ертегілер еліне саяхат коркем әдебиет, мүсіндеу. ашык сабак. СО, Тайынша аласы, Тайынша ауданы, арлыаш балабашасы
Скачать 20.3 Kb.
|
СҚО, Тайынша қаласы, Тайынша ауданы, «Қарлығаш» балабақшасы №1 ортаңғы топ тәрбиешісі Шокенова Жулдуз Сарсенбаевна Білім беру саласы: «Қатынас»,«Шығармашылық» Бөлімі: Көркем әдебиет, мүсіндеу. Тақырыбы: «Ертегі еліне саяхат» Мақсаты: Ертегілердің мазмұнын түсінуге, тыңдауға, бейнелі сөздерді есте сақтауға үйрету. Ертегілер туралы білімдерін кеңейту. Сөйлеу мәдениетін,еркін сөйлеп,өз ойларын дұрыс жеткізу. Қамырды дөңгелектеу тәсілін пайдалана отырып, мүсіндеу дағдысын дамыту. Ертегіге деген сүйіспеншілігін тәрбиелеу. Балаларды ұқыптылыққа, тазалыққа баулу. Көрнекілік: қиылған ертегі суреттері, Әдіс-тәсілі: көрсету,сұрақ-жауап. Сөздік жұмыс: тұзды қамыр, саяхат Биллингвалды компонент: тұзды қамыр – солевое тесто, саяхат – путешествие. Сабақ барысы: -Балалар, міне мына залға бізге көп қонақтар келіпті. Ең алдымен біз амандасып алайық.Қонақтармен амандасу. - Сәлеметсіздер ме!!! Шаттықшеңбер: Табиғатбіздіңанамыз, Табиғатқабаламыз, Иіліпсәлембереміз. Бізәдептібаламыз. Тәрбиеші: балалар, сендер ертегіні жақсы көресіңдер ме? – Иа. Ертегілер қандай болады? Балалар:Ертегілер – көңілді, сиқырлы, мейірімді, ашулы, ызалы болады. Тәрбиеші:Балалар, ендеше біз ертегіелінесаяхатқабарамыз ба? Балалар:Барамыз. Тәрбиеші:Балалар,саяхатқа бару үшін біз немен баруға болады? Балалар: поезбен, , ұшақпен, машинамен. Тәрбиеші: Дұрыс, айтасыңдар. Ал біз тақтағақарайық.Бізге бір қонақ видео хабар жіберіпті. (Бауырсақтың видеосы) Бауырсақ: Сәлеметсіңдер ме, балалар!Сендер, ертегілер еліне саяхатқа барасыңдар ма? Ертегілер еліне бару үшін сендерге мен мына сиқырлы сыпырғышты беремін. Осы сыпырғышпен сендер ертегілер еліне бара аласыңдар. (тәрбиеші 2 сыпырғышты алады. Балаларды сыпырғыщқа отырғызады.) (сыпырғшпен ұшып келе жатқан дауыс және ертегілер еліне тап болған дауыс) Бауырсақ: Ертегілер елінде мен түлкіден қашып келе жатып ендіүйге баратын жол таппай жүр екен. Балалар, сендер бауырсаққа көмектесесіңдер ме? Ендеше, ертегілер елінде сендерге мына жіп шумағы көмектеседі. (есіктен жіп шумағы домалап шығады) Тәрбиеші:Балалар, міне бізге мынадай жіп шумағы домалап келді. Ендеше 1 ертегі еліне барайық. ( жіп шумағы 1 ертегіге домалату) 1 ертегі «Шұбар тауық» ертегісі. (Балалар ертегіні кезек-кезек рет-ретімен ертегіні айтып береді.) Жарайсыңдар балалар, енді келесі ертегіге жіп шумағын домалатайық. Қайертегіге барады екен. 2 ертегі «Шалқан» ертегісі. Балалар 2 топқа бөлінеді. 1 топ – аюлар, 2 топ – қояндар. 1 топ: -балалар, мына жерде ертегілер шатасып кетіпті. Осы ертегілерді орындарына қойып шығайық. (балалар ертегіні кезек-кезек айтып береді.)2 топ: пазлдар жинайды (қиылған пазлдар) - жарайсыңдар балалар, дұрыс таптыңдар. (Келесі ертегіге жіп шумағын жіберейік.) Балалар: Бұл «Бауырсақ» ертегісі. Дұрыс айтасыңдар. (Сұрақ-жауап) - Балалар, бауырсақты кім пісірді? - Бауырсаққа бірінші не кездесті? (Қоян) Ұзын құлақ сұр қоян Естіп қалып-сыбрыды Ойлы-қырлы жерлермен Ытқып-ытқып жүгірді. -Қояннан кейін не кездесті? (қасқыр) Орманда қасқыр жүгіріп, Бүк түсіп жата қалды. Ұйықтап алды, демін алды. Қайта жүгіріп кете барды. Балалар, бауырсақ келесі неге кездеседі? (Аю) Ормандағы аюдың құлпынайы көп екен Теріп-теріп алайық Қалтамызға салайық. Келесі, қандай аңға кезедседі? (Түлкі) Ал түлкіден біздің бауырсақ қашып кетті. Ендеше біз бауырсақтар жасап берейік. (Жіп шумағы үстеле қарай домалайды) (Үстелдерге жайғасады) (Мүсіндеу, сурет салу. Тұзды қамырмен.) «Бауырсақ» Тақтаға назарларын аударту. Тәрбиеші: Бұл не? Балалар: Бұл бауырсақ.. Тәрбиеші: Бауырсақтың түсі қандай? Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар. Балалар қоян бізге сиқырлы бауырсақ жасаймыз. Бауырсақ бізде қандай пішінді? Түсі қандай? Бауырсақта не бар? (көзі, аузы) Көзі қара түсті Аузы қызыл түсті Ендеше біз қамырды алақан арасына салып домалатамыз. Бізде бауырсақ пайда болады. Жасаған бауырсақты терезеге қойып кептіреміз. (дайын кепкен бауырсақпен ауыстыру). Қылқаламды алып, бауырсақты сары түспен бояу.Одн кейін көзін, аузын салу. Бізде бауырсақ пайда болды. Саусақ гимнастикасы.: бала, бала, балақан, Қане қайсы алақан, саусақтарың айбат Былай былай ойнат Тәрбиеші:балалармен жеке жұмыс. Балалар, біз не жасаймыз? Оның түсі қандай? Балалар сурет салуға кіріседі. Тәрбиеші: балалар, сонымен біз не салдық? Бауырсақ: Рахмет, балалар. Қандай әдемі бауырсақтар. (бауырсақтың дауысы), Менің сендерге сыйлықтарым бар. (есіктен қапшық лақырылады). Балалар, менің кететін уақытым болды. Әрдайым осындай ақылды болыңдар. Сау болыңыдар!! Тәрбиеші: Балалар, біз саяхатта барлық тапсырмаларды орындадық. Біз қайтайық. Сыпырғышқа мінейік. Топқа оралу. Қорыту: (кілемге шеңбер бойымен отыру) -Балалар, біз қайда бардық? Ертегіге қонаққа барған сендерге ұнадыма? Рахмет, балалар. Мақтап мадақтау. |