. Бүгін өздеріңді Тәуелсіз еліміздің болашағы екендеріңді, яғни, нағыз азамат екендіктеріңді көрсете білдіңдер. Еліміздің егемендігін танытатын ресми ерекшелік белгілері: Ана тіліміз, Елтаңбамыз, Туымыз, Ата заңымыз, Әнұранымызды бойындағы бойтұмарындай сақтап қана қоймай, қашанда еліміздің, жеріміздің еркіндігін сақтайтын мықты ұрпақ, мықты азамат болатындарыңа сенімім мол. Жолдарың ашық, жарқын болсын, Тәуелсіз елдің азаматтары! Ән караоке: «Ұланымын Отанның» Үйге тапсырма: Конверттің ішіндегі сұрақтарға жауап беру |