Пиза. Сра Топыраты пайда болуына андай факторлар сер етеді
Скачать 0.81 Mb.
|
Топырақ дегеніміз – ерекше табиғи дене. 3-суретте бейнеленгендей топырақ түрлі организмдердің, жылудың және атмосфералық жауын-шашынның әсерінен пайда болған. Сұрақ: Топырақтың пайда болуына қандай факторлар әсер етеді? 2-кестеге ия/жоқ жауабын жазыңыздар. саңырауқұлақтар микробтар жәндіктер кішкентай аңдар өсімдіктер құрттар 3-сурет – Топырақтың пайда болуы 5-кесте – Топырақ түзуші факторлар
15-тапсырма. Иммунитет Жақсы иммунитет адамның көтеріңкі көңіл-күйін білдіреді, вирусты немесе бактериялы инфекциялық аурулар жұқтыру ықтималдығын азайтады. Егер адамды өз организмінің қорғаныс күштерінің жағдайы мазалайтын болса, иммунолог дәрігерге баруы және иммунограмма тапсыруы тиіс, ішектерінің микрофлорасының құрамын зерттеуі қажет. Иммунитеттің әлсіреген жағын анықтап, оны қалыпқа келтіруі тиіс. Тез шаршағыштық, әлсіздік, ұйқысыздық, сонымен қатар ерінде ұшықтың, көзде теріскеннің, арқа терісінде шиқанның шығуы – адам организмі қорғаныс күштерінің әлсіреуін көрсетеді. Ангина, тонзиллит, құлақтың қабынуы, гайморит тәрізді инфекциялық аурулармен ауруға бейімділігі артады. Сонымен бірге организмнің жасалып жатқан емді қабылдауы бәсеңдейді, сауығу үдерісі созылып кетеді. 1-сұрақ. Иммунитетті қалпына келтіру – адамның өз организміне қамқорлықпен қарауды талап ететін кешенді үдеріс. Иммунитетті нығайтудың тәсілдері (өз ойларыңызды жазыңыздар): 1. Ұйқы – 2. Дұрыс тамақтану – 3. Белсенді дене шынықтыру әрекеті – 4. Күйзеліс әсеріне шектеу қою – 2-сұрақ. 7-кестеде келтірілген мысалдардың қайсысы иммунитетті қалпына келтіруге көмектеседі? (Ия/жоқ). 7-кесте – Иммунитетті қалпына келтіру жолдары
16-тапсырма. Назгүл алма және лимон шырынымен эксперимент жасамақ болды. Ол алманы екіге бөліп, кесілген жағымен жайпақ ыдысқа салды. Алманың бір бөлігіне лимон шырынын сығып тамызды. Біраз уақыттан кейін лимон шырынымен «қорғалған» бөлігінің ақ қалпында қалғанын, ал алманың «таза» бөлігі қарайғанын байқады. Алманың «таза» бөлігі неліктен қарайды? 17-тапсырма. Оқушылар тауықтың жұмыртқасымен келесі тәжірибелерді жасап, қорытынды жазды. Тауықтың шикі жұмыртқасын суы бар жарты литрлік шыны ыдысқа салды. Жұмыртқа шыны ыдыстың түбіне түсті. Жұмыртқаны алып шығып, сол суға 2 ас қасық тұз салып жақсылап араластырды және жұмыртқаны тұз араласқан суға қайтадан салды. Жұмыртқа батпайды, судың бетінде қалықтап жүреді. Себебін түсіндіріңіздер. 18-тапсырма. Биология сабағында мұғалім: адам орманға барғанда тынысы кеңіп, жеңіл демалатынын айтты. Оның себебі өсімдіктер адамның тыныс алуына қажетті оттегін бөледі. Өсімдіктердің оттегін бөлетінін дәлелдеу мақсатында келесі тәжірибені ұсынды. Ауа кіргізбейтін қақпағы бар биік, мөлдір шыны ыдыстың ішіне арнайы ыдыста өсіп тұрған өсімдікті (немесе өсімдіктің бір бұтағын) салып қойды (суреттегідей). Оны жылы, жарық жерге қойды (егер өсімдік оттегін шығаратын болса, шыны ыдыстың ішінде ол көп болуы тиіс) (6-сурет). 6-сурет – Шыны ыдыспен жабылған өсімдік 1-2 тәулік өткеннен кейін мұғалім оқушыларға «шыны ыдыстың ішінде оттегі жиналды ма?» деген сұрақ қойды. Сұрақ: оттегінің бар екенін дәлелдеңіздер. 20-тапсырма. Жалғыз аяқ (соқпақ) жол бойындағы өсімдіктер неліктен өліп қалады? Жауапты бірнеше нұсқада беруге болады. 21-тапсырма. Құм, балшық, қарашірік, минералды тұздардың әрқайсысынан бірдей мөлшерде алынған. Олардың бәрі араластырылып, онда аз мөлшерде су құйылған. Дайын болған қоспаны топырақ деп айтуға бола ма? Неліктен? 22-тапсырма. Ауа райының ыстық болуы және жаңбырдың ұзақ уақыт болмауы жағдайында бау-бақша өсімдіктерін суарады. Құйылған су буланып кеткеннен кейін өсімдіктің түбіндегі топырақта жарықтары бар «қабыршықтар» пайда болады. Қандай жағдайда өсімдіктер жақсы өседі: 1. Келесі суарғанға дейін «қабыршықтарға» тиіспеген жағдайда. Ия/жоқ. 2. «Қабыршықтарды» күн сайын қопсыту арқылы топырақты бұзып отырған жағдайда. Ия/жоқ. 23-тапсырма. Батпақты жерлерде өсімдіктердің дамуы үшін су жеткілікті, алайда өсімдіктердің өсуі мен дамуы нашар және баяу. Неліктен? 24-тапсырма. Бөтелке ішіндегі жұмыртқа 7-сурет – Бөтелкедегі жұмыртқа Бұл көпшілікке жақсы белгілі, классикалық тәжірибе. Бұл тәжірибенің жасалып жүргеніне жүз жылдан астам уақыт өтсе де, әлі күнге дейін өзінің құндылығын жоймаған. Тәжірибені өткізу жолы: кең ауызды бөтелкенің аузына сұйық май жағамыз; қағазды жағып, бөтелкенің ішіне жылдам саламыз (бұл әрекетті жасау барысында саусақтарыңызды күйдіріп алмас үшін, абайлау қажет); қабығынан аршылған тауықтың піскен жұмыртқасын бөтелкенің аузына қоямыз (жұмыртқа бөтелкенің аузынан әлдеқайда үлкен болуы тиіс); жанып жатқан қағаз бір секундтан кейін сөніп қалады, ал жұмыртқа белгісіз ғажайып тәсілмен бөтелкенің ішіне түседі. Тәжірибенің нәтижесін түсіндіріңіздер. 28 -тапсырма. Құмырсқалар Құмырсқалар Жер шарында кеңінен таралған, тек Қиыр Солтүстік пен Антарктидада ғана кездеспейді. Құмырсқаның он мыңдай түрі бар. 10-суретте құмырсқалардың бірнеше түрлері көрсетілген. 10-сурет – Құмырсқалардың түрлері Адам іс-әрекетінде құмырсқалардың өзіндік орны бар. Мысалы Оңтүстік Қытайда цитрустық жемістер өсіру барысында зиянкестермен күрес жүргізу үшін тоқымашы-құмырсқаларды пайдаланады. Құмырсқалардың пайдасы туралы мысалдар келтіріңіздер. 31-тапсырма. Микроорганизмдер Цианобактериялардың қалдықтары жер бетінде табылған (жасы 3,5 млрд жылдан астам) ежелгі микроорганизмдерге жақын. Оларды кейде көкжасыл балдырлар деп те атайды. Осы ядросыз ағзалардың жалғыз жасушасы екі немесе бірнеше бөліктерге бөлінеді (13-сурет). Әр бөлігі толық қызметті ағза болып табылады. 13-сурет – Ядросыз ағза жасушаларының бөлінуі 1-сұрақ Егер екіге бөліну жолымен көбейген болса, 15 көбеюден кейін көкжасыл балдырлар қанша болады? A. 32768. B. 16587. C. 12.554. D. 14548. 2-сұрақ Қандай көбею өзге ағзалармен тұқымқуалаушылық ақпарат алмаспай өз бетімен жүзеге асырылады? A. Жыныссыз түрде. B. Вегетативті түрде. C. Фрагментациялану арқылы. D. Прогенез түрінде. 3-сұрақ Адамның терісі үнемі жаңарып отырады. Қайсыбір ағзалар бүтіндей органдарды да қалпына келтіре алады. Зақым келген жабындар мен органдарды тірі ағзалардың қалпына келтіре алу қабілеттері регенерация деп аталады. Төменде келтірілген жыныссыз көбею тәсілдерінің қайсысы регенерацияға негізделген? A. Споралармен көбею. B. Тамырланып көбею. C. Фрагментацияланып көбею. D. Вегетативті көбею. 32-тапсырма. Ұлулар барша әлемге кең таралған тіршілік иелері (14-сурет). Олардың түрлерінің басым бөлігі тропикалық және субтропикалық теңіздерге таяу жерлерде өмір сүреді. Ұлудың түрі баршамызға таныс: жалпақ тегіс «аяғы», қос жұпты мұртшалары мен екі көзі бар. 14-сурет – Ұлу 1-сұрақ Ұлу раковинасының түсі сары-қоңыр түстен ақшыл-қоңыр түске дейін кездеседі. Раковина түсі қандай жағдайға тәуелді? A. Қабылданатын азыққа. B. Жасына. C. Раковина формасына. D. Раковина иіріміне. 2-сұрақ Ұлудың жасын қалай ажыратады? A. Раковина жиегінің қалыңдығынан. B. Бұлшықет жиырылуынан. C. Раковина түсінен. D. Раковина формасынан 1-тапсырма. Жануарлар. Жануарлар (латынша animalia) – тірі организмдер дүниесіндегі негізгі екі топтың бірі (екіншісі – өсімдіктер), жүруге және сезінуге бейім, органикалық дайын қосылыстармен қоректенетін тіршілік иесі. Жануарлар құрылысына қарай бір жасушалы және көп жасушалы болып екі топқа бөлінеді. Олардың дамуы қоршаған ортаның эволюциялық дамуына сәйкес қалыптасқан. Эволюциялық өзгерістер жануарлардың сыртқы ортаның өзгерісіне бейімделуіне байланысты болады. 1-сұрақ. Неліктен құрлық жануарларының арғы тегі су жануарлары болып саналады? 2-сұрақ. Балықтар су жануарлары, неліктен олар құрлықта тіршілік етпейді? 3-сұрақ. Неліктен жануарларды үй жануарлары және жабайы (дала) аңдары деп екі топқа бөледі? 2-тапсырма. Жануарлар. Жануарларда ас қорыту, қан айналу, жүйке жүйесі, сезім және жыныс органдары, тыныс алу, зәр шығару жүйесі жақсы жетілген. Дүние жүзінде жануарлардың 1,6 миллиондай түрі және 17 типі бар. Жануарлардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы өте зор, олардың көпшілігі пайдалы болып табылады. 1-сұрақ. Жануарлардың адам өміріндегі маңызы қандай? А. Азық-түлік, әр түрлі өнеркәсіп шикізатын береді. В. Жануарлардың адам өміріне келтіретін ешқандай пайдасы жоқ. С. Ауыл шаруашылық дақылдарын тозаңдатады. D. Басқа жануарларға азық қоры. 4-тапсырма. Вокансонның үйрегі және Гёте Ағылшын мәтелі: «Егер бір нәрсе үйрекке ұқсаса, үйрек сияқты барылдаса және үйрек тәрізді жүзсе, онда ол – үйрек» - дейді. 29-сурет – И.В. Гёте және робот-үйрек Оң жақтағы суретте француз механигі және өнертапқышы Жак де Вокансонның 1739 жылы құрастырған механикалық робот-үйрегі бейнеленген. Бұл үйрек барылдайтын, қарапайым құстың жүрісіне ұқсастырып жүретін және ең қызығы балық жейтін және дәретке отыратын болған. Өз көзімен көрген адамдар роботтың шындығында тағамды қорытпайтынын байқаған. Бәлкім, механикалық үйректің артқы жағынан дәрет салып қойып отырған шығар, ал аузы арқылы түскен тағам оның ішінде қала берген (29-сурет). 1805 жылы ең қызық оқиға болған, себебі үйректі көруге неміс ақыны Иоганн Вольфганг Гёте (сол жақтағы сурет) келген. Кездесу оншалықты табысты болмады, ақынның айтуынша: «үйрек қаңқа тәрізді болып көренеді және оның ас қорытуында күрделі проблема бар». Сіздердің ойларыңызша, Вокансонның өнертабысын үйрек деп санауға бола ма? Өз ойларыңызды логика және биология тұрғысынан дәлелдеңіздер. 6-тапсырма. Қасқырлар. Сіздердің алдарыңызда суретші А.Н. Комаровтың «Қасқырлардың үйлену тойы» атты суреті (1936 ж.) бейнеленген (30-сурет). Бұл суреттен қасқырлардың арасындағы қарым-қатынастың қандай ерекшеліктерін байқауға болады? Өз ойларыңызды жазыңыздар. 30-сурет – Қасқырлар 7-тапсырма. Птеродактиль «Жоғалған әлем» фантастикалық фильмінің кейіпкері профессор Челленджер Жоғалған әлемнен птеродактильдің (31-сурет) екі жынысының бірнешеуін алып шықты. 31-сурет – Птеродактиль 1-сұрақ. Оған негізгі мекенінен тысқары жерде птеродактильдердің популяциясын сақтап қалу үшін қорықты қалай ұйымдастыру қажет? 2-сұрақ. Ол қандай проблемаларға тап болуы мүмкін? 8-тапсырма. Птеродактильдер Птеродактиль – бұл плацентарлық сүтқоректілер отрядына жататын ұшатын динозавр. Птеродактильдер үшін бас сүйегі тым ұзын әрі жеңіл болуы тән. Сонымен қатар олардың мойын омыртқасы созылыңқы және мойын қабырғаларынсыз болған. Қанаттары жалпақ әрі мықты, ал ұшуға қажет саусақтары ашылмалы-жиылмалы болған. Ірі түрлерінің қанаттарының құлашы 8 метрден 12 метрге дейін жеткен. Егер қазіргі кезде птеродактильдер болған болса және оларды қолға үйретсе... Оларды қандай мақсатқа қолдануға болады? Өз жобаларыңызды ұсыныңыздар |