Споралары. Споралары (ры) бояу
Скачать 17.11 Kb.
|
Споралары (ұрық) бояу. Спораларды күрделі тәсілдермен бояйды, өйткені олардың қабықтары тығыз болып келеді. Бояр алдында споралардың қабығын улағыштармен (хром, тұз қышқылдары) немесе жылытылған фенолмен әсер ету арқылы жұмсартып алады. Осы жағдайда жасушалардың споралары жақсы боялып, кейін қышқылдармен қысқа уақыт ішінде әрекет еткенде түссізденбейді. Микроб жасушасының вегетативті денесі қышқылдардың күшімен түссізденіп, тек қосымша қарама-қарсы бояулармен бояғанда ғана көрінеді. Златгоров тәсілі. Жалында бекітілген жағындыға Циль фуксині сіңдірілген құрғақ сүзгіш қағазды (жамылғы шынының мөлшеріндей) қойғаннан кейін судың бірнеше тамшысын тамызып, қыздыра отыра 5-7 минуттай боялады. Жағынды құрғап кетпес үшін оның бетіне су тамызып отыру керек. Сонан соң жағынды 3%-дық күкірт қышқылының судағы ерітіндісімен 5-10секунд түссіздендірілгеннен кейін сумен шайылады. Препаратты қосымша 2-3 минуттай метилен көгімен бояп, сумен шайып, кептіреді. Микроскоптың көз шалымында споралар қызыл түске, ал негетативті жасушалар көк түсті болып көрінеді. Пешков тәсілінде жалын үстінде немесе спирт пен формалиннің қоспасында бекітілген жағындыны Леффлердің метилен көгімен 15-20 секунд аралығында қыздыра отыра бояп, сумен жуады. Жағынды қосымша бейтарап (нейтралды) қызылдың 0,5%-дық судағы ерітіндісімен 30 секунд боялады. Сонан соң препарат жуылып, кептіріледі. Бұл препаратты микроскоппен қараған жағдайда ұрықтар көгілдір немесе көк, жас ұрықтар қара-көк, вегетативті формалар қызғылт, хроматинді элементтер күлгін түсті болып көрінеді. Капсулаларды бояу. Кейбір микробтардың жасуша қабырғасының бетінде шырышты қабаты болады. Ол цитоплазмада түзіліп, клетка қабырғасының бетінде секрет ретінде шығарылып отырады. Капсулалардың химиялық құрамы әр түрлі: олардың кейбіреулері белоктар кешенінен тұрса, ал енді біреулері полисахаридтерден құралады. Капсула мен жасушаның қалған бөлігі бірдей боялмады. Капсула қорғаныс рөлін орындап, көбінесе патогенді микроорганизмдерде кездеседі. Мұндай микробтар капсуласы жануарлар организмінде жиі, ал сирек жағдайда жасанды қоректік орталарда да пайда болуы мүмкін. Капсулалар жарық сәулелерін әлсіз сындырады, сондықтан тірі боялмаған клеткада оларды байқау өте қиын. Капсулаларды бояудың бірнеше тәсілдері бар. Ольт тәсілі. Жағындыны сафраниннің 2-3%-ды ерітіндісімен бояйды. Бояғышты қолданар алдында оның ұнтағын ыстық суда еріту арқылы дайындайды (ерітінді сүзіледі). Бояуды жалынның үстінде 1-3 минут аралығында жүргізеді де, оны тез арада сумен шаяды. Препарат кептірілмей (оның үстінде судың болуы керек) жапқыш шынымен жабылып микроскоптың иммерсионды жүйесімен зерттеледі. Су қабатынан өткен жарық сәулелері капсула мен микроб клеткасының денесінің айырмашылығын үдете түседі. Микроскоптың көз шалымында микроб клеткасының денесі қызыл, ал капсула сары түсті болып көрінеді. Михин тәсілінде бекітілген жағынды Леффлердің метилен көгімен 2-3 минуттай ысыта отыра боялады. Жағынды тез сумен шайылып, кептіріледі. Микроскопиялық көрініс: микроб клеткасының денесі қара көк, ал капсуласы ашық қызғылт. |