Аотра. Қырыққа келгенде біздің елдің Есенейі сен боларсың. Сратар мен тапсырмалар
Скачать 28.38 Kb.
|
Сұрақтар мен тапсырмалар 1.«Қырыққа келгенде біздің елдің Есенейі сен боларсың. Оған дейін сен менің Есенейім бола тұр...» − дейді [7, 103]. Осыны істетіп отырған Есенейдің кеңдігі, жомарттығы басым ба, жоқ әлде, өз басынан дәурен өтіп бара жатқанын сезгендіктен, сол есенейлік біржола құрып кетпесін деп, көзі тірісінде бір сенімді қолға тапсырып қоюға бекінген өзімшілдіктің ішкі есебі басым ба? 2.– Жоқ. Мен Өреліде тұрамын, ол кісі Сөреліде тұрады. Арамыз құдайға илансаң, жеті жылдық жол.Есенейдің жұмбақтап айтқанына Ұлпан ойланбай-ақ түсінді» Есенейдің жұмбақтаған жауабының астарында не бар? Ұлпан үшін маңызды ма? 3.«Қатал еді, озбыр еді, енді жан-жүрегі жібиін дегені де. Мың жаса, алтын Ұлпаным!». Бұл кімнің сөзі ? 4.Керей-Уақ елі жарлы-жақыбайлардың бұл сөзәнен нені аңғара аламыз? Оған Есенейдің қатысы бар ма? «Мырза келін-ай, сен келдің де көзім ашылды ғой». 5.«Жатсырап кеткен екенмін. Ұлпан өз еліме өзімді қайта табыстырып жүр». «Елге ең керегі Есенейдің бұғау-тұсауынан босану екен. Ұлпан сол бұғауды бұзып, сол тұсауды сыпырып тастағандай болды.» [7, 108]. Берілген автор баяндаулары арқылы оқырман Есенейді және Ұлпанды қалай таниды? 6.Кенжетай Есенейдің әрі атшысы, әрі имамы, анығырақ айтқанда, сабыршысы - суфлері. Намаз дұғаларын ол Есенейге естірте айтып тұрады. Араб тіліндегі дұғаларға тілі де келмейді, жаттап та ала алмайды. Араб тілінде төрт түрлі "з", үш түрлі "с", екі түрлі "х", екі түрлі "г" бар. Есеней мұның бірін де дұрыс айта алмайды. Сондықтан Кенжетай намазды Есенеймен қатар тұрып, дұғаларды Есенейге қарай бұрылып, түгел естірте оқиды. Оқиға қай жерде , қай бөлімде орын алған? Есенейдің намаз оқуына не түрткі болды деп ойлайсың? 6.Есеней діндар адам болғанымен бір кезде аса адуын, озбыр би болатын. Орыс шекарасына қарасты Нұралы деп аталатын момын елдің барлық жерін тартып алып, елді далаңқы жайлауға айдап тастайды. Міне, осы елдің қарғысы − келесі жылы екі ұлы қара шешек деген аурудан бір күнде, бір сәттің ішінде өліп кетеді. Балаларының өліміне Есенейді кінәлауға бола ма? 7.Ұлпанжан, менің еншімді бөліп бергені несі деп ойлап қалма. Бұл еншің емес, сыйлығым. Басқа дүниені екі Есеней бірге билерміз. Мына қосты өзің оңаша биле, - деді. — Алдымен кемпір-шалымыз еш нәрседен тарықпасын, маған сол болады. Мен баласы жоқ, үрпақсыз қалған адаммын. Ұлым да, қызым да, жарым да жалғыз сенсің, күнім... Күнімдей жарқырап, ел жұртыма кейде айбынды, кейде мейірімді қарап ордамызды жалғыз толтырып отырсаң, құдайдан сұрар басқа бір тілегім жоқ Есеней неліктен Ұлпанға билікті берді деп ойлайсың? 8.Есеней би алды тар, қатал адам, бет-аузы жолбарыс сияқты қара шұбар, күле білмейтін ызғарлы адам дегенді Шынар көз алдына елестете алмайтын. Ал қалжыңнан кейін, әсіресе, Есенейдің өзі айтқан қалжыңдарына Шынар таңырқап тамсана қарап отырды. Ұлпан Есенейді "Есенейім", "Жолбарысым" деп те атай береді. Күле білмейтін адамды күлімсіретіп қарату − үлкен еңбектердің бірі болу керек. Сол бір еңбек Ұлпанның қолыннан келді. Есеней оған күлімдей қарады. Күле бермейтін адамды күлімсіретіп қарату деп баяндауы арқылы автор Ұлпанның қандай қырын танытты деп ойлайсың? 10. Ақнарым, сен мені адам қыла бастадың, - деді аттанарда. - Жоқ, Есеней, сен көлеңкең күндік жерге түсетін бәйтерексің. Мен сенің саяңда шырылдаған бозторғаймын. Менің құдайдан бірінші тілегім сенің амандығың! - деді Ұлпан. - Сенсіз мен кім болар едім?... Адам қылы бастадың деуі нені білдіреді? Ұлпанның жауабын өз сөзіңмен түсіндір. 11.Ұрпақсыз өтетін болса ол өз алдына бір қасірет, мен олай-бұлай болып кетсем, Ақнардың күні не болар деп қайғырады. Баласыз әйел − панасыз әйел. Қазақ дәстүрінше, шариғат бойынша баласыз әйел өз үйіне өзі ие деп саналмайды. Әәсіресе, жесір қалған әйел "аға өлсе − іні мұрасы, інісі өлсе − аға мұрасы". Мұны әлі орыс заңы да өзгерте алған жоқ. Оның есесіне Еменалы есіне түсіп кетсе, діріл де күшейе түседі. Есенейдің бұлай ойлауына не себеп деп ойлайсың? Есенейдің қай қырын танытады? 12.Екінші рет жиналыс болғанда Есеней қатты сырқаттанып жатқандықтан мәжіліске қатыса алмайды. Сондықтан Ұлпан қатысып, сөзін былай бастайды: - Мен мұндай жиында сөйлеп көрген емеспін... Не айтсам да, қалай айтсам да ұзын - ырғасы Есенейдің сөзі. Қазақ біреудің жүйрік атына қызықса да құда бола салады. Болыс - би сайлауларының тұсында оңдаған бай үйлер құда болысып қалады. Әлі тумаған балаларды атастырыпаманат - құда болатындары да бар. Би - болыстардың қайта сайланар кезі жақындап қалған ба, немене, өткен түні біздің ауылда отырып екі би, үш болыс құдаласып қалыпты. Әйел тағдыры дегендеріңіз осыдан басталмай ма? Есенейдің бірінші тапсырғаны - балалар ер жетіп, бірін - бірін көріп, ұнатса ғана құдалық басталатын болсын. Қазақ қызы бетін жасырмайды. Көшпелі елдер жылда араласып отырады... көрісіп, білісу қиын емес. Қазақта «қыз көру" деген жөн - жосық бар еді ғой. Соны әдет - ғұрпымызға айналдырайық. Екінші, әмеңгерліктің қай түрі болса да жойылғаны дұрыс болар еді. Сіздер әмеңгерлікке ұшыраған әйелдің бақытты болған біреуін атай аласыздар ма? Жоқ, атай алмайсыз! Мен ондайдың отпен кіріп, күлмен шығатын күң болған жүзін атай аламын. Есенейдің өз елінде де толып жатыр. Шығарманың қай тұсында болған оқиға? Неліктен Есеней қатыса аламады? Қандай оқиға орын алып еді? 13.Барлық міндеті кісіде, күні- түні күзетте тоғыз жыл жатып, Есеней былтыр қайтыс болды. Қол-аяғынан жан кетіп, Есеней де Артықбай батырға ұқсап сал болып қалып еді. Қол-аяғы қалшылдап- селкілдеп бар денесін теңселтті де жатты. Қол ұстаудан, аяқ басудан біржола айрылды. Көп өмірі жорықта өткен, көп жараланған адам еді, әлдеқай жерінің жүйке тамыры үзіліп кеткенін кім білсін, өзі де тоғыз жыл азаптанды, Ұлпан да тоғыз жыл азаптанды. Ұлпанның қай мінез-құлқын таныта алды? 14.Ұлпан бұл кезде қара жамылған қаралы әйел. Үйінен шыға алмайды. Есеней ауырып жатқан жылдарда бұрын басталған істері аяқталып қалды. Алты ауыл Сибанды Есенейдің қазаны мен қолына қарап телміріп отырудан біржола құтқарды. Қашаннан бері Есенейдікі болып келген кең жерді әр ауылға бөліп берді. Мұнысы жалғыз бұл ел емес, жалпы Сібір қазақтары үшін жаңа бір үлгі еді. Оның аты не екенін Ұлпан өзі білген емес. Кедейлік жаншып, ділгірлік сорына белден батып отырған жоқ-жітікке жаны ашыды да, қолдан келерін істеді де берді. Қазір Есенейдің малы екі есе азайды, оның есесіне ел Сибанның малы он есе көбейді. Әр үй өз текесін, өз айғырын мақтасып отырады. Ұлпан елдің Есенейі бола алды ма? 15.Ел аздап егін салады, шеп шабады. Бала-шаға дірдектеп қыс бойы киіз үйде отырмайды, жылы қысқы үйде отырады. Әсіресе, осы қысқы үй үшін ел-жұрты Ұлпанға қатты риза. Ұлпанға ризалығының себебі неде? 16.Есенейді жұрт құрметтейтін де еді, қорқатын да еді. Ұлпанды жұрт әрі құрметтейді, әрі жақсы көреді. Бұдан он жыл бұрын Ұлпанға сұрана келуші еді, осы күні ақылдаса келеді. Есенейге кімнің батылы барып ақылдасам деп ойлаған! Екі кейіпкерге қатысты баяндау арқылы автор нен айтқысы келді? 16.Біжікен таң ата қайтыс болды. Тегі сол соқырішек жарылып кеткен болу керек. Іші күмп болып көтеріле-көтеріле екі өкпені сығымдап, тыныс жолы құм құйылғандай тарыла-тарыла аяғында біржола бекіліп қалды. Шеше мен баланың жасқа толы көздері біріне бірі дәрменсіз қадалысып, бірін бірі бұлдыр көріп бара жатып қош айтысты. Біжікен кім? 17.Жасырып келген сырын Біжікен шешесіне жарық дүниеден үміті үзіліп, жаны алқымға келгенде ғана айтып кетті: — Торсан бұзық адам екен... енді менің денеме... соның қолын... тигізе көрме, апа! —деді. Біжікеннің бұлай деп айтуына не себеп болды. Шығарма негізінде дәлелде. 18.Біжікен мен Торсанның аты аталғанда Ұлпанның көз жасы төгіліп кетеді. Өлім қайғысына Біжікеннің ең соңғы айтқан қайғысы келіп қосылады. «Торсан бұзық адам» деп не себептен айтты екен. Біжікен жоқтан өзгеге өкпелей береткісін шетін жанды жас емес еді. Біжікеннің ауылға жалғыз қайтқанында үлкен бір себеп барын нағып байқамағамын. Біжікен де өзім сияқты, көзі жетпей тұрып көңілі қалмаушы еді ғой! Көңілі бір қалса қайтуы да жоқ еді. Байғұс бала Торсанның бір күнәсін кешіре алмай кетті. Онысы не болды екен? Қалай ойлайсың, Біжікеннің таңдауына Ұлпанды кінәлауға бола ма? 19.Торсан Біжікенді жерлеп болғаннан кейін келген. Қайғырып келді. Көп өкінді. Екі-үш күн зират басынан кеткен жоқ. Күйрек жанды адам болу керек, бозарып, жүдеп кетті... Енді оның бар ойы жалғыз қалған шешеге қамқорлық көрсету болып қалғандай еді. Өзі өлердей қайғы жұтып жүріп, бар баққаны, бар күтері Ұлпан болды да қалды. Торсан кім? Торсан өзін Біжікеннің өліміне кінәлы санады деп есептейсің бе? 20.Қасында жарқырап киінген бір төресі бар Торсам Ұлпанға жақындап келіп: — Апай, ренжімеңіз... үлкен үй толы қонақ... ренжісеңіз де сіз қонақ үйде боларсыз,— деді. «Бұрын «апа» деуші еді, бұл жолы әдейі жатсыратып «апай» деп тұр. Ұлпанға не ауыр тиді? Шығарманың қай бөлігінде орын алған оқиға? 21.Есік алдында қозғалмай тұрған Жәуке де жарылмай қала алмады: — Неменесін мәймөңкелейсің!—деді Торсанға қадала қарап.— Бір кісіге бір бөлме аз болады деп тұрмысың? Біз екеуміз де бір бөлмеде тұрып келдік қой! Жәуке деген кім? 22.Жоқ, жоқ! Мен Ұлпанмын! Айғай салсам барлық Сибан атқа мінер еді. Әттең, сен хайуан Сибанның барлық басты адамдарын бір күнде «Итжеккенге» айдатып жіберуге шаман, келеді. Төрелеріңді соған жинап отырған боларсың! Мен Сибанның қай ауылының шетінде отыра беруге де арланбас едім. Әттең, зират басына барғанда өзім салдырған үйлердің қасынан кезімді жұмып өтемін бе? Неліктен Ұлпан дәрменсіз? 23.Әр түрлі ойлар бунай берді. Бастан кешкен қайғысыз-қайғылы күндер де тізбектеліп өтіп жатыр. Солардың бірі болып Есенейдің бір күйінгені де есіне түсті. Есеней ұзақ ауырып азаптанып жатып: — Ақнарым-ай, көрмеген азабың қалмады-ау!.. Обалыңа қалған екемін. Мұндай ит өмірден енді не күтіп жатырмын? Ана темір сандықты ашшы. Бір кішкене алтындатқан сауыттың ішінде аузы желімделген шыны болар. Соны алып берші... Бұл азаптың ініне біржола су құяйын! —деген. Ұлпан Есенейдің сұрағанын қолына алып тұрып: — У ма? — деп сұрады. — Жорықта жүргенде жау қолына түсіп қалсам керегі болар деп, жоңғар саудагерінен аттың құнын беріп алып едім. Тағы бірде Есеней кереге басында ілулі тұрған кісесін көзімен нұсқап: — Ақнар-ау, саған менің осынша қиналып батпай-ақ қойғаны ма? Ана бір сары кездікті ала салып, сол жақ өкпемнің тұсынан неге салып жібермейсің?! — деген. Есенейдің өзіне қол салмақ болуы Ұлпан тарапынан күтім болмағандығынан ба? Иә/жоқ. Шығармадағы оқиғамен байланыстыра талдаңыз. Кездік те, алтын сауыттағы у да содан бері Ұлпанның өз сандығында жата беретін. Қазір Ұлпан екеуін де сандығынан алып жастығының астына қойды. Ойланардың бәрі ойланып болған сияқты. Алдағы ит өмірден қимайтын еш нәрсе қалмапты. Оң қолы біресе кездікке, біресе алтын сауытқа тиіп жатып, Ұлпан байламын жасады. Бір сөзді адам еді, айныған жоқ... Бұрынғы өр мінезді Ұлпан қайда? Ұлпанның өзіне –өзі қол салуына қатысты пікірің қандай? Неліктен ондай қадамға барды деп ойлайсың? 24.Ұлпан тобы күздік көлге түс ауа, кешке жақын жетіп еді, өз ауылы орнында болмай шықты. Жүгіріп келіп Ұлпанның арбасын қоршап алған балалар үлкен бір қуанышқа сүйінші сұрағандай шуласып: — Апай, сіздің ауыл кеше көшіп кеткен... — Апам айтады — қысқы үйлеріне барып кіріп алыпты дейді. Өзге ауылдар орнынан қозғалмапты. Ұлпан балаларға кәмпит, бауырсақ үлестіріп берді де, Шынарды үйіне түсіріп, өзі амалсыз қыстауға қарап жүріп кетті. Күн әзір жылы. Әр орманның бауырында егін-шөп машиналары ән салып жүр. Үлкен бір себеп болмаса, қыстауға қона қоюға тым ерте. Ұлпанның жанашырлығы неде? 25.Ұлпан үлкен ағаш үйдің алдына келіп тоқтады да, таң қалды. Аула толы Ұлпан танымайтын Шәйгөз жігіттері. Төрелер түсетін үйдің айналасында ақ жағалы, жез түймелі, етіктері майлап алғандай жалтыраған адамдар қаптап жүр. Бір жиналыс бар екен ғой деп ойлады Ұлпан. Үлкен үйдің баспалдағында қарны қампиып Жәуке тұр. Орнынан қозғалар емес. Ұлпанды үйге кіргізбеу үшін есікті күзетіп тұрғандай екен. Әлдеқайдан Дәмелі шыға келіп: — Ұлпанжан, енді қонақ үйде тұратын болғансың,— деді, наразылығын жасырмай қатты дауыстап айтты. Дәмелі деген кім? Ұлпанға ауыр соққы болып тиген қай сөз? 26.Бұл диалог қай оқиғамен байланысты? - Түлен деген кісінің үлкен баласымын... өз атым Мырзагелді. - Е, Жесір сенікі екен ғой? - Ие, тақсыр... інім бала жасынан сырқаттау болушы еді... Қысқа қарай тіпті жүдеп бара жатқан соң көңілін көтереміз бе деп, қалыңдығын әкеліп берсек деп келіп қалып едік. Жігіттің түні бойы ойлап тапқан айласы осы-ақ. Інім ауру десем Есенейдің көңілі жібір, аяушылық етер деген. - Ауру адамға қатын әпере ме екен? - Көңілі көтеріле ме деген үміт қой... қалың малы түгел төленіп қойған соң жесір біздікі деп ойлағандық қой. 27.Есенейдің «Білмейтін, түсінбейтін істің айнымас құлы» болуына не себеп болды? 28.Неліктен Есеней түн ұйқысының қашуына себеп болған сезімнен құдайдан сыйынып құтылғысы келді деп ойлайсың? 29. Ұлпанның тұла бойы тітіркеніп кетті... бала мінезді болушы еді, қатты қорыққан екен, жас балаша жылады. Ерке болса да ер мінезді болушы еді, қорланып жылады. Үйіне қадірлі қонақтар келген күні ұятқа ұшырап қалдым-ау, деп ұялғаннан жылады» |