Сот медицинасы-7_d1379a36851e789f774126db764dd41b. Сот медицинасы 4тапсырма Берілгені М
Скачать 13.42 Kb.
|
Сот медицинасы 4-тапсырма Берілгені:. М. деген баланы қарап тексеру кезінде мәлім болғаны: бетінен, иықтарының сыртынан, арқасынан, бел, жамбас аймақтарынан, санның сыртқы және артқы жағынан көптеген қанталаулар анықталған. Қанталаулар дөңгелек және сопақша пішінді, кейбіреулері қосылып кеткен, түстері қызыл түсті өлшемдері 1,0х1,0 см-ден 4,5х2,5 см-ге дейін. Өлшемдері және пішіндері осыларға ұқсас, жасыл, сары түсті 12 қанталау анықталған. Барлығы 20 қанталау табылған. 1.Сот-медициналық диагноз құрастырыңыз Көптеген соққы барысынан- қантамырлар жарылып, тері астына және терең жатқан тіндерге қан құйылған. 2. Жарақаттың алыну механизмі Жарақат қатты сопақша келген доғал затпен алынған. Кинетикалық энергиямен, соққы дененің әр түрлі бөлігіне әр түрлі бағытта болғаны үшін, қанталаулар формасы мен түр-түсі әртүрлі. 3. Жарақаттаушы заттысипаттаңыз Жарақаттаушы зат- қатты, доғал зат 4.Жарақаттың денсаулыққа келтірген зиянын анықтаңыз Денсаулыққа зияны орташа ауырлықта. Жәбірленушінің денесінде тек қанталаулар бар. Сүйек сынығы және маңызды ағзалардың зақымы жоқ |