Главная страница

Туризм и методы выбора предмета. ГОП Туризм. Слем достар!


Скачать 265.03 Kb.
НазваниеСлем достар!
АнкорТуризм и методы выбора предмета
Дата21.10.2022
Размер265.03 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлаГОП Туризм.docx
ТипДокументы
#746079

Сәлем достар!
Сізге саяхаттаған ұнай ма? Әлемді танып, ел көріп, жер көріп, өзге халықтардың мәдениетін танып білгіңіз келеді ме? Ендеше біз қазір туризм мамандығы жайлы айтатын боламыз.
Таңдау пәндері: География - Шет тілі.
Туризм білім беру тобының коды B091, 2020 жылы грантқа шекті ұпай 91 баллды құраған және барлығы 500 грант бөлінген екен.
Туризм саласы Қазақстан үшін өте тиімді сала болып табылады, неге десеңіздер - біздің елімізде әдемі жерлер, табиғаттың кереметтері өте көп. Алматы облысының өзін алып қарасаңыз: Шарын шатқалы, Көлсай, Қайынды, Көшпенділер қаласы, Үлкен Алматы көлі, Іле Алатауы, Көк Төбе, Медеу, Шымбұлақ - осының барлығы туристік аймақтар болып есептеледі.
Осыдан 6 жыл бұрын, яғни 2014 жылы, Ұлыбритания принці Гарри Уельский өз жұбайымен Алматы қаласында, Шымбұлақ тау кешенінде демалған болатын. Ол біздің елімізге өзінің бір келуімен үлкен пайда әкелді.
Расында, туризм саласы болашақта еліміздің дамуына үлкеен үлесін қосатын сала. Оны қазір дамытып, кейін өзге елдерден де әлемдік жұлдыздар келетіндей деңгейге жеткізуге болады. Барлығы туризм десе Турцияны, Египет, Таиланд, БАӘ оның ішінде Дубаи секілді әлемге осы туризм саласы арқылы танылған елдерді есінде түсіреді. Біз де болашақта сондай деңгейге жете аламыз. Бізде керектің барлығы бар, тек маман жетіспейді. Сондықтан да достар, туризм саласында оқып, елімізге өз пайдаңызды тигізіңіздер!
Туризм мамандығын елімізде 45 университетте оқытады, ол университеттер жайлы толығырақ ақпарат алу үшін біздің прилоежениемізді жүктеп алыңыз.


написать администратору сайта