Главная страница
Навигация по странице:

  • Сабақтың тақырыбы

  • Сабақтың көрнекілігі

  • Сабақтың әдіс – тәсілдері

  • Сабақтың барысы: I.ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚТЫ ОЯТУ.

  • Дәптермен жұмыс

  • Математикалық, логикалық сұрақтар

  • II.МАҒЫНАНЫ ТАНУ.

  • III.ОЙТОЛҒАНЫС. -Балалар енді сабағымызды «Әдеби үйірме» ойынымен жалғастырайық.«Әдеби үйірме» стратегиясы

  • ББҮ кестесіне қайта оралу

  • түнгі сәуле. скемен аласы Оралхан Бкей атындаы 44 мектеплицейі кмм сабаты таырыбы


    Скачать 155.16 Kb.
    Названиескемен аласы Оралхан Бкей атындаы 44 мектеплицейі кмм сабаты таырыбы
    Дата06.11.2022
    Размер155.16 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлатүнгі сәуле.docx
    ТипДокументы
    #772296





    Бөпебаева Асем Айтбекқызы, бастауыш сынып мұғалімі

    Шығыс Қазақстан облысы

    Өскемен қаласы

    «Оралхан Бөкей атындағы № 44 мектеп-лицейі» КММ
    Сабақтың тақырыбы: Сәкен Жүнісов «Түнгі сәуле»


    Сабақтың мақсаты: Сәкен Жүнісов жайлы қысқаша мағлұмат беріп, мәтінді толық меңгерту, кейіпкерлер бейнесіне талдау жасап, өз ойын жүйелі жеткізе алуға үйрету, өзіндік ой қорыта білу, шығармашылықпен жұмыс істеу қабілетін жетілдіру, ой - өрісі мен дүниетанымын кеңейту, сөздік қорларын молайту, кейіпкерлер бойындағы жақсы қасиеттерді үлгі ету.

    Сабақтың көрнекілігі: Бейнетаспа,слайд , таратпа материалдар, бағдаршам белгілері, сергіту сәтінің әуені,бағалау парақшасы, түстер.

    Сабақтың типі: жаңа сабақ

    Сабақтың әдіс – тәсілдері: ой қозғау, талдау, іздену,шығармашылық жұмыс.

    Қолданылған модульдер: Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, білім беру үшін бағалау және оқуды бағалау, білім беруде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану, білім берудегі басқару және көшбасшылық.

    Сабақтың барысы:

    I.ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚТЫ ОЯТУ.

    Әдебиеттік оқу сабағының ұраны: (Хормен)

    Туған тілім-тірлігімнің айғағы

    Тілім барда айтылар сөз ойдағы

    Өссе тілім менде бірге өсемін

    Өшсе тілім менде бірге өшемін

    -Балалар, бүгін біз топпен жұмыс жасайтындықтан, алдымен топ басшыларыңды, топ бағалаушысын сайлап алуларың сұралады.

    - Енді топпен жұмыс істеу үшін тағы нені ескеру керекпіз (топ ережелері)

    -Балалар, біз бүгін сендер сияқты балалардың басынан өткен қызықты оқиға туралы оқитын боламыз. Оқиғамен таныспас бұрын осы оқиғаны жазған автор жайлы біліп алайық.

    • Дәптермен жұмыс:

    • Сәкен Жүнісов 1934 жылы 11 ақпанда Көкшетау облысының Қызылту ауданы, Кішкенекөл ауылында туған. Қазақ мемлекеттік университетін тәмамдаған. Еңбек жолын “Пионер” (қазіргі “Ақ желкен”) журналында әдеби қызметкер болып бастады. М. Әуезов атындағы Қазақтың мемлекеттік академиялық драма театрында әдебиет бөлімінің меңгерушісі,Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы қызметтерін абыройлы атқарған.

    (бейнетаспа) ........................

    Математикалық, логикалық сұрақтар

    Сәкен Жүнісов 1934-2006 жылдар аралығында өмір сүрген екен.

    1) Ол неше жасында өмірден өтті?

    2) Сәкен Нұрмақұлы Ұлы Отан соғысы басталған жылы неше жаста болды?

    Сәкен Нұрмақұлының шығармалары, жазбалары өте көп екенін,еске алу 80 жылдығында кітаптарынан көрме ұйымдастырылғанын көрдік,сол шығармаларының бірі «Түнгі сәуле» атты әңгімесімен танысамыз.

    -«Сәуле» ұғымын қалай түсінеміз? Не білеміз?

    Әр топ ойланып көрейікші,

    ББҮ кестесін толтыру

    Білемін

    Білгім келеді

    Үйрендім

    Сәуле...







    Физикалық сәуле – бойымен нүктелік жарық көзінен немесе дыбыс көзінен шыққан энергия ағыны таралатын сызықты көрсететін геометриялық ұғым.

    • Мәтін неге «Түнгі сәуле» деп аталды,қалай ойлайсыңдар?

    • -Жақсы, ендеше сабағымызға мақсат қойып алайық.Бұл мәтіннен не туралы білгіміз келеді?

    II.МАҒЫНАНЫ ТАНУ.

    Мәтінмен жұмыс: 4 топқа мәтіннің бөліктерін бөліп беру.

    Сөздікпен жұмыс:

    Мәтін бөліктерін мазмұндау, сахналау.

    Қорытындылау-қай топ жақсы жеткізе білді?

    -Сонымен,Жапар неге мазасызданды?

    -Жеңіс пен Бауыржан кімге көмектесті?

    -Егер Жеңіс машинаға көмек жасамағанда не болар еді?
    Сергіту сәті:жаттығу жасау.
    III.ОЙТОЛҒАНЫС.

    -Балалар енді сабағымызды «Әдеби үйірме» ойынымен жалғастырайық.

    «Әдеби үйірме» стратегиясы

    Шығармашылық тапсырмалар:

    1 – топ: «Сілтеме табушы» топ әңгімені аяқтайды.

    2-топ: «Кейіпкерлерді сипаттаушы» мәтіндегі негізгі кейіпкерлерге мінездеме беру, Венн диаграммасына түсіру.

    3-топ: «Шешендер» тобы, мәтінге байланысты мақал-мәтел, нақыл сөздер табу.

    4-топ: :«Бейнелеуші-суреттеуші» топ қайырымдылықты қалай көрсетуге болады? Мысалдар келтір.

    -Қай үйірменің жұмысы сәтті өтті?

    ББҮ кестесіне қайта оралу

    -Бүгінгі сабақта не үйрендіңдер?

    Мақсатымызға жеттік пе? Сұрақтарымызға жауап алдық па?

    -Неге «Түнгі сәуле» деп аталды?...

    Сабақ сендерге ұнады ма? Несімен?

    Рефлексия: «Бағдаршам» әдісі:

    Жасыл: Түсіндім.

    Сары: Сұрағым бар.

    Қызыл: Түсініксіз.

    Үйге тапсырма:

    1 топ: Жылқылардың жасына, түріне қарай атауларын толықтырып жазу.

    2 топ:Мәтінді түсініп оқып, әр оқушы бес сұрақтан дайындау.

    3-4 топ: «Қайырымдылық» тақырыбында эссе жазу.



    написать администратору сайта