Главная страница
Навигация по странице:

  • Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

  • Жоспар Жаңа сабақты түсіндіру. 9 минут 4 минут

  • .

  • 2-тапсырма. Өлеңнен үзінділер

  • 3-тапсырма.

  • Балықтың басы

  • Сабақтың соңы 2 минут 1

  • 5-сабақ Абай Құнанбайұлы «Ғылым таппай мақтанба» (1). Слеметсіздер ме Вертуалды оуа ош келдііздер! Мен Дуйсенова Куаыншкул Кадиршиновна НрСлтан аласы Райымбек батыр атындаы 50 азарыш мектеплицейі аза тілі мен дебиеті пні малімімін.


    Скачать 37.87 Kb.
    НазваниеСлеметсіздер ме Вертуалды оуа ош келдііздер! Мен Дуйсенова Куаыншкул Кадиршиновна НрСлтан аласы Райымбек батыр атындаы 50 азарыш мектеплицейі аза тілі мен дебиеті пні малімімін.
    Дата29.11.2022
    Размер37.87 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла5-сабақ Абай Құнанбайұлы «Ғылым таппай мақтанба» (1).docx
    ТипДокументы
    #819688

    Сәлеметсіздер ме? Вертуалды оқуға қош келдіңіздер! Мен Дуйсенова Куаыншкул Кадиршиновна Нұр-Сұлтан қаласы Райымбек батыр атындағы №50 «Қазғарыш» мектеп-лицейі Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімімін. Бүгін Сіздермен 6-сыныптың қазақ әдебиеті пәнінің 2-тоқсанындағы күнтізбелік тақырыптық жоспарға сай сабақ өткізгелі отырмын.

    Сабақтың тақырыбы:

    Абай Құнанбайұлы «Ғылым таппай мақтанба»

    Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары:

    Т/Ж.6.1.2.1 әдеби шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені идеясы арқылы түсіндіру.


    Бағалау критерийлері

    Әдеби шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені анықтайды.

    Басты мәселені шығарманың идеясы арқылы түсіндіреді.

    Жоспар

    Жаңа сабақты түсіндіру.
    9 минут

    4 минут

    1.Ой қозғау

    https://youtu.be/yUKy682dxxQ

    (Абайдың білім, ғылым, өнер тақырыбындағы өлеңдеріне қысқаша шолу)

    2. Негізгі бөлім

    https://youtu.be/QoV7ULWs4n8

    («Ғылым таппай мақтанба» өлеңін аудиосын тыңдайды).

    3.Ендеше, осы көрген видеролик, тыңдалған аудио бойынша мына сұрақтарға жауап беріп көрейік.

    4. Сөздікпен Ізденіс сұрақтары:

    1.Абай атамыздың өлеңін тыңдадыңыздар, ақынның айтайын деген ойы қандай?

    2.Ғылым жолына ұмтылған жастарға қандайи нәрседен қашық болуды, қандай нәрсемен дос болуды айтады?

    3.Абайдың өлеңінде 5 асыл іс деп отырғанымыз нелер....

    талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақымшылдық,

    4. 5 жаман істі атаңыздаршы... өсек, өтірік айту, мақтаншақтық, еріншектік, бекер мал шашпақ.



    5.Өлеңге тілдік талдау жасайық. Біз қазақ тілінен синоним сөзді өттік.
    Асық - сөзінің синонимі ұмтылу, қашық – сөзінің синонимі аулақ болу.
    Сөздікпен жұмыс:

    Ғибратлі (арабша)

    Үлгілі, өнегелі.

    Нәфрәтлі (арабша)

    Жиіркенішті.

    Баптанба

    Жайланба, жайбарақаттанба.

    Мақтанба

    Масаттанба, кеуде керме.

    Шаттанба

    Болмашыға қуанба.

    Құмарлану

    Әуестену, құштар болу.

    Өсек

    Біреуді сыртынан даттап, ғайбаттап айтылған жалған сөз.

    Дұшпан

    Қас, жау, залал келтіруші.

    Талап

    Ынта, ықылас, ұмтылушылық.

    Қанағат

    Тойымдық, барға ризалық, нысап.

    Рақым

    Адамгершілік, қайырым, мейірім, шапағат

    6. Оқу тапсырмалары:

    1-тапсырма

    1-топқа:

    1. Ғылымсыз неге мақтана алмаймыз?

    2. Мақтаншақтық қасиет адамның дұшпаны ма?

    3. Тағы нені адамның дұшпаны дер едіңіз?

    2-топқа:

    1. Адам болу дегенді қалай түсінесіздер?

    2. Автордың түйінді ойы қандай?

    3. Рақымшылық жасауға қандай мысал келтіруге болады?

    Дескрипторлар:

    • ақынның шығармашылығына талдау жасайды;

    • тақырып бойынша мазмұнды пікірлер айтады;

    2-тапсырма.

    Өлеңнен үзінділер

    Үзіндіде қандай қоғамдық-әлеуметтік мәселелерді байқадым?













    Дескриптор:

    -шығармадан үзінді келтіреді;

    -алынған үзіндідегі қоғамдық-әлеуметтік мәселені анықтайды;

    -өз ойын айтады.

    Керек дерек!

    «Ғылым таппай мақтанба...» — Абайдың 1886 ж. жазылған өлеңі. Көлемі 77 жол. Абай өз заманындағы жас ұрпаққа, «көкірегі сезімді, көңілі ойлы» адамдарға үміт артып, олардың жүрегін оятып, оларды өзінің озат мақсат-мұраттарына тартуға ұмтылды. Жастардың өнімді еңбек етіп, ғылым мен білімге ұмтылуы, алға қойған мақсатқа жетуде табандылық көрсетуі, міне, осындай асыл қасиеттерді уағыздау Абайдың бүкіл шығармашылық жолының негізгі идеялық-тақырыптық үзілмес желісінің біріне айналды. Ақын талантты, өнер іздеген жандар туралы айрықша зор сүйіспеншілікпен айта отырып, олардың алға қойған зор мақсатқа жету жолындағы күресте табандылық, жігерлілік көрсететініне үлкен сенім білдіреді. Абайдың бүл өлеңінен ғылымды үйренетін жастар өзінің алдына қандай мақсат қоюға тиісті екені туралы мәселе оны аса қатты толғандырғанын көреміз. 

    3-тапсырма.1-топ.«Ғылым таппай мақтанба» өлеңіндегі көтерілген мәселені анықтайды

    «Фишбоун» әдісі.



    Балықтың басы – Өлең идеясы

    Үстіңгі сүйектері – Өлеңде көтерілген мәселелер

    Астыңғы сүйектері – Ақын ұсынған шешу жолдары

    Құйрығы – Мәселенің шешімі

    Видео

    Слайд

    Слайд

    Сабақтың соңы

    2 минут


    1. Абай асық бол деген бес асыл істі анықтайық. Осы қасиеттердің қайсысы бүгінгі күні маңызды деп ойлайсыздар?

    Бес асыл іс

    (Талап, еңбек, терең ой,қанағат, рақым,...)

    6-шы ақыл, 7-ші шындық, ақиқат, 8 ғылым мен құдірет

    2. Сонымен балалар. Абай атамыз «Толық адам» болу үшін адам бойында сегіз қасиет болуы керек дейді. Соның ішіндегі ең күштісі - ғылым мен құдірет екен. «Толық адам» туралы ойдың о бастағы төркінін біз бүгінгі өткен «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінен бастау алып, жыл өткен сайын қоюлана, күрделене түсетіні сөзсіз.
    Бүгінгі сабақты С. Торайғыровтың мына өлеңімен аяқтағым келіп тұр.
    Асыл сөзді іздесең,
    Абайды оқы, ерінбе
    Адамдықты көздесең,
    Жаттап тоқы көңілге.




    написать администратору сайта