мамандық шеруі. Мамандық шеруі. Слем достар, мені есімім Алішер! Мен Кксу ауылшаруашылы колледжіні 1 курс студентімін!
Скачать 15.3 Kb.
|
- Сәлем достар, менің есімім Алішер! Мен Көксу ауылшаруашылық колледжінің 1 курс студентімін! Көксу ауылшаруашылық колледжі «Өсімдікті қорғау және карантин» мамандығы бойынша мамандар дайындайды. Сонымен қатар студенттер «Зертханашы» және «Өсімдік қорғау агрономы» біліктілігіне ие болады. Мен сіздерді өзім таңдаған «Өсімдік қорғау агрономы» мамандығымен таныстырайн! 1. «Агрономия атасы» деп ерте заманда жабайы өсімдіктерді егіп, кейіннен оны мәдени дақылға айналдырған адамдарды айтқан. Агрономия мәдени дәнді дақылдар мен өсімдіктерді отырғызудағы маңызды сала. 2. Агроном ауылшаруашылығы өндірісіндегі басты маман. Оның негізгі міндеттері ауылшаруашылық дақылдарының өнімділігін арттырып, халықты азық түлікпен қамту. 3. Заман талабына сай боламын деген агроном компьютер тілін білу керек, ауылшаруашылық машиналар құрылысы мен ботаникадан да хабардар болу керек. 4. Агроном топырақ құнарлығын арттыру үшін және сапалы мол өнім алу үшін ойлап табылып жатқан тыңайтқыштарды зерттеп, қолданысын қамтамасыз ететін маман. 5. Агроном өсімдіктерді өсіруде арамшөптермен, зиянкестермен және аурулармен күресудің агротехникалық және химиялық шараларын орындайды 6. Агроном ауылшаруашылық ісінің толық тізбегін бақылауда ұстайды, мәселен қандай өсімдік егіледі, қай жерге егіледі, топырақтың құнарлығы қандай және ол қалай бапталуы керек деген секілді сұрақтардың жауабы осы агроном маманының миында. Тіпті өскен өсімдік қай кезде жиналады, жиналған өнім қай жерде сақталуы керек, қоймаға дейін қалай, немен тасымалдануы қажеттігіне дейін агроном біледі. 7. Агроном мамандығын тамамдаған студент түрлі ірі ауылшаруашылық кешендерінде, заводтарда, фермерлік қожалықтарда, жылыжайларда, тәлімбақтарда және тағы басқа ғылыми-зерттеу институттарында үлкен сұраныстарға ие. Өйткені әлем азық-түлікті тұтынады. Әлемдегі өзгерістерге байланысты азық-түлік тапшы. Ендеше достар еліміз, жеріміз бай болсын десеңіз, қарнымыз тоқ болсын десеңіз, онда агроном мамандығың таңдаңыз! |