Ситуация семіздік. Сратар мен тапсырмалар
Скачать 17.05 Kb.
|
Науқас Р. 52 жаста, толқуларға, ұйқысыздыққа, тітіркендіргіштікке, әлсіздікке, шаршағыштыққа, ұйқышылдылыққа, бас ауруына, есте сақтау қабілетінің төмендеуіне, жүрген кезде жүрек аумағындағы периодтты түрде аурсынуға, тоңғыштыққа шағымданады. Объективті: іш қатуға бейімділік бар, дене салмағының ұлғаюына мазасызданады, өзін төрт жыл бұрын етеккір тоқтатқаннан кейін толық деп есептейді. Емделмеген. Объективті бойы 167см салмағы 110 кг. Тері асты май қабатының таралуы бірқалыпты. Терісі құрғақ, беті ісінген, сирақтары табандары, білезіктері ісінген. Ісінулер тығыз суық. Қолтық асты шұнқырындағы, қасағадағы түктері сирек. Басындағы шаштарының, қастарының сыртқы бөлігіндегі түктерінің мөлшерлі түсуінің байқалады. Қалқанша безі ұлғаймаған. Пульс 55 рет, ырғақты.АҚҚ 165\80 мм с.б.б. Жүректің сол шекарасы- сол бұғана орта сызығы бойынан 2,0 см сыртқа. Жүрек тондары едәуір әлсіреген, қолқа үстіндегі II тон металлды дыбыспен. Өкпеде везикулярлы тыныс, әлсіреген. Іш қуысмүшелері өзгеріссіз. Қосымша зерттеулер: ҚЖА гем -95, ЖЗА өзгеріссіз. Қандағы холестреин 9 ммоль\л. Қан плазмасындағы натрий 134 ммоль\л. ЭКГ-да синусты ритм, P, R тісшелерінің вольтажының төмендеуі, T V 4-5 тісшесі теріс. Гистологиялық анализ (қалқанша бездің пункционды биопсиясының нәтижесінде: лимфоидты элементтер, плазмалық клеткалар, Гюртля –Ашкенази эзионофльді клеткалар) Сұрақтар мен тапсырмалар: Семіздік типін және дәрежесін анықтаңыз. Май алмасудың зерттеу нәтижелерін бағалаңыз. Қосымша зерттеулерді тағайындаңыз. Науқасқа төменгі заттардан қайсы көрсетілгенін анықтаңыз: а) эстрадиол, б) прогестерон в) резерпин, г) дихлоти азид (гипотиазид) д) фуросемид, е) эуфиллин ж) тиреоидин з) бромокриптин (парлодел) и) нитронг к) целанид (изоланид ); л ) L –тироксин. 1. Қалқанша безінің гипофункциясы фонындағы III дәрежелі семіздіктің эндокринді түрі (артық салмақ – 49,7 кг, ол 82,4%). 2. Диагнозы: Аутоиммунды тиреоидит, атрофиялық түрі. Миокард дистрофиясы. NKIIA. ІІІ дәрежелі семіздіктің эндокриндік түрі. Патологиялық климактериялық синдром. Гипотиреоздың клиникалық көрінісі: - алмасу-гипотермиялық синдром. - микседематозды ісіну - энцефалопатия - Жүрек-тамыр жүйесінің зақымдану синдромы. - анемиялық синдром.Эстроген тапшылығының клиникалық көрінісі. 3. Гипотиреозға тән май алмасуының зертханалық бұзылуы қан плазмасындағы холестериннің жоғары мөлшерімен расталады (N - 4-5,2 ммоль / л). 4. Қосымша зерттеулер: - Біріншілік гипотиреоздың екіншіліктен дифференциалды диагностикасы үшін тиролиберинмен (250 мкг) сынама жүргізіледі.15 минуттан кейін біріншілік гипотиреозда ТТГ гиперергиялық бөлінуі пайда болады. Екінші гипофизбен) - ТТГ бөлінбейді, ал үшінші (гипоталамус) - ТТГ деңгейі ынталандырудан кейін 90 минуттан кейін ғана көтеріледі. - Қалқанша безінің ультрадыбыстық зерттеуі; - ТТГ және қалқанша без гормондарының деңгейін зерттеу (бос Т4; Т3); - тироглобулинге, микросомалық антигенге антидене титрін анықтау (қалқанша безінің пероксидазасы); - Қалқанша безінің радиоизотопты сканерлеуі. - жамбас мүшелерінің УДЗ, маммография, кольпоскопия, сарысу ФСГ. 5. Емі: гипокалориялық диета, қалқанша безінің гормондары, гормондарды алмастыратын терапия. |