Фармакология. формуляр. Сож 2021 жыл Жоспары
Скачать 321.09 Kb.
|
Қызылорда медициналық жоғары колледжі Тақырыбы: Формулярлы-терапиялық комитет. Фармакологиялық комитет Тексерген: Купеева Гүлсара Амангелдиевна Пәні: Фармакология. Фармакотерапия Орындаған: Мөңкеева Джанетта Тобы: Е-304 СӨОЖ 2021 жыл Жоспары:
1) Формулярлы комитет 2) Формулярлы комитеттің мәселелері 3) Формулярлық комиссияның негізгі міндеттері КІРІСПЕ Фармакотерапия – дәрілерді клиникалық қолдануда зерттейтін пән. Фармакотерапияның негізгі міндеті–ауруды емдеу, асқынуды басу, алдын-алу немесе симптоматикалық көмекті көрсету болып табылады Негізгі бөлім Сараптама мүшесі, дәрілік, диагностикалық және профилактикалық мақсатта қолданатын заттардың сынақтан өтуіне және қолданылуына жауап беретін фармакологиялық комитет болып табылады. Фармакологиялық комитеттің құрамына медицинаның әртүрлі саласындағы жоғары мамандырылған мамандар, сонымен бірге басқа да аралас фармация, химия, биология ғылым қызметкерлері кіреді. Формулярлық комиссияның негізгі міндеттері мыналар болып табылады: 1)Қазақстан Республикасындағы формулярлық жүйені қолдау және жетілдіру. Қазақстан Республикасындағы формулярлық жүйенің дамуын оңтайландыру жөнінде ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу; дәрілік заттардың бағаларын қалыптастыру мен бекітуге қатысу; 2) дәрілік заттардың пайдаланылуын бағалау бағдарламасын енгізуге жәрдемдесу; 3) дәрілік заттардың ұқсастық ауыстыру тізімін әзірлеу және өзектендіру; 4) дәрігердің рецептісіз босатылатын дәрілік заттардың тізіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде ұсыныстар дайындау; Фармакологиялық комитеттің негізгі мәселеллері:
Формулярлық комиссияның міндеттері мен құқықтары:
2) Формулярлық комиссияның осы Ережеде көзделген жұмыс тәртібін сақтауға; 3) Ғылыми деректермен дәйектелген қорытындыларды ғана жасауға; Формулярлық комиссияның хатшылығы барлық қажетті құжаттарды дайындайды және Формулярлық комиссияның төрағасына ұсынады. Бұл ретте хатшылық Формулярлық комиссияның мүшелері ұсынылатын дәрілік препарат туралы ақпарат дайындайды. Формулярлық комиссия енгізу үшін ұсынылатын дәрілік препараттың барлық көрсеткіштер бойынша Республикалық дәрілік формулярда бар препараттан артық болуын таныған жағдайда ол Республикалық дәрілік формулярға енгізіледі, ал ұқсас дәрілік препарат алынып тасталады. Дәрілік заттарды Республикалық дәрілік формулярға енгізу, алып тастау немесе ауыстыру үшін сұрау салу - негіздеме (ресми бланкте) 1. Дәрілік заттың халықаралық патенттелмеген атауы (бар болса) немесе көп компонентті дәрілік заттың барлық белсенді субстанцияларының атауы (ағылшын және орыс тілдерінде):______________ 2. Дәрілік нысан/дар __________________________________________ 3. Дәрілік заттың толық құрамы: _______________________________ 4. Республикалық дәрілік формулярға кіретін ұқсас препараттардың тізімі:_______________________________________________ 5. Дәрілік затты жеке дәрілік зат ретінде немесе белгілі фармакологиялық терапиялық топ өкілі ретінде енгізуге сұратылғаны туралы көрсету _________________________________________________________ 6. Фармакологиялық әсері бойынша ұқсас дәрілік заттармен салыстырғандағы дәрілік заттың дәлелденген клиникалық тиімділігі мен қауіпсіздігін растайтын ақпарат (жұмыстардың көшірмелері қоса беріледі): Мета-талдаулар ________________________________________________ Жүйелі шолулар ________________________________________________ Рандомизирленген клиникалық сынаулар __________________________ Басқа зерттеулер ______________________________________________ 7.Фармакологиялық-экономикалық зерттеулер мен есептердің нәтижелері («аурудың құны», «шығындарды азайту» және «шығындар - тиімділік», «шығындар - пайда» атты экономикалық бағалау әдістерінің біріне сәйкес) (материалдар мен есептердің көшірмелері қоса беріледі): __________________________________________________________ Басшының қолы М.О. ____________________ Қорытынды: Қорытындылай келе формулярлық комиссия енгізу үшін ұсынылатын дәрілік препараттың барлық көрсеткіштер бойынша Республикалық дәрілік формулярда бар препараттан артық болуын таныған жағдайда ол Республикалық дәрілік формулярға енгізіледі, ал ұқсас дәрілік препарат алынып тасталады. Пайдаланған әдебиеттер:
|