Насен Акбота Д-21. Модуль 3. Сратар Оу процесін йымдастыруды заманауи ралдары мен формалары
Скачать 27.96 Kb.
|
Насен Акбота Д-21 3-МОДУЛЬ: «Білім беру теориясы». Тақырып 5. Интегралды педагогикалық процестегі тәрбие құралдары, формалары мен әдістерінің жүйесі. Сұрақтар: 1.Оқу процесін ұйымдастырудың заманауи құралдары мен формалары. Оқу процесі əрқилы ұйымдастырылуы мүмкін. Оның ұйымдастырылу формалары да сан түрлі: сабақ (дəстүрлі түсінімде), дəрісбаян, семинар, конференция, зертхана-практикалық дəріс, практикум, факультатив, оқу саяхаты, курстық жоба, дипломдық жоба, өндірістік практика, өзіндік үй жұмысы, кеңес, емтихан, сынақ, пəн үйірмесі, шеберхана, студия, ғылыми қоғам, олимпиада, конкурс жəне т.б. Қазіргі заманда еліміз мектептері тəжірибесінде оқушыларға келелі тəлім-тəрбие берудің бірден-бір формасы да, құралы да– сабақ өз маңызын жойған емес. Сабақ – оқу процесін ұйымдастырудың ең тиімді формасы. Дəрісбаян – оқу процесінің өзіндік анайы құрылыммен танылған тəлім-тəрбие формасы. Семинар -меңгеріліп жатқан мəселелер, баяндамалар мен рефераттарды ұжымдық талқылау формасында өтетін оқу дəрісі. Оқу конференциясы – білім арттыру, бекіту жəне жетілдіруге бағытталған оқу ұйымдастыру формасы. Зертхана-практикалық сабақтар, практикумдар – оқушылардың мұғалімдер тапсырмалары жəне басшылығында зертханалық тəжірибе жұмыстар орындауына арналған оқу ұйымдастыру формасы. Факультатив сабақтар - оқу пəндерін оқушылардың өз таңдауы жəне қызығуларына орай тереңдете оқуына арналып, шəкірттердің ғылыми-теориялық білімдері мен практикалық ептіліктерін дамытуды көздейді. Курстық (жоба) жұмыс –оқу ұйымдастыру формасы ретінде жоғары мектеп жүйесінде оқу пəнін игерудің қорытынды кезеңінде пайдаланылады. Дипломдық жоба- білім беру мекемесіндегі бүкіл оқу процесінің аяқталу кезеңінде қолданылатын оқу ұйымдастыру формасы. Өндірістік практика - жоғары мектепте оқу процесін ұйымдастырудың көп формаларының бірі. Сынақ - міндет, мəні бойынша емтихандармен жақын оқу формасы. 2. Оқыту әдістерінің жіктелуі және олардың сипаттамалары. Әңгімелеу. Мұғалім оқу материалын бірізділікпен баяндайды. Ол үшін материалды айқын, сенімді етіп бейнелейді. Фактыға негізделген мәліметтер әңгімелеу түрінде сөз етіледі. Әңгімелеуде талдау, жинақтау тәсілдері пайдаланылады. Әңгімелеу әдісі көбінесе тіл, әдебиет, тарих сабақтарында қолданылады. Сабақтың қалған уақытында оқушылар мұғалімнің басшылығымен әр түрлі жұмыстарды өз бетінше орындайды. Әңгіме әдісі сабақта сұрақ-жауап формасы түрінде қолданылады. Сондықтан оқытушы алдын-ала жоспар жасап, онда сұрақтардың жүйесін мұқият ойластырады. Бұл білім алушылардың білімін тақырып бойынша логикалық бірізділікпен анықтауды қамтамасыз етеді. Әңгімені осылайша өткізу оқушылардың ойлау белсенділігін арттырады. Оларды басты және өте маңызды мәселелердің мазмұнын, өзара байланысын анықтауға талаптандырады. Оқушыларды болжауға бағыттайды, өз ойларын дәлелдеуге мәжбүр етеді. Әңгіме әдісінің барлық процесі өтілген оқу материалын жүйеге келтіруге және жинақтап қорытуға мүмкіндік береді. Түсіндіру. Мұғалім оқу материалын баяндауда оқушылардың белсенділігіне, ынтасына, білім деңгейіне сүйенеді, материалдың мазмұнын дәлелдейді, кейбір ережелердің, ұғымдардың, заңдардың мәнін ашады. Материалдарды түсіндіруге түрлі құралдарды, есептер шығаруды, жазып алуды кең түрде қолданады, оқушылар баяндау процесінде мұғалімнің сұрақтарына жауап береді, дәлелдеуге тырысады. Лекция. Басқа әдістерге қарағанда лекцияның көлемі, күрделілігі, логикалық құрылысы жағынан өзгешелігі бар. Сондықтан лекцияны бастар алдында оқушыларға нақты сұрақтардан тұратын оның жоспары ұсынылады. Лекция сұрақтар бойынша логикалық бірізділікпен баяндалады. Әрбір сұрақтан кейін қорытынды жасалады. Лекцияда кейбір тың, құнды ғылыми әдебиеттерде осы уақытқа дейін жарияланбаған мәселелер баяндалады. Сонымен бірге талас және жалған теориялар жөнінде нанымды түсініктер беріледі. Оқушылар баяндалған материалдардың мазмұнын, дәлелдемені, нақты мысалдарды, негізгі қорытындыларды жазып алады. Кітаппен жұмыс. Оқу жұмысында қолданылатын құралдардың бірі – оқулықтар. Олар білімді тереңірек игеру үшін пайдаланылады. Оқулықтардың көмегімен оқушылар сабақта немесе оқудан тыс түрлі жаттығуларды орындайды. Оқушылар мұғалімнің көрсетуімен білімдерін толықтыру үшін жаңа ғылыми мәліметтерді басқа баспа құралдарын іздестіру қажет. Олар: түпдеректер материалдары, ғылыми кітаптар мен журналдар, энциклопедиялар, жинақтар, анықтамалар. Демонстрация әдісі тәжірибелерді, приборларды, препараттарды, табиғи объектілерді, кинофильмдерді т.б. демострациялауға байланысты. Иллюстрацияәдісінің көмегімен оқушыларға иллюстративті құралдарды көрсетуге болады (плакаттар, карталар, суреттер, таблицалар, схемалар). Бақылау әдісін пайдаланып, оқушылар мұғалімнің тапсырмасы бойынша өз бетімен бақылау жұмысын жүргізеді. Бақылау мәліметтерін оқушы үнемі жазып отырады, ал оның нәтижесі сабақта талқыланады. Бұл әдіс жоғары оқу орнындағы көбінесе физика, химия, биология факультеттерінде кеңінен қолданылады. Лабораториялық жұмыстар. Бұл әдістер жабдықталған аудиторияларда мұғалімнің басшылығымен оқушылар табиғи құбылыстарды, заттарды зерттейді. Практикалық жұмыстар. Бұл әдіс оқушылардың әр түрлі іс-әрекеттерінде қолданылады. Жоғары оқу орындарында бұл әдіс жоғарыда айтылып кеткендей техникалық маңызы бар, яғни физика, химия сабақтарында кеңінен қолданылады. Графикалық жұмыстар. Олар оқушыларды шыдамдылыққа, дәлдікке, материалды графика арқылы бейнелеуге үйретеді. Сонымен қатар, олардың шығармашылық қиялын, ойлау қабілетін дамытады. Өзіндік жұмыс. Озіндік жұмыстар оның тапсырмасы, мұғалімнің әдістемелік басшылығымен, оның тікелей қатысуынсыз орындалатын жоспарға негізделген өзіндік жұмыстары. Бұл жұмыстарды орындау барысында студенттердің шығармашылық, танымдық іс-әрекеттері дамиды, өздерінің болашақ мамандықтарына ынталандыру проблемалары шешіледі, ең негізгісі өзінің уақытын ұтымды ұйымдастыра алады. Үй тапсырмасы. Студенттердің іскерлік қабілеті, дағдысы үй тапсырмасын орындау процесінде қалыптасады. Тақырып 6. Мұғалім мен балалар ұжымының өзара әрекеті. Сұрақтар: Балалар командасының даму кезеңдері. Балалар ұжымы – балалардың әлеуметтік тәжірибе жинақтайтын негізгі базасы болып табылады. Тәрбиеленуші тәжірибені отбасында, ұйымдаспаған мектептен тыс жағдайда құрдастарынан, жолдастарынан, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы, кітап оқу, т.б. ақпарат көздері арқылы жинақтайды. Тек ұжымда ғана оны меңгеру арнайы жоспарланады және бағытталады. Адамдардың еңбек іс-әрекетін ұйымдастыруда оның ролі өте жоғары. Сонымен бірге, ол балаларға дене және көркемдік потенциалдарын іске асыруға мүмкіндік береді. Бала тұлғасын дамытудағы ұжымның ролі оның өмірлік іс-әрекетті демократиялық тұрғыдан ұйымдастыруды практикалық жағынан игеруге мүмкіндік беруінде. Педагогикалық жағынан дұрыс бағытталған ұжым әлеуметтік құнды тұлғаның қалыптасуына және оның дербес ерекшеліктерін көрсетуіне жағдай жасайды. А.С. Макаренко бойынша ұжымның даму кезеңдері Бірінше кезең. Тәрбиеленушілерге тәрбиешінің талап қою кезеңі. Екінші кезең. Ұжым белсенділерінің ықпалы күшеюі. Үшініші кезең. Ұжымда қоғамдық пікір қалыптасуы. Тқртінші кезең. Берік игерілген ұжым тәжірибе арқасында оқушының өзіне талап қоюы, адамгершілік нормаларды сақтау оның қажеттілігіне айналуы. Л.И. Новиканың ұжымның қалыптасуын кезеңдеуі Бірінше кезең. Ұжымның бірігу кезеңі. Екінші кезең. Ұжымның барлық оқушыларды тәрбиелеу құралына айналуы. Үшініші кезең.Әлеуметтік тәжірибені түзету және әр тәрбиеленушінің шығармашылық даралығын дамытудың ұжымның қамқорлығына айналуы. Балалар ұжымын зерттеу әдістемесі. Мұғалімнің диагностикалық бағдарламасының бір нұсқасында «оқушылармен ынтымақтастықга бола алу қабілеті» критерийі –қазіргі мектеп мұғалімдерінің зерттеу іс-әрекеттерінін ең жоғары деңгейі және ол өзара ықпалдастыққа ұмтымдыратын жаңа тәсілдерді үнемі іздестіру, оларды қарым-қатынас жасауда колданудың мүмкіндіктерін байқай алу, басқа адамдардың көзқарастарын түсіне білуге тәрбиелеу аз уақыт аралығында және мұғалім мен оқушының ақыл-ойын, ерік-жігерін пайдалана отырып эмоционалдық күш салуымен оқыту мен тәрбиелеудің әдістерін үйлестіруді негіздей отырып қолдана алу. Сыныптағы білім беру жүйесі. Білім беру жүйесі - сабақтастығы бар білім беру бағдарламалары мен әр түрлі деңгей мен бағыттағы мемлекеттік білім беру стандарттары жүйесінің, оларды әртүрлі ұйымдастыру құқықтық формадағы, типтегі және түрдегі білім беру мекемелерінде іске асырушы тармақтардың, сонымен бірге білім беруді басқару органдары жүйесінің жиыны. Қазіргі өскелең өмір талаптарына сай, жастарға білім және тәрбие беру, оларды жан-жақты дамыту — қоғам алдында тұрған басты міндеттердің бірі. Білім беру - қоғам мүшелерінің адамгершілік, интеллектуалдық мәдени дамуының жоғары деңгейін және кәсіби біліктілігін қамтамасыз етуге бағытталған тәрбие беру мен оқытудың үздіксіз процесі. Сыныптың тәрбие жүйесі – бұл сыныптағы оқушылардың әрекеті мен дамуына жағымды, қолайлы жағдай қалыптастыратын, ықпал ететін өзара қарым-қатынастар мен тәсілдердің кешені. Тәрбие жүйесін қолдану тәрбие үдерісінің мақсатқа сәйкес , басқарылатын, нәтижелі, тиімді болып қалыптасуына әсерін тигізеді. Тәрбие үдерісінің ролі білім беру жүйесі үшін өте маңызды. Тәрбие жүйесін құруда ескерілетін жайттар: - оқушылардың қызығушылығы,қабілеті, қажеттілігі ; - педагогикалық ұжымның мүмкіндігі (мектеп қандай әрекет түрлерін ұйымдастыра алады), шығармашылық әлеуеті (потенциалы); - кез-келген ата-ананың білім мен тәрбиенің нәтижесіне мүдделігі болуы. Тәрбиенің негізгі педагогикалық ұстанымдары: 1. Сынып ұжымының жалпы тіршілік әрекетін қамтамасыз ететін міндеттерді шешуде сынып жетекші мен оқушылардың біріккен серіктестігі. 2. Тұлғаның жеке дара маңызды қасиеттерін тәрбиелеу: патриотизм, ұлтжандылық, жауапкершілік, қарым-қатынас мәдениеті, адамгершілік . 3. Рухани, жан-тәнімен жұмыс істеу, адамгершілікті қалыпты жағдай ретінде қабылдау . 4. Оқушыларды мәңгілік ,басым құндылықтарға бағыттау .Олар: Отан,отбасы, адам, білім, еңбек, мәдениет, бейбітшілілк, табиғат, адамгершілік, ақиқат, сұлулық т.б. Тақырып 7. Отбасы тәрбиесінің негіздері. Сұрақтар: 1. Отбасы тәрбие факторы ретінде. Отбасы барлық уақытта өсіп келе жатқан ұрпақтың тәрбиесі мәселелерін шешуде үлкен мүмкіндіктерге ие болған. Қазіргі заманғы отбасының өсіп келе жатқан ұрпақтың тәрбиесі мәселелерін шешудегі ерекшелігі – ата-ананың білім және жалпы мәдени деңгейінің жоғары болуы. Балалардың отбасындағы тәрбиесі оның белгілі бір тұрақты әлеуметтік институт ретінде анықталады, ол отбасы мүшелері арасындағы өзара қатынастардың қалыптасуы мен дамуына септігін тигізетін адамдардың жақындығы, туыстық қатынастар, өзара тұрмыстық өмір. Отбасы тәрбиесінің артықшылығы да осы қатынастарда, оны тәрбиенің ешқандай да түрі алмастыра алмайды. Отбасы – болашақ азаматтың әлеуметтену жолындағы алғашқы қадамдарын жасайтын бастапқы ұя. Ол балаға моральдық қалпы туралы алғашқы түсініктер береді, оны еңбекке баулып, өз-өзіне қызмет ету дағдыларын қалыптастырады. Ата-ананың іс-әрекеті мен мінез-құлқы, өмір сүру салты арқылы балаға дүниетанымдық, адамгершілік, әлеуметтік-саяси құндылықтар беріледі. Отбасы тәрбиесінің қоғамдық және мемлекеттік тәрбиеге қарағанда артықшылығы басым. Алайда, қазіргі қоғамдық өмірде болып жатқан әлеуметтік, экономикалық және демографиялық өзгерістер отбасыға белгілі бір қиыншылықтар туғызады. Өркениетті қоғам дамыған сайын отбасындағы бала саны азайып келеді. Аз балалы отбасында, негізінен, бір баласы бар отбасында ішкі отбасылық тәрбиенің ең басты жағдайы жоқ, ол – балалар қарым-қатынасы. Бір баланың тәрбиесі қосымша педагогикалық күш салуды талап етеді. Жалғыз балаға деген ата-ананың, әжесі мен атасының артық көңіл бөлуі оны белсенділігінен айырып, оның эгоистік жақтарының басым болуы. Толық емес отбасыларда, яғни ата-анасының біреуі жоқ отбасыларда тәрбиелік мәселелерді шешуде кейбір адамгершілік-психологиялық ыңғайсыздықтар болуы мүмкін. Мұндай отбасылардың көбінде ана және бала ғана болады. 2. Отбасындағы педагогикалық процесті ұйымдастырудың теориялық негіздері. Қазіргі кездегі педагогикалық психологияда танымал есімнің бірі С.В. Ковалев. Ол отбасы қарым-қатынасының мәселелеріне және олардың жасөспірімдерге тигізетін әсеріне үлкен көңіл бөлген. Осында ол психологтар мен педагогтардың жасөспірімдермен жұмыста, әсіресе нашар отбасылардың ішінде олардың үлесі ерекше екенін бағалады. Жасөспірімдермен қарым-қатынас кезінде маман отбасында ұлдар мен қыздарға деген жағымсыз әсерді түзету керек. Бұндай коррекциялық түзету жұмыстар қарым-қатынас мінездемесінің, олардың стильдері сияқты білімсіз мүмкін емес. Басу беделділігі. Балаға болмашы нәрсе үшін айқайлап, оның әр сұрағына дөрекі жауап береді, қол жұмсайды, баланың әр қателігін жазалайды. Бұндай беделділік зиян, ол баланың өтірік айтуын және қорқақтығын тудырып, балада қатыгездік пен еріксіздік тудырады. Алшақтық беделділігі. Бұнда ата-аналардың ойынша: балалар оларды тілін алу үшін, олармен азырақ сөйлесіп, алшақ ұстап, анда-санда бұйрып беріп тұру қажет деп ойлайды. Бұндай ата-аналарды балалардың өмірімен еш қиылыспайтын өз өмірлері, өз қызығушылықтары бар. Шын мәнінде, бұнда ешқандай тәрбие жоқ. Бөспе беделділік. Бұл ата-аналар өздерін маңызды санап, осы маңыздылығын өз балаларына әр уақытта көрсете отырады. Олар басқа адамдарға өркөкіректене қарап, олардан өзін және өз балаларын алшақ ұстайды. Педантты беделділік. Ата-аналар балалары олардың әрбір сөзін мұқият тыңдап, олардың сөзі өсиеттей болғанына сенімді. Әдетте олардың қорқатыны балаларының олардың қателік жасады деп ойлады. Баланың әрбір әрекетінде олар тәртіптің бұзылуын бұзып, жаңа заңдармен мазасын алады. Баланың өмірі олардың қызығушылықтары мен өсуі бұндай ата-аналардың назарынан тыс қалады. Резонерлі беделділік. Ата-аналар бала өмірін сансыз үйретулер мен өсиет әңгімелермен мазалайды. Бұндай отбасында қуаныш пен күлкі аз.Ата-аналардың тұрақты сөзшендігі бала санасында ешбір із қалдырмайды. Махаббат беделділігі. Ата-аналар әр мезет сайын өз махаббатын білдіріп, жылы сөз айтып, мейірім мен шапағат балаларға қардай жауады. Бала тіл алмаған жағдайда: демек, сен мені жақсы көрмейсін деп сұрай береді. Бала барлығын ата-анасының махаббаты үшін жасайды. Балалардың бұндай махаббатқа күші жетпей, өтірік істеп, ойынға айналдырады. Бұндай балалар шыңшыл емес, өтірікші эгоист болыа шығады. Мейірімділік беделділігі. Балалардың тіл алуы ата-аналардың жеңілдік жасауы мен жұмсақтығымен ұйымдастырылады. Олар барлығына ұрықсат беріп, конфликтілерден қорқақтайды. Тез арада бұндай отбасыларда балалар ата-аналарды билейді. Достық беделділік. Ата-аналар мен балалардың достығы бұнда шегіне жетеді. Балалар ата-аналарын тәрбиелей бастайды. Оларды атымен атап сөз ортасында бөліп тастайды, әрбір әрекетінде өздерінше үйретеді. Шын мәнінде бұнда достық жоқ, өйткені бұнда өзара құрметтеусіз болуы мүмкін емес. Сатып алу беделділігі. Беделділіктің ең әдепсіз тәртіптің түрі, мұнда баланың тіл алуы сыйлықтар мен уәде берулер арқылы сатып алынады. Балаларға тіл алуы, ата-аналарына жақсы қарым-қатынасы үшін сый берудің қажеті жоқ. Сыйды нақты бір істер үшін беруге болады: жақсы оқу, қиын тапсырманы орындауы және т.б. үшін. Алайда бұл жағдайда да алдын-ала сыйақы мөлшерін белгілемей, балаларды түрлі уәде берумен қызықтыруға болмайды. |