Главная страница
Навигация по странице:

  • - Статистикалық функциялар

  • - Жолдармен жұмыс істеуге арналған функциялар

  • Sql тілі туралы т_сінік. Sql функциялары. Sql тілі туралы тсінік. Sql функциялары


    Скачать 16.53 Kb.
    НазваниеSql тілі туралы тсінік. Sql функциялары
    АнкорSql тіл
    Дата06.10.2021
    Размер16.53 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаSql тілі туралы т_сінік. Sql функциялары.docx
    ТипПрограмма
    #242290

    SQL тілі туралы түсінік. SQL функциялары.

    Мәліметтерге ену мүмкіндігінің реляциялық тәсілі жазбалар тобының амалдарына негізделген. Амалдарды орындауға SQL (Structured Query Language) құрылымдық сұраныс тілінің құралдары қолданылады. Программалаудың процедуралық тілінен айырмашылығы: есептеу процестерін басқару инструкциясы (циклдер, тармақталу, басқа операторға өту) және енгізу/шығару құралдары жоқ.

    SQL - құрылымды сұранымдар тілі көмегімен мәліметтер қорына күрделі сұраныстарды құруға болады. Сұраныс – бұл белгілі ақпараттарды алуға талап болып табылады. SQL-сұраныстардың көмегімен:

    1. Қосымшаның орындалу барысында мәліметтер жиынтығының өрісін қолдануға болады;

    2. Бірнеше кестеден өрістер немесе жазбалар алуға болады;

    3. Күрделі шарттар бойынша мәліметтер жиынтығының өрісін қолдануға болады;

    4. Мәліметтер жиынтығының кез-келген өрісі бойынша сұрыптауға болады;

    5. Мәліметтерді іздеуді ұйымдастыруға болады;

    SQL тілінің әртүрлі жүйеге негізделген көптеген диалектілері бар. SQL-ді қолдануға қандай жүйеде жұмыс жасасаңыз, соның сәйкес құжаттарын қараған жөн.

    SQL сұраныстың екі түрі бар: статикалық және динамикалық.

    Статикалық SQL сұраныстар қосымшаны құру барысында жазылады.

    Динамикалық SQL сұраныстар коды қосымша орындалу барысында құрылады немесе өзгертіледі.

    SQL тілінің операторлары мынадай топқа бөлінеді:

    1. Мәліметтерді анықтау тобы ( жаңа кесте құру, өшіру);

    2. Мәліметтерді басқару тобы ( таңдау, топтастыру );

     

    SQL тілінде қолданылатын негізгі функциялар:

    - Статистикалық функциялар:

    • AVG() – орташа мән;

    • MAX() – ең үлкен мән;

    • MIN() – ең кіші мән;

    • SUM() – қосынды;

    • COUNT() – мәндердің саны;

    • COUNT(*) – нөлдік емес мәндердің саны;

    - Жолдармен жұмыс істеуге арналған функциялар:

    • UPPER(Str) – Str символдық жолды жоғарғы регистрге айыстыру;

    • LOWER(Str) – Str символдық жолды төменгі регистрге айыстыру;

    • TRIM(Str) – Str жолының бастапқы және соңғы бос орындарын өшіру;

    • SUBSTR (Str FROM TO) – Str жолынан, өзі симводардан тұратын, n1 жолынан бастап, n2 жолымен аяқталатын ішкі жолды бөліп алу;

    • CAST( AS ) – Expression өрнегін Type типіне келтіру;

    - Датажәнеуақытпенжұмысістейтінфункция:

    • EXTRACT(<Элемент> FROM <Өрнек>) – дата және уақыт мәндерінен тұратын өрнектен, сәйкес көрсетілген элементтен мәндер алу; дата және уақыт элементі ретінде YEAR, MONTH. MINUTE және SECOND элементтерін көрсетуге болады.


    написать администратору сайта