Главная страница

физиология. Сопаша мида андай мірлік маызы бар орталытар орналасан


Скачать 160.79 Kb.
НазваниеСопаша мида андай мірлік маызы бар орталытар орналасан
Дата08.06.2021
Размер160.79 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлафизиология.docx
ТипДокументы
#215358
страница5 из 6
1   2   3   4   5   6


«Тыныстық коэффициент» термині нені дәлелдейді?

{

= Шығарылған СО2 молекуласының санына сіңірілген О2 молекуласы санының ара қатынасы

Сіңірілген және шығарылған азоттың саны

Организмге сіңірілген О2 молекуласының саны

Организмнен шығарылған СО2 молекуласының саны

Шығарылған О2 молекуласының санына сіңірілген СО2 молекуласы санының ара қатынасы

}

Тынысты ынталандыратын ең мықты стимулятор:

{

Гипоксия

Гипокапния

Гипероксия

= Гиперкапния

Гипокапнемия

}


Карбоангидраза ферменті қайда орналасқан?

{

шырышта

сурфактантта

= эритроциттерде

қан плазмасында

тромбоциттерде

}

Метаболизм үшін оптимальды деңгейде қанның тыныстық көрсеткіштерін сақтап тұратын функциональдық жүйе жұмысының пайдалы бейімделуінің нәтижесі болып табылады:

{

СО2мен N2қандағы парциалдық қысымы

= О2мен СО2қандағы парциалдық қысымы

О2мен су буының альвеолярлық ауадағы парциалдық қысымы

О2қандағы парциалдық қысымы

СО2мен су буының альвеолярлық ауадағы парциалдық қысымы

}


Қандай рецепторлар қанның газдық құрамының өзгергенін бақылайды?

{

Механорецепторлар

Барорецепторлар

= Хеморецепторлар

Осморецепторлар

Терморецепторлар

}


Организмнің газдық құрамын бақылайтын хеморецепторлар қандай құрылымдарда орналасады?

{

өкпелерде, қан тамырларда

= қан тамырларда, ОЖЖ

ОЖЖ, өкпелерде

өкпелерде, тіндерде

бронхтарда, трахеяларда

}


Қан тамырлар жүйесінің қай бөлімдерінде хеморецепторлардың негізгі жиынтықтары орналасқан?

{

= аорта доғасы мен синокаротидтік аймақта

өкпелердің және қаңқа еттерінің қан тамырларында

жүрек пен өкпелердің қан тамырларында

бүйректер мен жүректің қан тамырларында

гипофиз қан тамырларында

}


Қанның газдық құрамы туралы ақпарат ОЖЖ қандай жүйкелермен барады?

{

кезбе және депрессорлық

диафрагмальдық және кезбе

= депрессорлық және синустық

симпатика будасы жүйкелері мен кезбе жүйкесімен

метасимпатика жүйке жүйесінің жүйке талшықтарымен

}


Жануар жұлыны І мойын сегменті тұсынан кесілсе тыныста қандай өзгерістер туындайды?

{

сирек әрі терең болады

= тоқтайды

жан таласатын тынысқа айналады

өзгермейді

жиі әрі беткей болады

}


Жұлын І кеуде сегменті тұсынан кесілсе тыныс сақталады ма?

{

сақталмайды

қабырға аралық бұлшық еттердің автоматиясы есебінен сақталады

= диафрагманың жұмысы есебінен сақталады

симпатика әсерінің есебінен сақталады

парасимпатика әсерінің есебінен сақталады

}


Үлкен жарты шарлар қыртысының тынысты реттеуде қандай маңызы бар?

{

= ерікті тынысты қамтамасыз етеді

алынған тыныстың тереңдігі туралы ақпаратты сопақша ми құрылымдарына жеткізеді

қандағы СО2құрамы туралы ақпаратты тыныс орталығының төменгі құрылымдарына жеткізеді

сыртқы тыныстың автоматиясын қамтамасыз етеді

тыныс орталығына тоникалық әсер етеді

}


Өзіндік реттелудің қандай жолдары қанның метаболизмдік құрамын оптимальды деңгейде болуын толығымен қамтамсыз етеді?

{

сыртқы тыныс

сыртқы тыныс, қанның оттегілік құрамының өзгеруі, мінез-құлық

= сыртқы тыныс, қанның оттегілік құрамының өзгеруі, шығару функциялары, жүректің жұмысы, мінез-құлық

сыртқы тыныс, қанның оттегілік құрамының өзгеруі, жүректің жұмысы

ішкі тыныс

}


Қандай механизм инспирацияны экспирацияға ауысуын қамтамасыз етеді?

{

тіндердің оттегімен қанығуы

= өкпелердің механорецепторларынан вагустық афферентация

қанда рО2 төмсендеуі

тыныстық мускулатураның қажуы

үлкен жарты шарлар қыртысының қозуы

}


Өкпелердің екі жақтық ваготомиясынан кейін сыртқы тыныс қалай өзгереді?

{

= сирек әрі терең болады

өзгермейді

беткей болады

тыныс шығару кезінде кідіріс туындайды

тыныс алу кезінде кідіріс туындайды

}


Тыныс алу кезінде альвеолаларға ауаның келуін қандай күш анықтайды?

{

атмосфералық қысым мен өкпелердің эластикалық тарту күшінің арасындағы айырмашылық

өкпелердің эластикалық тарту күші

=атмосфералық қысым мен альвеола ішілік қысымның арасындағы айырмашылық

құрсақ ішілік қысым

алвеолярлық ауадағы О2мен СО2 парциалдық қысымдарының айырмашылығы

}


Қалыпты атмосфералық қысым жағдайында тыныс алудың соңында плевра ішілік қысымның орташа көрсеткіші қандай?

{

860 мм с.б.б.

658 мм с.б.б.

= 754 мм с.б.б.

780 мм с.б.б.

100 мм с.б.б.

}


Қалыпты атмосфералық қысым жағдайында тыныс шығарудың соңында плевра ішілік қысымның көрсеткіші қандай?

{

= 757 мм с.б.б.

780 мм с.б.б.

760 мм с.б.б.

740 мм с.б.б.

100 мм с.б.б.
}


Пненвмоторакс кезінде өкпелердің қабысуының басты себебі неде?

{

плевра ішілік қысымның төмендеуінде

= плевра ішілік қысым атмосфералық қысыммен теңеледі

құрсақ ішілік қысымның артуында

тыныстық бұлшық еттердің атониясында

тыныс орталығының автоматизмы бұзылысында

}


Терең тыныс шығарған соң өкпелерде қанша ауаның мөлшері қалады?

{

100 мл

2000 мл

500 мл

= 1000 мл

10 мл

}


Газдардың альвеолярлық ауадан қанға және керісінше диффузиялануына не себеп?

{

= газдардың қан мен альвеолярлық арасындағы парциалдық қысымы мен кернеулерінің айырмашылықтары

альвеолалар мен капиллярлардың өте жақын орналасуы

О2мен СО2 белсенді тасымалдануының механизмі

гемоглобиннің оттегіге жақындығының өзгеруі

теріс плевра ішілік қысым

}


Төмен атмосфералық қысым жағдайында газдардың альвеолярлық ауадан қанға және керісінше диффузиялануы қалай өзгереді?

{

О2қанға өтуі мен СО2 қаннан шығуы төмендейді

= О2қанға өтуі төмендейді және СО2 қаннан шығуы жоғарылайды

өзгермейді

О2қанға өтуі мен СО2 қаннан шығуы жоғарылайды

О2қанға өтуі жоғарылайды және СО2 қаннан шығуы төмендейді

}

100 мл қанда О2 қанша мөлшері оксигемоглобин және физикалық еріген күйде болады?

{

= 19 бен 0,3 мл

50 мен 10 мл

5 пен 1 мл

38 бен 5 мл

0,3 пен 19 мл

}


Қалыпты жағдайда 1 г Нb оттегінің қанша мөлшерін байланыстыра алады?

{

100 мл

25 мл

= 1,34 мл

5,4 мл

13,4 мл

}

НbО2 диссоциациясы ауыр физикалық жүктеме кезінде қалай өзгереді?

{

= артады

төмендейді

өзгермейді

алдымен өзгермейді, ал кейін төмендейді

алдымен төмендейді, кейін қалыптанады

}

Ұрықтың пренатальдық даму кезеңінде қанның О2 қанығуы жоғары болуының басты себебі?

{

метаболизмнің жоғары болуына байланысты

рН өзгеруіне байланысты

ана қанының температурасы жоғарылауына байланысты

= гемоглобиннің оттегіге жақындығының жоғары болуына байланысты

гемоглобиннің оттегіге жақындығының төмен болуына байланысты

}

СО2 көп мөлшері қандай түрде тасымалданады?

физикалық еріген күйде

карбоксигемоглобин түрінде

=Na, К гидрокарбонаттары түрінде

газ тәрізді күйде

көмір қышқылы түрінде

СО2 қанға түскенде көмір қышқылының және оның иондарының түзілуі негізінен құй құрылымда жүреді?

{

= эритроциттерде

плазмада

лейкоциттерде

тромбоциттерде

эндотелиальдық жасушаларда

}


Адамға ерікті тынысты кідіртуге қандай құбылыстар көмектеседі?

{

= гипервентиляция мен тынысты кідіртудің алдындағы терең тыныс алу

тынысты кідіртудің алдындағы терең тыныс алу

тынысты кідіртудің алдындағы беткей тыныс алу

тынысты кідіртудің алдындағы сирек әрі терең тыныс алу

тынысты кідіртудің алдындағы ырғақсыз тыныс алу

}

Қандағы О2 /СО2 құрамын адамның биік таулы аймаққа бейімделуін қамтамасыз ететін қандай ішкі өздігінен реттелу механизмі бар?

{

жүректің жұмысы

сыртқы тыныстың өзгеруі

= эритропоэз

бүйректердің жұмысы

тердің шығарылуы

}


Альвеолярлық сұйықтықтағы сурфактанттың маңызы неде?

{

= альвеолалардың беткейлік керілуін төмендетеді

альвеолалардың беткейлік керілуін жоғарылатады

бактериоцидтік әсер береді

газ алмасуын жеңілдетеді

өкпе қан айналысын реттейді

}


Қалыпты жағдайдағы ӨТС неге тәуелді?

{

тыныстың жиілігі мен тереңдігіне

= жынысқа, жасқа және бой ұзындығына

өлшеу тәсілдеріне

атмосфералық қысымның мөлшеріне

ауадағы О2 мен СО2 парциалдық қысымына

}

Альвеолярлық ауадағы О2 /СО2 тұрақтылығы қандай құбылыстың нәтижесінде сақталады?

{

тыныстың тереңдігі

тыныс жиілігінің өзгерістері

= қалдық ауа көлемі

қан мен альвеолярлық ауа арасындағы тұрақты газ алмасу

өкпелердегі тұрақты қан ағысы

}

Альвеолярлық ауаға қарағанда өкпелерден шыққан ауадағы О2 концентрациясының жоғары болуы немен түсіндіріледі?

{

тыныс шығарудың резервтік көлемінің артуымен

= өлі кеңістіктің болуымен

ӨТС артуымен

азоттың сіңірілуімен

тыныс шығару жылдамдығының төмендеуімен

}

Тыныс алатын ауада СО2 құрамы артса сыртқы тыныстың қай түрі анықталады?

{

Апноэ

= Гиперпноэ

Эйпноэ

Диспноэ

Тахипноэ

}


Енді ғана туылған нәрестенің алғашқы дем алуы қандай құбылысқа тәуелді?

{

= бала қанында СО2 кернеуінің жоғарылауына

ана қанында О2 кернеуінің төмендеуіне

бала қанында алкалоздың туындауына

ананың плевра қуысындағы кері қысымға

бала қанында СО2 кернеуінің төмендеуіне

}

«Қан айналым»

Қан тамырларының базальдық тонусы байланысты:

{

парасимпатика жүйке жүйесінің әсерімен

= қан тамырлары бірыңғай салалы жасушаларының автоматизміне

симпатика жүйке жүйесінің әсерімен

қан тамырларына гуморальдық жүйенің әсерімен

қан тамырларына рефлекторлық жүйенің әсерімен

}


Қан тамырларының қай бөлімінде қанның тамыр ішілік қысымы төменірек?

{

капиллярларда

= артериолаларда

веналарда

ірі калибрлі артерияларда

венулаларда

}


ОЖЖ қай бөлімдерінде жүректің симпатикалық иннервациясының бірінші нейрондары орналасқан?

{

сопақша мида

=жұлынның кеуде бөліміндегі бүйір мүйіздерінің жоғарғы бес сегменттерінде

жұлынның мойын сегменттерінде

жұлынның кеуде сегменттерінің алдыңғы мүйіздерінде

жұлынның кеуде бөліміндегі бүйір мүйіздерінің төменгі сегменттерінде

}


Қандай қан тамырларында қанның ағысына кедергі басымдырақ?

{

капиллярларда

веналарда

= артериолаларда

аортада

венулаларда

}


Қан тамырлар жүйесінің қай бөлімінде қан ағысы баяуырақ?

{

аортада

ірі калибрлі артерияларда

веналарда

= капиллярларда

венулаларда

}


Жүректің қай бөлімінде парасимпатика жүйкелерінің екінші нейрондарының өсінділері аяқталады?

{

= синустық-жүрекшелік пен жүрекшелік-қарыншалық түйіндерде және жүрекшелердің миокардында

қарыншалардың жұмысшы қардиомиоциттерінде

жүрекшелердің жұмысшы қардиомиоциттерінде

сол қарыншада

оң қарыншада

}


Жүректің қай бөлімінде парасимпатика жүйкелерінің бірінші нейрондарының өсінділері аяқталады?
{

жұлында

гипоталамуста

= сопақша мида

мишықта

ми қыртысында

}

Гипоксия мен гиперкапнияға аса сезімтал аорта доғасы мен каротидтік синуста орналасқан хеморецепторлар қозған кезде рефлекторлы қандай құбылыс туындайды?

{

қан ағысының сызықтыө жылдамдығының өзгерісі

= қан тамырларының тарылуы

қан тұтқырлығының артуы

қан тамырларының босаңсуы

миокард қасиеттерінің өзгеруі

}

қанның жүрек-қан тамыр жүйесінін толық айналып шығу уақыты тең:

{

= 20-23 сек

1,5-2 мин

55-60 сек

40-45 сек

30-35 сек

}

Артериялық пульстің анықтамасын таңдаңыз:

{

жүрек қуыстарындағы қысымның ырғақты өзгерісі

жүрек жирылған кездегі туындайтын кеуде сарайының ырғақты тербелісі

= жүрек систоласы кезіндегі АҚ жоғарылауынан артериялар қабырғасының керілуі

жүректің ырғақты жиырылуы

жүрек диастоласы кезіндегі АҚ төмендеуінен артериялар қабырғасының босаңсуы

}

Келесідей көрсеткіштердің өзгерістері (соның ішінде жүректің соғу жиілігінің де - ЖСЖ) жүректің гетерометриялық реттелуінің дәлелі болып табылады:

{

= бұлшық ет талшықтарының соңғы-диастолалық ұзындығы өзгерген кездегі жүректің жиырылу күшінің өзгерісі

аортада қысым өзгеруіне байланысты ЖСЖ өзгерісі

бұлшық ет талшықтарының бастапқы ұзындығының өзгеріне байланысты ЖСЖ өзгерісі

аортада қысым өзгеруіне байланысты жүректің жиырылу күшінің өзгерісі

шамадан тыс жүректің созылуына байланыстыжүректің жиырылу күшінің өзгерісі

}

Синустық-жүрекшелік түйін жасушалары мембранасының гиперполяризациясы кезбе жүйкесінің келесідей заттың әсерінен тітіркенуінен туындайды:

{

ацетилхолинэстеразаның

= ацетилхолиннің

норадреналиннің

адреналиннің

дофаминнің

}


Жүректің гомеометрикалық реттелуінің механизмі қай құбылыспен байланысты?

{

= аортада қысымның өзгеруіне байланысты жүрек жиырылуының күшеюімен

бұлшық ет талшықтарының бастапқы ұзындығының өзгеруіне байланысты жүрек жиырылуының жиілеуімен

бұлшық ет талшықтарының бастапқы ұзындығының өзгеруіне байланысты жүрек жиырылуыныңкүшеюімен

аортада қысымның өзгеруіне байланысты жүрек жиырылуыныңжиілеуімен

шамадан тыс жүректің созылуына байланыстыжүрек жиырылуының күшеюімен
}

Сыйымдылық қан тамырларына жатады:

{

артериолалар

= веналар

капиллярлар

аорта

венулалар

}


Жүрек ішілік рефлекторлық доға қандай элементтерден құралған?

{

экстракардиальдық иннервациялау элементтерінен

өткізгіш жүйесінің элементтерінен және қуыстық байланыстардан

синустық-жүрекшелік және жүрекшелік-қарыншалық түйіндерден

= миокардты иннервациялайтын аралық және эфференттік нейрондар, созылу рецепторлары бар афференттік нейрондардан

интракардиальдық иннервация элементтерінен

}

1   2   3   4   5   6


написать администратору сайта