БрошюраПрофориентация_комп инженер. Специальность 6В06103 Компьютерная инженерия Код и наименование сферы образования
Скачать 263 Kb.
|
1 2 2019 6В06103 - «Компьютерлік инженерия» мамандығы Білім беру саласының коды мен атауы: 6B06 Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар Даярлау бағытының коды мен атауы: 6B061 Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар Білім бағдарламасының коды мен атауы: 6В06103- «Компьютерлік инженерия» Білім беру деңгейі: бакалавриат Берілетін дәреже: 6В06103-Компьютерлік инженерия білім беру бағдарламасы бойынша ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласының бакалавры Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті 2019-2020 оқу жылынан бастап жаңа инновациялық 6В06103-«Компьютерлік инженерия» білім бағдарламасы бойынша 6B061 Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар бағытында бакалаврларды даярлауды жүзеге асырады. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында 6В06103-Компьютерлік инженерия білім беру бағдарламасы бойынша бакалаврды дайындау технологиялық бағытта: компьютерлерді, оларды құрастыруды, тестілеуді және жөндеуді, программалауды, интернет-сервистерді және мобильді технологияларды; математикалық бағытта: программалық қосымшалар мен ақылды аппараттық құрылғыларды жобалауды, сандық жүйелер мен компьютерлік желілерді жобалауды; еңбек нарығы үшін программалау бағытында: С++, Java, Python, .NET, C #, VHDL, Verilog, System C тілінде программа жаза білетін болашақ мамандарды шығаруды қарастырады. 6В06103-«Компьютерлік инженерия» білім бағдарламасы бойынша білім алған түлектер төмендегідей деңгейде білім, біліктілік және дағдыларға ие болады: - ақпаратты өңдеу мен басқарудың компьютерлік жүйелерінің есептеуіш техникасы құралдарын программалық қамтамасыз етуді (программалар, программалық кешендер мен жүйелер) әзірлеу және аппараттық-программалық құралдарды тестілеу мен баптауды жүзеге асыру және программалық және техникалық құралдардың сенімділігін бағалау қабілеті; - деректер базасының логикалық және физикалық құрылымын анықтау, модельдеу, деректер базалары мен ДҚБЖ орнатуды, баптауды, өрістетуді, сүйемелдеуді, жұмыс істеуін оңтайландыруды, мониторинг жүргізуді, қоймалардағы үлкен деректерді басқару және талдауды жүзеге асыру, ДҚ ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету қабілеті; - компьютерлік, серверлік жабдықтардың және перифериялық құрылғылардың техникалық-пайдалану сипаттамаларын, конструктивтік ерекшеліктерін, қызметі мен жұмыс режимін талдай білу, аталған құрылғыларды техникалық пайдалану ережелерін қолдана білу қабілеттілігі; микропроцессорлық жүйелерді әзірлей білу және программалай білу, ақпаратты өңдеудің кіріктірілген жүйелерін жинау және баптау; электронды схемаларды жобалаудың және автоматтандырылған модельдеудің негізгі әдістері мен құралдарын меңгеру; электрондық схемаларда физикалық құбылыстарға зерттеу жүргізу және микроконтроллерлер базасында ақпараттық жүйелерді жөндеу; - нақты инженерлік есептерді шешу үшін қажетті ғылыми-техникалық ақпаратты іздеуді өз бетінше жүзеге асыра білу, микроконтроллерлердің қазіргі заманғы даму деңгейін және кіріктірілген микропроцессорлық жүйелерді құру принциптерін, ақпараттық жүйелердің МП, МК-аппараттық құралдарын дамытудың тенденцияларын анықтай білу қабілеті; - контенттерді әзірлеу және қызмет етуін тестілеу үдерістерін қолдай білу, бизнес-талаптарды, пайдаланушылардың талаптарын талдай білу, ұйымның интернет-ресурстарының мазмұны мен қолданыстағы құрылымын қолдай білу, заманауи орталарда мобильді құрылғыларға арналған қосымшаларды әзірлеу, оларға техникалық құжаттаманы жүргізу және сүйемелдей білу; - желілік құрылғылар мен желілік программалық қамтамасыз етудің қателерін жою және монтаждауды жүзеге асыру, яғни ақпараттық-коммуникациялық жүйенің операциялық жүйелері мен желілік құрылғыларын инсталляциялау, конфигурациялау және қолдау, ұйымның желілік қауіпсіздігін қамтамасыз ету; - ұйымдардағы ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатындағы іс-шараларды басқару және бақылауға қатысты нормативтік-техникалық құжаттарды білу және ақпаратты қорғаудың кәсіби тәсілдерін меңгеру. 6B061 Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар бағытындағы 6В06103 - «Компьютерлік инженерия» білім бағдарламасы білім беру грантын тағайындау бойынша конкурсқа қатысу құқығына да ие (жалпы конкурс бойынша және «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» жобасы аясында да). Информатика және АТ кафедрасы Ақтөбе қаласы, ағайынды Жұбановтар 264, каб. №410 e-mail: iit_argu@mail.ru ҚР ғылым және білім министрі Қ.ЖҰБАНОВ АТЫНДАҒЫ АҚТӨБЕ ӨҢІРЛІК МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ Информатика және ақпараттық технологиялар Ақтөбе 2019 1 2 |